![]() |
|
![]() |
Санның үлесі: жарты, ширек, үштен бірі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Үлес
№47 сабақ
Тақырыбы: Санның үлесі: жарты, ширек, үштен бір.
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
3.1.2.14 санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті конверттер, геометриялық фигуралар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта үлес ұғымын қайталау қажет: Үлес – бүтіннің тең бөліктерге бөлінген бір бөлігі. Егер бүтін санды немесе шаманы тең екі бөлікке бөлсе, онда әр бөлігі – екіден бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: түрінде жазылады. Егер бүтін санды немесе шаманы 3 бөлікке бөлсе, онда әрбір бөлігі – үштен бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: түрінде жазылады. Егер бүтін санды немесе шаманы тең 4 бөлікке бөлсе, онда әр бөлігі – төрттен бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: түрінде жазылады. Осы қағида бойынша басқа да бөлшек сандарды анықтаймыз. Мысалы, 200 санының бөлігін табу үшін, 200- ді 10-ға бөліп, бірге көбейтеміз. Сонда 20-ны аламыз. Мұндағы 20 саны 200-дің оннан бір бөлігі болып табылады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: сынып ұжымымен көбейту және бөлу кестесін қайта жаңғырту үшін «Математикалық футбол» ойынын ұйымдастырудан бастаңыз. Оқушылар жұбы бір-біріне кезегімен доп лақтыру арқылы көбейту және бөлу кестесі бойынша сұрақтар қояды.
Сөздік бағалау.
(Т.Ж) Жаңаны тану.
Әр топқа алдын ала дайындалған шаршы, дөңгелек, жолақ таратып беріңіз. Алдымен дөңгелекті тең екі үлеске бөлуді ұсыныңыз. Неше бөлік шыққанын сұраңыз. Оқушыларға бұл дөңгелектің жартысы екенін немесе екіден бір бөлігі деп аталатынын түсіндіріңіз және жазбаша жазылуын көрсетіңіз. Сонан соң шаршыны тең төрт үлеске бөлуді сұраңыз. Неше бөлік шыққанын сұраңыз. Оқушыларға бұл шаршының ширек бөлігі екенін немесе төрттен бір бөлігі деп аталатынын түсіндіріңіз және жазбаша жазылуын көрсетіңіз. Одан кейін жолақты тең үш үлеске бөлуді тапсырыңыз. Неше бөлік шыққанын сұраңыз. Оқушыларға бұл жолақтың үштен бір бөлігі деп аталатынын және жазбаша жазылуын көрсетіңіз. Тақтада жазып көрсету.
Отшашу арқылы бағалау.
(Т.Ж) «Кім зерек?» ойыны. 3-топ жарыса отырып сұрақтарға жауап береді. Қай топ дұрыс көп жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді. Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беріп отырыңыз.
Жауабы: 1. 1 сағаттың жартысында неше мин. бар? 30 минут2. 1 сағаттың 3-тен бір бөлігінде ше? 20 минут3. 1 сағаттың 4-тен 1 бөлігінде ше? 15 минут4. 1 метрдің жартысында неше см бар? 50 см5. 1 метрдің 5-тен бір бөлігінде неше см бар? 20 см6. 1 центнердің жартысында неше кг бар? 50 кг7. 1 центнердің 10-нан бір бөлігінде ше? 10 кг
8. Жылдың 3-тен бір бөлігі неше ай? 4 ай 9. Тәуліктің 3-тен бір бөлігі қанша? 8 сағат
10. Қарбыздың массасының 3-тен бір бөлігі қанша килограмм, егер оның массасы 12кг болса? 4 кг
Жұлдызша арқылы бағалау.
(Ұ.Ж) Салыстыр.
Бұл тапсырма үлестерді салыстыруға арналған. Алдымен тақтаға бір оқушыны шақырып, ұзындығы 16 см болатын кесінді сызуды ұсыныңыз. Сонан соң оны теңдей екіге бөліп, бір бөлігінің неше сантиметр екенін және бұл бөліктің қалай аталатынын сұраңыз. Сонан соң екінші оқушыны шығарып дәл осындай ұзындықтағы кесіндіні теңдей екіге бөліп, сонан соң әр бөлікті тағы теңдей екіге бөлуді ұсыныңыз. Неше бөлікке бөлінгенін және әр бөліктің ұзындығын ататыңыз.
Сонан соң әр бөлікті сынып ұжымымен салыстырыңыз. Қай бөліктің артық екенін анықтаңыз. Үлестерді салыстыра отырып, оқушылардың өздеріне қорытынды жасатыныңыз.
Сөздік бағалау.
Сергіту сәті
Сыныптағы оқушылардың санын пайдалана отырып, жартысын, үштен бірін, төрттен бірін және т.б. бөліктерін айтып, оқушыларды топтастыру.
(Ж.Ж) Ойлан, жұптас, тексер.
Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оларға тапсырма жазылған А4 парақтар таратып беріңіз. Оқушылар күнбағыстың суретіне қарап, берілген үлестерді салыстырады. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара жауаптарын алмаса отырып, бірін бірі тексереді.
Басбармақ арқылы бағалау
Жауабы:
; ;
(Т.Ж) Есепте.
Топтық жұмысты ұйымдастырыңыз. Әрбір топқа есепті параққа ыңғайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыныңыз. Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыныңыз. Әр топтың өкіліне өздерінің есебі мен оның шешуін тақтада көрсетуін сұраңыз. Оқушылармен бірге есептің мәтінін, оның қысқаша жазуы мен шешуін талқылаңыз. Әр топтағы есептің шарты жазылған жазбаны салыстырыңыз. Оқушылардан өз топтарының жұмысы туралы қорытынды шығаруын сұраңыз.
Тапсырманы орындап болған соң, топтар бірін бірі тексеріп, бағалайды.
Смайлик арқылы бағалау.
Жауабы:
Жаттығу жазуға - минут
Есеп шығаруға – минут
(Ө.Ж) Деңгейлік тапсырмалар.Оқушылармен осы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында өзіндік жұмыс ұйымдастырыңыз. Ол үшін деңгейлік тапсырма ретінде конверттер дайындаңыз. Оқушыларға әр конвертте берілген тапсырмаларды хабарлаңыз.Сары конвертте алтын тапсырмалар, ал көк конвертте күміс тапсырмалар , қызыл конвертте қола тапсырмалар бар. Әр оқушы қалаған тапсырмасын орындай алады.
Жауабы:
Алтын тапсырма.
Атлант мұхитында 3 теңіз бар.
Күміс тапсырма.
Аю жылдың 3 айын ұйқымен өткізеді.
Қола тапсырма.
Берілген фигуралардың боялған, боялмаған бөліктерін бөлшек санмен жаз.
Жұлдызша арқылы бағалау.
Кері байланыс. Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, «Ақиқат-жалған» ойынын ойнауды ұсыныңыз.
Оқушылар белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен сұрақтарға жауап береді.
− 3 саны – бұл 12-нің үштен бір бөлігі ме?
− Сағаттың жарты бөлігі – 30 минут па?
− Адам тәуліктің жартысын ұйықтайтыны рас па?
− Километрдің оннан бір бөлігі – 100 м?
− Үлес – бүтіннің бөлігі?
− Бастапқы санды 4-ке бөлгенде шыққан сан ширек бөлігі деп аталады.
- Біздің сыныптың жартысы – қыздар?
Сабақ рефлексиясы. Сұрақтарға жауап алынған соң, интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен оқушылар өзін-өзі тексеріп, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойып отырады. Оқушылар жинаған ұпайларына сәйкес «Табыс баспалдағында» өзін-өзі бағалап, стикер жапсырады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру