Жарты, ширек, үштен бір. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 A Бөлім: Үлестер. Шеңбер | Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ | |||||||
Дата: | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З | |||||||
Сынып: 3 А | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жарты, ширек, үштен бір | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 3.1.2.1** бөлшек дегеніміз бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерден құралған сан, екі натурал санның қатынасы екенін түсіну 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру | |||||||
Сабақ мақсаттары | санның/шаманың үлесін табуды және үлесі бойынша санды/шаманы табуды; 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табуды үйренеді. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор Тілдік мақсат | жарты, үштен бірі, ширек | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың өзара бірігіп жұмыс жасауы, бір-біріне қолдау көрсету, бірін-бірі оқытуға үйренеді. | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | оқушыны үлес туралы ұғымы қалыптасады, үлесті күнделікті өмірде қолданып жүргенін түсінеді. Үлеспен берілген өрнекті оқу, жазу және салыстыруды үйренеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, жаратылыстану | |||||||
ИКТ пайдалану білімі | Презентациялар | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шамалар атауларын біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5минут | Ұйымдастыру.(МК) Үлкенге де, сізКішіге де, сізСәлем бердік бәріңізге,Құрметпенен біз!ОМ таныстыру Санның екіден бір, үштен бір, төрттен бір және оннан бір бөлігін құруды және оны табуды үйренесің. Бұл сабақта үлес ұғымын қайталау: Үлес– бүтіннің тең бөліктерге бөлінген бір бөлігі. Егер бүтін санды немесе шаманы тең екі бөлікке бөлсе,онда әр бөлігі – екіден бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: 1/2 түрінде жазылады. Егер бүтін санды немесе шаманы 3 бөлікке бөлсе, онда әрбір бөлігі – үштен бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол:1/3 түрінде жазылады. Егер бүтін санды немесе шаманы тең 4 бөлікке бөлсе, онда әр бөлігі – төрттен бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: 1/4 түрінде жазылады. Осы қағида бойынша басқа да бөлшек сандарды анықтаймыз. Мысалы, 200 санының 1/10 бөлігін табу үшін, 200-ді 10-ға бөліп, бірге көбейтеміз. Сонда 20-ны аламыз. Мұндағы 20 саны 200-дің оннан бір бөлігі болып табылады. | текшелер; • сағаттың макеті; • А4 форматты қағаз парағы; • маркерлер немесе фломастерлер; • ережесі бар кесте. | ||||||
Сабақ ортасы 30 мин | (Ж)Үстелге текшелерді қойып, оқушылардан 12 текшеден тұратын пойыз құрастыруды сұрау. Осы пойызды 2 тең бөлікке бөлуді ұсыну. -Әрқайсысында неше текше болған? -Бұл пойыздың жартысы. -Осы жартысы неше вагоннан тұрады? Әр бөлікте 6 текшеден болғандықтан, жартысы 6-ға тең болатынын түсіндіру. Содан соң осы пойызды 3 тең бөлікке бөлуді ұсыну Бүтін мен жартыны салыстыруды сұрау. Енді пойызды 4 бөлікке бөлуді ұсыну. Бір бөлікте неше текшеден болғанын сұрау. Оқушыларды ережемен таныстыру. Оқушыларға 2, 3, 4 бөлікке бөлінетін сандарға қатысты өз мысалдарын ойлап табуды ұсыну. Кітап сөресі. Сөредегі кітаптардың жартысы дегеннің не ? Санның жартысын табу үшін не істеу керек? Жауабы:9 кітап. Күн тәртібі. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Олардан бір тәулікте неше сағат бар екенін сұрау. «Тәуліктің үштен бір бөлігі» дегеннің нені білдіретінін, қалай түсінгендерін сұрау. Жауабы: 8 сағ. (Ж) Бөлменің ауданы. Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыну. Оларға дәптердің парақтарын тарату. Параққа қабырғалары 8 см және 5 см болатын тіктөртбұрыш сызуды ұсыну. Оларға келесі сұрақтарды қою: − Тіктөртбұрыштың төрттен бір бөлігін табу деген не? Оны қалай табамыз? Оқушыларға тіктөртбұрышты 4 тең бөлікке бөлуді ұсыну. Енді балалардан тіктөртбұрыштың ауданының оннан бір бөлігін қалай табу керектігін сұрау. Жауабы: 10 см2; 4 см2. Орындап көр. Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Ойлануға уақыт беріңіз. Келесі сұрақтарды қою: − Бір сағатта неше минут бар? − Бір сағаттың жартысын, үштен бірін, ширегін табу үшін не істеу керек? − Сағаттың оннан бір үлесін қалай табуға болады? Бірнеше жұптың жұмысын бағалау. Жауабы: 30 мин, 20 мин, 15 мин, 6 мин. (Т) Ойлан! Әрбір топқа Г. Остердің есебін параққа ыңғайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыну. Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыну. Әр топтың өкіліне өздерінің есебі мен оның шешуін тақтада көрсетуін сұрау. Оқушылармен бірге есептің мәтінін, оның қысқаша жазуы мен шешуін талқылау . Әр топтағы есептің шарты жазылған жазбаны салыстыру . Оқушылардан өз топтарының жұмысы туралы қорытынды шығаруын сұрау. Жауабы: 8 дөңгелек және 21 бөлшек. Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмаларға ұсыныстар Кесінділер. Оқушылар кесіндінің түрлі бөліктерін сызуы керек. Бұл тапсырма кесінді арқылы санның үлесін табу білігін, геометриялық дағдыны бекітуге бағытталған. Есепте. Оқушыларға үлеске берілген есепті шығара отырып, кестені толтыруды ұсыну. Оны блиц-сауалнама түрінде жүргізуге болады. Жауаптарын параққа жазады. Тапсырма үлесті оқу, жазу және есептеу дағдысын қалыптастырады. Санды оның үлесі арқылы тапқандықтан тапсырма оза оқытуға бағытталған болып табылады. Жауабы: 10, 6, 6, 3, 12, 35, 16, 28, 15, 30, 16, 30. Жарыс. Тапсырма сабақта алған білімді бекітеді. Блиц-турнир. Санды оның үлесі арқылы тапқандықтан тапсырма оза оқытуға бағытталған болып табылады. Жауабы: 27 адам, 2 м2, 12 в., 18 л. ҚБ Тапсырма
Қосымша тапсырмалар «Ақиқат-жалған» ойыны. Оқушыларға «Ақиқат-жалған ойынын ойнауды ұсыну . Оқушылар белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. − 9 саны – бұл 27-нің үштен бір бөлігі ме? − Сағаттың ширек бөлігі – 20 минут па? − Адам тәуліктің жартысын ұйықтайтыны рас па? − Метрдің оннан бір бөлігі – 10 см? − Үлес – бүтіннің бөлігі? − Біздің сыныптың жартысы – ұлдар? | . | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың рефлексиясы. Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, «Сөйлемді аяқта» ойынын ойнауды ұсыну. − Егер бүтін сан немесе шаманы тең 2 бөлікке бөлсек, онда әр бөлігі ... (жарты) болып табылады. − Санның үштен бір бөлігін табу үшін … (санды3-ке бөлу керек). − Егер Димаштың 100 теңгесі болса, оның жалпы санының оннан бір бөлігі ... (10 теңгеге тең). − Санның ширегі – бұл? (1/4, бастапқы санды 4-ке бөлгендегі шығатын сан). − Егер алпысты онға бөлсек, онда санның қандай үлесін аламыз? (оннан бір бөлігін). | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз | ||||||
Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады | Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді | Оқушыларр жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады. Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| |||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ