Көптаңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Мәдени мұра

2А Көбейту және бөлу

2 сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зейнелова Гулнар Мараловна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Көптаңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Оқу мақсаты:

4.1.2.10** көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау

Бағалау критерийлері

Көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындайды.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көптаңбалы сандар, бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні, қалдық, тексеру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

  • Қалдықпен бөлуді қалай тексеруге болады?
  • Бөлінгішті табу үшін не істеу керек?
  • Көбейту амалын қолданып қалдықпен бөлуді тексеріп көріңдер

Жазу:

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды.

Құндылықтар

Халқымыздың мәдени мұрасын сақтауға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көптаңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ұ) «Жалқау сегіздер» жаттығуы. Оқушыларға ауаға көлденеңінен оң қолымен, сосын сол қолымен сегіз санын жазғызу. Одан кейін екі қолымен жазғызу. (бұл мидың жақсы жұмыс істеуін, есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі).

Әр балаға алдында жатқан кестені толтыруды тапсыру.

Мен не білемін?

Мен нені білгім келеді?

1

Көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлуді білемін.

Қызықты есептер шығаруды

2

....

....

Кестені толтырып болған соң әр топтан 2-3 оқушы шығып жазғандарын оқиды.

Кіріспе тапсырма

(Т) Топтарға мысалдар жазылған кеспеқағаздарды таратып беру.

Мысалдардың неге екі бағанға бөліп жазылғанын сұрау.

Оқушылар мысалдардың мәнін есептеп, екінші бағандағы мысалдардың қалдықпен бөлуге берілгенін анықтайды.

(Ұ) Сұрақтар қою.

Санды 2-ге бөлгенде қандай қалдық қалуы мүмкін екенін, 4-ке, 5-ке, 9-ға бөлгенде қандай қалдық шығуы мүмкіндігін, осыдан қандай қорытынды шығаруға болатынын сұрау.

(Қалдық әрқашан бөлгіштен кем болады)

Қалдық қайдан шығатынын (натурал сандарды бөлгенде бөлінгішті бөлгішке бөлу мүмкін емес жағдайда), қалдықпен бөлуді қалай тексеретінін сұрау.

(Ұ) Белсендіру

«Өшіргішке көмектес» айдары

Өшіргішке сандарды 4-ке, 5-ке, 8-ге, 9-ға бөлгенде қанша қалдық қалатынын айтып көмектесуді «Үндемес» ойыны арқылы ұйымдастыру. Тапсырманы көбейту мен бөлудің кестелік жағдайына сүйеніп қалдықтарды анықтауға болатынын ескерту.

Ойынның шарты: оқушылар ауызды мықтап кілттеп отырады. Мысалды шығарғанда және оны тексергенде сөйлеуге болмайтынын, жауап беретін оқушы мысалдың жауабын сөзбен емес, саусақпен көрсету керектігін ескерту.

Бағалау. Оқушылар жауап дұрыс болса, бас бармақты жоғары қарай, бұрыс болса, төмен қарай бағыттап көрсету арқылы бағалайды.

Жауабы:

Бөлінгіш

34

47

47

59

85

Бөлгіш

4

5

6

8

9

Бөліндінің мәні

8

9

7

7

9

Қалдық

2

2

5

3

4

Мысалдардың жауаптары тақтаға ілінеді.

Кері байланыс

Кестеге назар аударып, бөлгіш пен қалдықты ауызша салыстыру.

Қалдық бөлгіштен әрдайым кем болатынын пысықтау.

Оқу мақсатымен таныстыру:

  • Көптаңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайсыңдар.

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу және оны көбейтумен тексеру алгоритмі:

1. Бөлуді әрқашан жоғарғы разрядтан бастайды.

2. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықтаймыз, ... .

3. Екінші толымсыз бөлінгішті анықтаймыз, ... .

4. Үшінші толымсыз бөлінгішті анықтаймыз, ... .

4. Төртінші толымсыз бөлінгішті анықтаймыз, ... .

5. Төртінші толымсыз бөлінгішті бөлгішке бөлгенде артылып қалған сан қалдық деп аталады.

(Т) «Есепті дауыстап шығару» тәсілі

Топтағы бір оқушы есепті дауыстап шығарады, басқалар одан қалыспай шығару жолын дәптерлеріне жазып отырады. Осылайша топтағы барлық оқушылар кезекпен бір-бір мысалдан шығарып, оны бөлумен тексереді. Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада түсіндіреді.

Кері байланыс

Көптаңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлуде не қиындық келтіргенін сұрау.

Бағалау. Математикалық тілде дұрыс сөйлеген оқушыларды өзге топ оқушылары қол шапалақтау арқылы бағалауды ұйымдастыру.

(Ө) «Бөлінгіштер аралына саяхат» әдісі

«Бөлінгіштер аралына» саяхатқа шығатындарын хабарлау. Ол үшін барлық оқушылар бастарына қағаздан жасалған қалпақтарды киіп алады. Бір-біріне «Жол болсын!», «Ақ жол!», «Сәт сапар!» т.б. тілектер тілеп, жоғалған бөлінгішті іздеуге аттанады. Кім тез тапса, сол басындағы қалпағын шешіп, «Менде» деп дыбыс береді және бөлінгішті табу тәсілін түсіндіреді.

Жауабы: 1436 х 4 + 3 = 5747

546 х 7 + 5 = 3827

Тапсырманы екі нұсқада орындату. Бірнеше оқушының жауабын тыңдап, дұрыс орындаған оқушыны жұлдызша арқылы бағалау.

(Ж) «Бірлескен зерттеу» тәсілі

Оқушыларға қалдықпен бөлінетін өрнектерді теріп шығарту.

4598 : 9 = 510 (қ.9) 6787 : 8 = 8 (қ.3) 63877 : 8 = 7984 (қ.5)

Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп бағалайды.

(Ж) «Есепте»

Есепті жұпта талқылап шығарады.

  • Есеп не туралы?
  • Барлық алма туралы не айтылып тұр?
  • Оларды неше мәшинеге бөліп салған?
  • Әр мәшинеге қанша алма тиегенін білу үшін қандай амал орындау керек?
  • Неше килограмм алма тиелмегенін қалай анықтаймыз?

Шешуі: 4367 : 8 = 545 (кг) (қ.7)

Жауабы: әр мәшинеге 545 кг алма тиелді, 7 кг алма тиелмей қалды.

Дұрыс жауаппен салыстырып, жұптар бір-бірін бағдаршам көздерінің түсіне сәйкес қағаздарды көрсету арқылы бағалайды.

(Ұ) «Ортақ тұжырым» тәсілі

Келесі есепті сыныптағы барлық оқушыларға талдату.

  • Есепте не туралы айтылған?
  • Бөшкеде неше литр май болды?
  • Оны неше литрлік құтыларға бөліп құйды?
  • Неше құтыға май құйғанын табу үшін қандай амал орындаймыз?
  • Қалған майды қалай анықтауға болады?

Оқушыларға есепті өз беттерінше шығарту, тексеру, бағалау.

Шешуі: 14869 : 6 = 2478 (л) (1 қалдық)

Жауабы: әр құтыға 2478 л сұйық май құйылды, 1 л сұйық артылып қалды.

(Ж) «Ойлан, жұптас, талқыла!» тапсырмасы

Тура теңдік шығатын айнымалылардың мәндерін табу.

1. Алдымен қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайту керек.

2. Одан кейін көбейткіштерді таңдау.

3. Таңдауды ең кіші жұп саннан бастау керектігін ескерту.

Жауабы:

а) 124 * 2 + 1 = 249 62 х 4 + 1 = 249 31 х 8+ 1 = 249

ә) 321 х 2 + 4 = 1246 207 х 6 + 4 = 1246 414 х 3 + 4 = 1246

138 х 9 + 4 = 1246

Жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау

  • Қалдықпен бөлуді орындау

4585 : 4 = 1146 (1 қалдық) 7698 : 9 = 855 (3 қалдық)

34672 : 5 = 6934 (2 қалдық) 27593 : 6 = 4598 (5 қалдық)

  • «Адам құндылықтары» викторинасы

Оқушылар мысалдарды өздері шығарып, жауаптары бірдей екі мысалды сызықпен сәйкестендіріп қосады. Осы нақыл сөздердің мағынасын талқылау.

2 417 893 + 5 628 903 = 8 046 796 3 588 107 + 4 458 689 = 8 046 7962876 : 2 = 4314 : 3= 1438612 094 – 327 704 = 284 390 274 201 + 10189 = 284 3904173 : 3 = 5564 : 4 = 1391(23962 + 27716) : 6 = 8613 (74824 – 31759) : 5 = 8613

Рефлексия «Сенемін - сенбеймін» ойынын ұйымдастыру.

Мынаған сенесіңдер ме?

  • бөлуді көбейту арқылы тексереді;
  • көптаңбалы санды бөлгенде бірлігінен бастап бөледі,
  • қалдық бөлгіштен үлкен болуы мүмкін;
  • қалдықпен бөлуді тексеру үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қосу керек.

Үйге тапсырма беру.

«Шығарып көр» айдарында берілген есепті шығарып келу.

Кестелер

Кеспеқағаздар

Мысалдың тапсырмасы мен жауаптары жазылған кесте

Тапсырмалар жазылған парақшалар

Қағаздан жасалған қалпақтар

Жұлдызшалар

Бағдаршам көздерінің түсіне сәйкес қағаздар

Есеп мазмұнына сай суреттер

Тапсырманың жауабы жазылған қағаздар

Жұмыс дәптері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу