Бір бағытта қалып қою. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бір бағытта қалып қою

Оқу мақсаты:

4.5.1.9** бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шешу

4.3.3.2 нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс бағытын (бір-біріне қарама-қарсы, бірінен - бірі қарама-қарсы бағытта) анықтау

Бағалау критерийлері

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алады және қолданады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қуып жету қозғалысы,

бір бағыт бойымен қозғалыс

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

қуып жету және қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

)Кіріспе тапсырма

Сынып бөлмесіне формула, сызба, қозғалыс бағыттары жазылған парақтарды орналастыру. Оқушылар парақтарды топтастырады. Сұрақ

қою:

-Қозғалысқа байланысты қандай есеп түр-

лерін білесіңдер?

-Олардың қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?

Тақтаға бір бағытты қалып қою қозғалысына байланысты парақтарды ілу.

№1-2 слайдтар

Есептер жазылған парақтар.

Сабақтың ортасы

) 1. Бір бағыттағы қозғалыс

Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есепті оқушы-

лармен бірге талқылау. Есептің сұрағына жауап

беру үшін не білу керек екенін сұрау. Оқушылар

алыстау жылдамдығын анықтап, екі жаяу адамның арақашықтығын табады. Тұжы-

рымдама жасау.

Жауабы:

6 – 4 = 2 (км/сағ) алыстау жылдамдығы;

2 · 5 = 10 (км) жаяу адамдардың ара қашықтығы.

Жауабы: 10 км.

)Шығарып көр

Оқушылардан тапсырманы жекеше орындайды. Есептен қиындық туса, талдау өткізу . Оқушылар есептің шешімін дәптерлеріне рәсімдеп, жауабын жазады. Орындап болған соң жұпта

өзара тексеру өткізеді.

Жауабы:

350 – 310 = 40 (км\сағ);

40 · 6 = 240 (км).

Жауабы: 240 км.

(Ө) Теңіздің кішкентай балықтары

Есептерді өз беттерінше шығарады. Содан соң өзара тексереді. Есептерді бәрінен тез шығарған оқушыларға кері есеп немесе өзінің мәліметтерін алып, ұқсас есеп құрастырады. Бұл есептерді жылдам шығарған оқушылар, қалған оқушылар негізгі тапсырманы орындағаннан

соң, оларға өз есептерін бере алады.

Жауабы:

18 + (16 – 13) · 10 = 48 (м).

Жауабы: 48 м.

) Орындап көр

Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар

S + (V1 – V2) · t — форуласын қолданып кесте бойынша есеп құрастырады. Қозғалыс нысандарының арасындағы 1 сағат, 2 сағат, және 3 сағаттан кейін болатын арақашықтықты анықтайды. Топтар орындаған жұмыстарымен өзара алмасып, бірін-бірі тексереді және баға-

лайды.

) Ойлан. Оқушыларға тапсырманы топпен орындайды. Сызба бойынша есепті талқылап, қозғалыс бағыттарын анықтайды. Қозғалыс бағытына сәйкес формуланы қолданады. Әр топтың өкілі тақтаға жауабымен шығады, жауаптарын дәлелдейді.

Жауабы:

150 – (5 + 6) · 10 = 150 – 110 = 40 (м);

60 + (6 + 8) · 10 = 60 + 140 = 200(м);

(150 + 60) + (8 – 5) · 10 = 210 + 30 = 250(м).

Жауабы: 10 с өткен соң шыбын мен көбелектің

арақашықтығы 40 м, көбелек пен араның арақашықтығы 200 м, шыбын мен араның арақашықтығы 250 м болады.

Сен білесің бе? Оқушыларды қашықтықтың ежелгі өлшемдерімен таныстырып, оларды дәл санауға бола ма деп сұрау. Неліктен?

№3 слайд

№4 слайд

№5 слайд

№ 6 слайд

№ 7 слайд

№ 8 слайдтар

Сабақтың соңы

№9 слайд

№ 10 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу