Санның үлесі: жарты, ширек, үштен бірі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Үлес

47 сабақ. Тақырыбы: Санның үлесі: жарты, ширек, үштен бірі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

3.1.2.14 санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша шаманы табу; жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

Оқушылардың көпшілігі:

  • 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктер санының бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу.
  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Оқушылардың кейбірі:

  • санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

 Бағалау критерийлері

-шаманың бөлігі бойынша жартысын, үштен бірін, төрттен бірін таба алады;

-санның үлесін табуға берілген тапсырмаларды орындай алады;

-санның үлесін табуға берілген есептерді шығарып кері есептер құрастыра алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Үлес туралы білім қалыптасқан.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

Бөлшексіз адамдарға

Қиын болар еді.

Шақыр, кәне, достарды,

Торт кесеміз енді.

Кесу үшін бұл тортты

Дос қылайық бөлшекті.

Есеппенен болсақ дос,

Жеңіл өмір сүрерміз,

Сөзіме, досым, сенші!

(Ұ.Ж) «Математикалық футбол» әдісі

Оқушылардың көбейту және бөлу кестесін қайта жаңғыртуға бағытталған. Оқушылар жұбына доп беріледі. Олар бір-біріне кезекпен көбейту және бөлуге қатысты сұрақтар қояды.

Сөздік бағалау.

Мәселелі жағдаят

– Адамдарға бүтінді жиі үлестерге бөлуге тура келеді. Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері апельсинді қалай бөлгендерін көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын.

- Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер).

– Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік).

– Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен).

- Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә).

- Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға

болады? (Үлестер).

- Оқушыларға сұраққа жауап беруде 1 ұпай, ал топтық, жұптық жұмыстарда көрсетілген ұпай санын жинау арқылы сабақ соңында ең білімді топты анықтау ұсынылады. Белсенді жұмыс жасаған топқа "Үш шапалақ" әдісі арқылы бағалатып отыру.

(Ұ) "Тез сұрақ, тез жауап" ойыны

• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.

• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.

• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Ұлы анасынан неше есе кіші?

• Әрқайсысы 3 кг болатын 4 банка бояусатып алдық.

4 кг бояуды қолдандық. Қанша килограмм бояу қалды?

• 36мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, ал қарындасы 2 жас кіші.

Қарындасы неше жаста?

• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.

Слайд №2

Слайд №3

Доп

Сабақтың ортасы

(Т.Ж) Жаңаны тану.

Әр топқа шаршы, дөңгелек, жолақ таратып беру. Алдымен дөңгелекті тең екі үлеске бөлу.

  • Дөңгелек теңдей неше үлеске бөлінген?
  • Дөңгелекті тең екі үлеске бөлдік.
  • Бөл бөлік қалай аталады? (жартысы)
  • Екі жарты дөңгелек немесе екіден бір бөлігі () деп аталады.

Шаршыны тең төрт үлеске бөлу.- Бұл шаршының ширек бөлігі немесе төрттен бір бөлігі деп аталады.

Жолақты тең үш үлеске бөлу.

  • Жолақтың үшке тең бөлінген бөліктерінің бір бөлігі қалай аталады?
  • Бұл жолақтың үштен бір бөлігі деп аталады.

Алымы мен бөлімін және бөлшегін түсіндіре отырып, жазу.Тақтада жазып көрсету.

Отшашу арқылы бағалау.

.Ж) «Кім зерек?» ойыны3-топ жарыса отырып сұрақтарға жауап береді. Қай топ дұрыс көп жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді. Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырады. 1. 1 сағаттың жартысында неше мин. бар?2. 1 сағаттың 3-тен бір бөлігінде ше?3. 1 сағаттың 4-тен 1 бөлігінде ше?4. 1метрдің жартысында неше см бар?5. 1 метрдің 5-тен бір бөлігінде6. 1 центнердің жартысында неше кг бар?7. 1 центнердің 10-нан бір бөлігінде ше?

8. Жылдың 3-тен бір бөлігі неше ай?9. Тәуліктің 3-тен бір бөлігі қанша?

10. Қарбыздың массасының 3-тен бір бөлігі қанша килограмм, егер оның массасы 12кг болса?

Жұлдызша арқылы бағалау.

.Ж) Салыстыр.

Сынып ұжымына тақтада сызып, көрсете отырып түсіндіру. Алдымен тақтаға бір оқушыны шақырып, ұзындығы 16 см болатын кесінді сызуды ұсыну. Сонан соң оны теңдей екіге бөліп, бір бөлігінің неше сантиметр екенін сұрау. Бұл бөліктің қалай аталатынын сұрау. Сонан соң екіші оқушыны шығарып дәл осындай ұзындықтағы кесіндіні теңдей екіге бөліп, сонан соң әр бөлікті тағы теңдей екіге бөлуді сұрау. Неше бөлікке бөлінгенін және әр бөліктің ұзындығын атайды.

Сонан соң әр бөлікті салыстырады. Қай бөліктің артық екені анықталады. Үлестерді салыстыра отырып, қорытынды шығарады.

- Қай үлес артық? бөлігі ме, әлде бөлігі ме?

- Қандай қорытынды шығаруға болады? Қай үлес артық не кем?

Қорытынды: Үлестердің саны аз болған сайын, үлестің бөлігі саны көп үлестен артық болады.

Сөздік бағалау.

Сергіту сәті

Сыныптағы оқушылардың санын пайдалана отырып, жартысын, үштен бірін, төрттен бірін және т.б. бөліктерін айтып, оқушыларды топтастыру.

(Ж.Ж) Ойлан, жұптас, тексер.

Оқушылар жұбына тапсырма жазылған А4 парақтар таратылады. Күнбағыстың суретіне қарап, берілген үлестерді салыстырады. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара жауаптарын алмаса отырып, бірін-бірі тексереді.

Басбармақ арқылы бағалау

(Т.Ж) Есепте.

Оқушылар топтарына тапсырма таратылып беріледі. Әрбір топқа есепті параққа ыңғайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыну. Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыну. Әр топтың өкіліне өздерінің есебі мен оның шешуін тақтада көрсетуін сұрау. Оқушылармен бірге есептің мәтінін, оның қысқаша жазуы мен шешуін талқылау . Әр топтағы есептің шарты жазылған жазбаны салыстыру . Оқушылардан өз

топтарының жұмысы туралы қорытынды шығаруын сұрау.

Тапсырманы орындап болған соң, топтар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

Сәулеге үй жұмысын орындауға 1 сағат қажет. Ол жаттығу жазуға  6 минут, ал есеп шығаруға 15 минут уақыт жұмсады. Бұл сағаттың қандай бөліктеріне тең?

Смайлик арқылы бағалау.

(Ө.Ж) Деңгейлік тапсырмалар.

Сары конвертте алтын тапсырмалар, ал көк  конвертте  күміс тапсырмалар , қызыл конвертте қола тапсырмалар бар. Әр оқушы қалаған тапсырмасын орындай алады.

Алтын тапсырма.

Тынық мұхитында 9 теңіз бар. Ал Атлант мұхитындағы теңіздер саны одан -і кем. Атлант мұхитында неше теңіз бар?

Күміс тапсырма.

Аю бір жылдың бөлігін ұйқыда өткізеді. Сонда аю жылдың неше айын ұйқымен өткізеді?

Қола тапсырма.

Берілген фигуралардың боялған, боялмаған бөліктерін бөлшек санмен жаз.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Слайд №4

Шаршы, дөңгелек, жолақ, қайшы

Слайд №5

Жұлдызшалар

Слайд №6

Слайд №7

Слайд №8

Тапсырма жазылған А4 форматтағы қағаз

Слайд №9

Түрлі түсті конверттегі тапсырмалар

Сабақтың соңы

Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, «Ақиқат-жалған» ойынын ойнауды ұсыну.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру үшін оқушыларға жауап парағы тартылады. Егер оқылған сөйлем ақиқат болса + таңбасын, жалған болса – таңбасын қояды.

− 3 саны – бұл 12-нің үштен бір бөлігі ме?

− Сағаттың жарты бөлігі – 30 минут па?

− Адам тәуліктің жартысын ұйықтайтыны рас па?

− Километрдің оннан бір бөлігі – 100 м?

− Үлес – бүтіннің бөлігі?

− Бастапқы санды 4-ке бөлгенде шыққан сан ширек бөлігі деп аталады.

  • Біздің сыныптың жартысы – қыздар?

Жауап алынған соң, интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен оқушылар өзін-өзі тексеріп, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойып отырады. Оқушылар жинаған ұпайларына сәйкес «Табыс баспалдағында» өзін-өзі бағалап, стикер жапсырады.

Слайд №10

Жауап парақтары, стикер.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау кезінде деңгейге сай тапсырмаларда қиналған оқушыларға сабақ үстінде белсенді оқушылардың көмегін қолданамын. Олардың тапсырмаларды орындауда дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін өз пікірлерімен бөлісуді сұраймын.

Оқушыларды әр тапсырмада смайликтер, отшашу, жұлдызшалар арқылы бағалап, сабаққа деген ынталарын көтеріп отырамын.

Топтық, жұптық жұмыстарда бір-біріне қарым-қатынасы, оқу құралдарын пайдалануда қауіпсіздік техникасын сақтаймыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу