Қайталау № 170 сабақ.Геометриялық фигуралар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:Қайталау

№ 170 сабақ.Геометриялық фигуралар

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.2.2 тіктөртбұрыш пен шаршы сызу(берілген қабырғалары бойынша),циркульдің көмегімен шеңбер сызу

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда,үстінен және жанынан қарағанда кеңістік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық/кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен байланысты) тіктөртбұрыштың(шаршының) қабырғалары мен ауданын; тік бұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Циркульдің көмегімен шеңбер берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы сыза алады,геометриялық фигураларды жіктейді

Оқушылардыңкөпшілігі:

Кеңістік фигуралардың өзгерісін түсіндіре алады

Оқушылардың кейбіреулері:

Жанама сұрақтары болатын есептерді шығарады,талдайды

Ғылыми тіл

Оқушыларкеңістік фигураның құрылымын және өзгертілуін танып біледі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Фигурада (...) шеті және (...) шыңы бар
  • Тегіс фигураны көлемінен ажыратуға болады ма?
  • Перспективада кубты қалай салу керек?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Кубтар мен тікбұрышты параллелепипедтер туралы көрінісінің болуы.Нақты құрастыры,өлшеу қабілеті.Тікбұрышты параллелепипедті кеңістік үлгіде жаюды жасау және дайындау туралы көрінісінің болуы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ жазғы демалыс туралы әңгімелеуден басталады.

Т.Ж.Жаз мезгілінің жақындағанын ескерту.Соңғы сабақта оқушылар тек санап,шығарып қоймай,сонымен қатар көп ойнайтын болады.Ал бүгінгі барлық ойындар мен тапсырмалар геометриялық фигуралармен байланысты болады.

«Фигураны тап» .Қалташадан кез келген геометриялық фигураның ұшы көрінетіндей етіп суыру.Оқушыларға бұл қандай фигура екенін табуды ұсыну.Содан соң тағы да кішкене бөлігін суыру.Тағы да оқушылардың ойын тыңдау.Олардан әрдайым өздері атаған фигура туралы не білетінін сұрап отыру.Соңында фигураны толық суырып,оқушылардың ойлаған фигураларымен салыстыру.

 

№4 слайд

 

 

Сабақтың басы

5 мин

Т.Ж. «Ізде тап» Сыныпты топқа бөлу.Орталарындағы суретке назар аударту.Оқушылар жазғы даладан өздеріне таныс «жасырынған» барлық геометриялық фигураларды атайды.Содан соң оларды қандай топтарға бөлу керектігін ұсынылады.Соңынан бір топ атайды,қалғандары жауаптарын қосып отырады.

Екі ұсыныс,бір тілек

Т.Ж. «Талда, жоспар құр, шығар»Есептің шартын ұжыммен талдап,оны шығарудың жоспарын құру.Сұрау: «Есепті шығару үшін қандай формула қажет?Саябақтың формасы қандай?» Содан соң жұппен шешуді ұсыну.

Балалар пішіні тіктөртбұрыш тәрізді ауданы 624 шаршы метр болатын және ені 8 метрге тең саябақтың периметрін жүріп өтті. Балалар қандай қашықтықты жүріп өтті?

Жоспар:

  • Саябақтың ұзындығын тауып аламыз
  • Саябақтың периметрін табамыз

624:8=78м (ұзындығы)

Р=(78+8)*2=78*2+8*2=172м

Өзара бағалау. Топтардың жұмыстары ауыстырылады, өзара бағалау жүргізіледі.

Ж.Ж. Лагердегі балалар хауызының ұзындығы 4м, ені одан 100 см кем. Ал биіктігі 20 дм. Хауыздың көлемін тап.

Сұрау: «Есепті шығармас бұрын не істеу керек ?(Барлығын бір өлшем бірлікке айналдыру керек).Есепті шығару барысында қандай формула қажет болады?» Оқушыларға өз бетінше шығарып,жұппен тексеруді ұсыну.Жұмыс барысында қолдау көрсету.

4 м-400см

400-100=300cм-3м

20дм-2м

а-4м

в-3м

с-2м

V-а*в*с

V-4м*3м*2м=24м2

Жұптық бағалау. Жеке орындайды, жүбы тексеру жасайды.

Ж.Ж. «Ойлан тап!» Кіші топ балаларының ойнау алаңы тікбұрышты үшбұрышқа ұқсайды. Егер тік бұрыштыңбір жағының ұзындығы 42 м, ал екінші жағы 34 м болса, ауданы қанша?

Алдын ала оқушылардың есіне тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табудың формуласын түсіруді ұсыну.Содан соң тапсырманы өз бетінше орындап,жұппен өзара тексеруді ұсыну.

S-(42*34):2=714м2

Ж.Ж. Сұрау: «Балалар демалатын орын шатырының жоғары жағы қандай формаға ұқсайды?(Дөңгелек).Дөңгелек туралы не білесің?Дөңгелектің радиусы дегеніміз не?» Формуланы тақтаға жазу. Тапсырманы өз бетінше орындауға уақыт беру.Шыққан жауапты ұжыммен тексеру.

Шатырдың радиусы 86 см. Шатырдың диаметрін тап.

d-r*2

d-86см*2=172см

Сөздік бағалау

Ж.Ж. «Периметрін тап»

Тік төртбұрыш тәріздес волейбол ойнайтын алаңның

Ұзындығы 32 дм, ал ені одан 2 есе кем. Алаңның периметрін тап.

Р-(а+в)*2

32дм:2=16дм(ені)

Р-(32+16)*2=96дм

Оқшыларға есепті оқып,қажетті формуланы еске түсіруді ұсыну.Сұрау: «Бірден формуланы қолдануға бола ма? (Жоқ).Неге?(Енін табу керек)».Жұппен шығаруды ұсыну.Содан соң жұптар арасында өзара тексеруді ұйымдастыру.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,

«Керемет!» т,б.

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№11 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Ия-Жоқ» ойыны.

Оқушыларға алдын ала парақтың бір жағыа «иә»,екінші жағына «жоқ» деп жазуды ұсыну.Содан соң,әртүрлі ойларды оқу,алоқушылар тиісті жауаптарды көтереді:

  • Диаметр радиустан үлкен (иә);
  • Текше-параллелепипед (иә),
  • Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын төртбұрыштың ауданын екіге бөлу арқылы табуға болады (иә);
  • Тешенің алты жағы бар (иә);
  • Параллелепипедтің сегіз жағы бар (жоқ);
  • Шаршының ауданын тік төртбұрыштың ауданы сияқты табады (иә).

Ойын

№12 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер»арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
Пікір жазу