Текше, тікбұрышты параллелепипед / Фотаға түсіру өнері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Өзіңді тексер!
Оқу мақсаттары: 3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.
3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.
Сабаққа қажетті ресурстар: парақшалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: параллелепипедтің бетін құрайтын тікбұрыштар –жақтары деп аталады.Параллелепипедтің 6 жағы бар,бұған қоса бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жақтары тең болады. Параллелепипедтің 12 қабырғасы бар,бұған қоса олар жақтарының да қабырғалары болып табылады.Қабырғаларының қиылысу нүктесін параллелепипедтің төбелері деп аталады.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.-деп оқушыларды сабаққа ынталандырыңыз.
Оқушыларға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар жазбаны модельмен сәйкестендіру туралы білімін жетілдіреді.
1.Білу
Текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын қалай жасауға болатынын білемін. Текше –көлемді фигура,барлық жақтары тең тікбұрышты параллелепипед.
Текшенің жазбасын әзірле.
Текшенің жазбасы-текшенің жақтарына тең шаршылардың бірігуі,текшенің төбелері мен қабырғаларының шаршының төбелері мен қабырғаларына сәйкестігі.Текшенің моделін көбіне жазбадан жинайды.
Текшенің жазбасын әзірлеу үшін,жазбаны жанындағы қалпақтарымен қиып алып,оны сызық (қыры) бойымен бүктеп,қақпағын өзара желімдеуді ұсыныңыз.Текшенің моделі мен жазбасын сәйкестендіру тапсырмасын орындауда оның кеңістіктегі орны мен жазбадағы жақтар мен текшенің жақтарының сәйкестігіне назар аудартыңыз.
Бұл тапсырмада оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындауды (текше, тікбұрышты параллелепипед); оның моделін құрастырудан алған білімдерін бекітеді.
2.Түсіну
Текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің түріндегі өзгерісін қалай түсіндіруге болатынын түсіндіре аламын.
Алдарыңда ойын текшенің суреті мен оның жазбасы берілген.
Бұл тапсырмада кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасынан алған білімдерін қолданады. (текше, тікбұрышты параллелепипед);
Текшені солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерден түсінгенін қолданады.
Текшенің астыңғы жағында – 6
Текшенің сол жағында – 5
Текшенің артқа жағында қандай сан берілген ?– 2
3.Қолдану
Шаршы мен тіктөртбұрыш туралы білімімді текше мен тікбұрышты паралелепипедтің жазбасын жасау үшін қолданамын.
Жазбадағы тіктөртбұрыштың бірдей жақтарын бір түспен боя.Олардың ұзындығын жаз.Жазбада осындай тіктөртбұрыштар нешеу екенін жаз.
4.Талдау
Текше немесе тікбұрышты параллелепипедтің қай жағына аударылғанын және оның жақтарында қандай сурет бар екендігін таба аламын.
Текшелердің қайсысы жазбаға сәйкес келетіндігін тап. Дәлелде.
Жауабы:
Бұл тапсырмада кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасынан алған білімдерін қолданады. (текше, тікбұрышты параллелепипед);
Текшені солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерден түсінгенін қолданады.
5.Жинақтау
Текшенің қабырғалары бойынша жазбадағы суреттерді қалпына келтіре аламын.
Жазбадағы нүктелердің суретін сал. Бұл тапсырмада оқушылар текшені солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.
Тікбұрышты параллелепипед пен текшені таниды.
Жауабы:
6.Бағалау
Текше мен оның жазбасын, тікбұрышты параллалепипед пен оның жазбасы дұрыс табылғандығын тексере аламын.
Қателіктерді тап.Темірлан мына текшенің асты
мен үстін таңдап алды.Астында қандай түс болуы
тиіс екеніндігін жаз.
Дұрыс дұрыс емес дұрыс емес
қызғылт сары күлгін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?