№ 161 сабақ. Үштаңбалы сандарды қосу және азайту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
4-бөлім. Қайталау
161- сабақ. Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту
Оқу мақсаты: 3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы санды баған түрінде қосу алгоритмі.
-Жазамын: жүздікті жүздіктің астына, ондықты ондықтың астына, бірлікті бірліктің астына жазамын.
-Бірліктерді қосамын: Бірліктерді қосқанда екі таңбалы сан шығады, бірлікті бірліктің астына, ал бір ондықты ондықтың үстіне жазамын.
-Ондықтарды қосамын:иондықтарды қосқанда екі таңбалы сан шығады, ондықты ондықтың астына, ал бір жүздікті жүздіктің үстіне жазамын.
-Жүздіктерді қосамын: жүздіктерді қосқанда есте сақтаған бірлікті ұмытпаймын.
Үш таңбалы санды баған түрінде азайту алгоритмі:
-Жазамын: жүздіктің астына жүздікті, ондықтың астына ондықты, бірліктің астына бірлікті жазамын.
-Бірліктерді азайтамын: Егер азайғыштың бірліктері аз болса, 1 ондықты қарызға алып, оны 10 бірлікке жіктеп, азайғыштың бірліктеріне қосамын. Нәтижесін бірліктердің астына жазамын.
-Ондықтарды азайтамын: ондықтың санын 1 ондыққа азайтып аламын. Нәтижесін ондықтың астына жазамын.
-Жүздіктерді азайтамын: Нәтижені жүздіктердің астына жазамын.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Кіріспе тапсырма.
Ұ.Ж. Сабақты «Лезде» ойыны арқылы оқушылардан ауызша лезде жауап алудан бастаңыз.
1. 5 ондықты 3есе арттыр. (150)2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан. (201)3. 6 ондықтан 2 есе артық сан. (120)4. 1 дм -де неше см бар? (10 см)5. 30 бен 50 - дің қосындысы. (80)6. 35 алмұрт ағашы, 7 алма ағашы бар. Алма ағашы алмұрт ағашынан неше есе кем? (5 есе кем)7. Бірдей 9 жәшікте 54 кг жүзім бар. Бір жәшікте қанша кг жүзім бар? (6 кг)8. 40 л сүтті 5 литрден бөліп құю керек. Неше ыдыс керек? (8 ыдыс)9. Кесіндінің төрттен бір бөлігі 8 см. Кесіндінің тұтас ұзындығы нешеге тең? (32 см)10. Байламда 9 кітап, ал қорапта 3 есе артық кітап бар. Қорапта қанша кітап бар? (27 кітап)
«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Т.Ж. «Орныңды тап» Тақтаға мысалдар жауаптарын іліңіз. . Топқа бірнеше өрнектер беріңіз. Топта ақылдаса отырып баған түрінде өрнек мәнін табады, тақтадағы жауаптың қасына барып тұрады. Тексеру жұмысы жүргізіп , топ мүшесі үш таңбалы санды жазбаша қосу, азайту алгоритмі бойынша түсіндіруді ұсыныңыз.
Қалған оқушылар жауапты тыңдап,белгі кеспеқағаздарының көмегімен жауаппен келісетінін немесе келіспейтінін көрсетеді.
647+185=832
284+537=821
485+419=904
617-458=159
346-175=171
816-655=161
904-583=321
«Басбармақ» арқылы бағалау
Есептер.
(Т.Ж.) Топтық жұмысты ұйымдастырыңыз. Саралау мақсатында жекелеген оқушыларға осындай есептерді ойлап тауып,оны өз бетімен шығаруды ұсыныңыз.
Элеваторға бірініші күні 976 ц бидай әкелінді, екінші күні бірінші күндегіден 359 ц бидай кем әкелінді. Екі күнде барлығы қанша ц бидай әкелінді?
Оқушыларға бірінші есепті талдап,шартын сызба арқылы жазуды ұсыныңыз. Сұраңыз: Бірінші күні қанша ц бидай әкелінді? (976 ц)Екінші күні әкелінген бидай белгілі ме? (359 ц кем әкелінген) Екінші күні әкелінген бидайды қалай табуға болады? (976-359).Екі күнде барлығы қанша ц бидай әкелгендігін қалай табамыз?
976-359=617ц
617+976=1593ц
Құс фабрикасында 845 жұмыртқы болған еді. Дүкендерге таратылып берілгеннен кейін онда 257 жұмыртқа қалды. Қалған жұмыртқаға қарағанда дүкендерге таратылған жұмыртқаның нешуі артық?
Қысқаша шарты:
Бар еді-845 жұмыртқа
Қалды-257
Таратылды-? ? артық
Жауабы: 845-257 =588 (таратылған жұмыртқа саны)
588-257=331(таратылған жұмыртқаның 331-і арт)
Екінші есепті оқушылар өз бетінше шығарады,ал топтағы бір оқушы тексереді.Оқушыларға өз тобының жұмысы туралы қорытынды шығаруды ұсыныңыз.
«Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» арқылы бағалау
Ж.Ж. «Талда,шығар»
Саяхат кезінде оқушылар автобуспен 236 км, ал поезбен одан 374 км артық жол жүрді. Оқушылар саяхат кезінде барлығы қанша км жол жүрді?
Есепті жұппен шығаруды ұсыныңыз, сұраңыз: «Автобуспен қанша км жол жүрді? (236 км). Поезбен қанша км?(374 км артық)Алдымен нені анықтаймыз?(поезбен жүрген жолды анықтаймыз) Қандай амал арқылы орындаймыз? (236+374)Екі жылыжайдан қанша шегіргүл жинағанын қалай табуға болады?»
Оқушыларға сызба құрастырып,есепті шығаруды ұсыныңыз.Тапсырманы орындаған соң,бірнеше жұпқа тақтада есептің шешуін көрсетуді ұсыныңыз.
Автобуспен -236 км
Поезбен-? 374 км артық ? км
(236+374)+236=846
Жауабы: барлығы 846 км жол жүрген
Осылай екінші есепке сызба құрастырып ,шығаруды ұсыныңыз.
Электр желісін жүргізушілерде 1000 м сым болды. Оның 372 метрін бірінші үйге, бірінші үйге қарағанда 299 м артық сымды екінші үйге жұмсады. Электр желісін жүргізушілерде әлі жүргізілмеген қанша сым қалды?
Бірінші үйге-372 м
Екінші үйге-? 299 м артық 1000 м
372+299=671м (екінші үйге жүргізілген сым)
1000-671=329м (қалған сым)
«Басбармақ» арқылы бағалау
Ж.Ж. «Ойлан тап» Оқушыларға жұппен ламинатталған параққа теңдік дұрыс болатындай амалдар мен жақшаларды қоюды ұсыныңыз. Екінші тапсырмада сандарды қойып,өрнектің мәнін табу керек.
600 420 4 40=515
- : + = 299
600-(420:4-40)=515
420-351:3+4=299
«Өзара бағалау»
Ж.Ж. «Кім тапқыр» Оқушыларға кезекпен тексере отырып,бос торкөздерге түсіп қалған сандарды қоюды ұсыныңыз.Тапсырманы орындаған соң жұптар арасында өзара тексеру жүргізу керек.
4 5 2 4
+ 6 + 6 + 6 + 2
8 5 9 8 4 5 8 1 0 8 6 7
2 9 5 6 8
- 2 4 - 3 - 2 - 4
4 1 3 5 5 2 3 3 1 5 6 3
234 459 247 743
+ 625 +386 + 563 + 124
- 845 810 867
627 985 856 810
- 214 - 433 - 525 - 247
413 552 331 563
«Критерий» арқылы бағалау
- Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу, азайту алгоритмі бойынша шығаруды біледі
- Түсіп қалған санды табу жолын қарастыра алады
- Дұрыстығын кері амал арқылы тексере алады
Кері байланыс
Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыныңыз: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...» «керемет», «күшті», «қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?