Ақша 131-сабақ. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері Тақырыбы: Ақша 131-сабақ | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е. | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алу және олармен әртүрлі операцияларды орындау | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,әдебиеттік оқу | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту және бөлу амалдарын орындай алады, компоненттерін атайды. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 3-8 мин | Кіріспе тапсырма. (Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі Сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш-төрт терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап беруді тапсыру. АҚША КУПЮРА ТАУАР ӘМИЯН
(Т.Ж) Талқылау - Бүгінгі сабақ не туралы болады? -Ақша не үшін керек? Оны қалай жұмсаймыз? Оқушыларға ақша туралы қосымша мәліметтер беру. Көрсетіліммен таныстыру -Қандай ақша бірліктерін білесіңдер? -Кімнің өз әмияны бар? Онда қанша ақша жинадың? -Қолданыста жүрген монеталар мен банкноттарды атаңдар. Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау | Слайд№3 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 20-30 | (Т.Ж)Практикалық жұмыс Әр топқа қағаздан жасалған купюралар таратылады. Көрсетілген соманы әртүрлі тәсілмен әмиянға қалай жинақтауға болады? -9 000 теңге; 7 000 теңге; 600 теңге; 3 000 теңге. -Топтан бір оқушы шығып түсіндіреді. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізу Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім (Т.Ж) Ойыншықтар дүкенінде . Оқушылар топтағы жұмысты жалғастырады. Олардың әмиянында ірі купюрамен 20000 теңге ақша бар екенін айту. Осы ақшаға бағасы жазылған ойыншықтардың қайсысын алуға болады.Олар топтың таңдауын түсіндіреді. Бағалау «Смайликтер» арқылы көрсетеді. Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады. (Ж.Ж) Есепте Екі саяхатшы 3000 теңгеден билет сатып алды. Олар 5 күнде қанша ақша жұмсайды? Есепті сынып болып талқылап болған соң, шешу жолын жұпта талқылайды.Терімділік қасиетін пайдаланып,2 тәсілмен шығаруға болатынын ескерту. Жауабы:(3000*2)*5=30 000 (2*5)*3000=30 000 Бірінші болып шығарған жұпты тақтаға шығарып,есепті тақтада көрсетеді.Оқушылар өз жұмыстарын тақтамен салыстыра отырып, тексереді. (Ө.Ж) Мен сатып алушымын! Оқушыларға суреттегі заттардың бағасына қарай отырып, берілген ақшаға қандай заттар сатып алуға болатынын есептету. -Сенде қанша ақша бар? -Доп пен машинаның құны қанша? -Қуыршақ қанша тұрады? -Ақшаң үш ойыншыққа жете ме? Осыдан кейін критерий бойынша бағалаумен жұмыс. Бағалау критерийі. Мен: - купюраларды ажыратуды; -олармен түрліше төлем жасауды білемін. (Т.Ж)Құрастыр Есепті шығару үшін топтарға өрнектер жазылған кеспе қағаздар таратылады. Берілген өрнектер бойынша есеп құрастырады, топпен шығарады. 230х3+150х2 1000-580х2 360+470+210 Бағалау «Айналмалы парақ» әдісін қолданып,топтың бір мүшесі өздерінің құрастырып, шығарған есебін тексерту үшін басқа топқа барып, жауаптарын салыстырады. (Т.Ж)Ойлан Топта отбасы бюджетін қалай жұмсауға болатынын талдауға уақыт беру.Талдаудан кейін топтың бір мүшесі топтың талдауын түсіндіреді. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар жауаптарды мұқият тыңдап отырып, ұнаған жауапқа үш шапалақ соғады. Қосымша тапсырмалар. Қанша ақшаң бар?.Есептеу дағдысын бекіту мақсатында өз бетінше орындалады. 1000 тг+3000 тг 10000 тг-6000 тг 5000 тг-4000 тг 20000 тг-10000 тг 7000 тг+2000 тг Құнын анықта. Суретші дүкеннен 500 теңгеден 2 бояу және 250 теңгеден 3 қылқалам сатып алды. Барлығы қанша ақша төледі? -Есепті неше амал арқылы орындауға болады? -Шығару жолын айт. -Жауабы қалай болады? Бағалау «Бағдаршам» Қызыл, жасыл, сары сигналды карталарды көтеру арқылы бағалау жүргізіледі. Қызыл-түсінбедім, сары-сұрақтарым бар, жасыл-толық түсіндім. Есепте. Амалдарды орындап және жауаптарын өсу ретімен орналастыру. Жауаптары бірдей өрнектерді анықта. Жұмыс парағында орындалған жұмыстарды бағалау. (+,-) Сатып алу.Есепті оқу, талдау. 280 теңгеге қалам мен дәптерлер сатып алды.Егер 60 теңгеден 3 дәптер және екі қалам сатып алған болса,бір қаламның бағасын табайық. Бағалау «Желкенді қайық» Оқушыға сабақ ұнаса, қайықтың желкенін жасыл түске , сабақта қиындықтар кездескен болса, желкенді сары түске, егер сабақ барысында тапсрымаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды. | Қағаздан жасалған купюралар Слайд№4-5 Слайд № 6-7 Ойыншықтардың суреттері Айналмалы парақтар, кеспе қағаздар Слайд №8 Слайд №9 Слайд № 10 Слайд №11-12 «Есепте» тапсырмасы Слайд №13 Слайд № 14-15 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5-10 мин | Сабақ бойынша кері байланыс -Ақша деген не? -Валюта деген не? -Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қалай аталады? -Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? -Қандай ақша бірліктерін білесің? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу, табыс ағашына орналастыру | Табыс ағашы Стикерлер. Слайд № 16-17 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?