Қосындыны санға көбейту және бөлу. Есептерді шығар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу № 89 сабақ. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту және бөлу. Есептерді шығар | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану 3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b + c) = ab+ a c, a(b– c) = ab – a c көрсету және қолдану | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалаукритерийлері | Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесін айтып, оны өрнектердің мәндерін табуға қалай қолданатынын түсіндіріп бере алады. | |||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Құндылықтар | Топтық жұмыстар барысында ұжымда жұмыс істеуге және бір-бірін пікірін құрметтеуге дағдыланды. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дене шынықтыру | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосындыны санға көбейту және бөлу | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлапатқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін! Топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. 1-топ «Қосу» 2-топ «Азайту» 3-топ «Көбейту» 4-топ «Бөлу»
Кіріспе тапсырма Әуе шарын қондырайық (Ұ.Ж) Сабақтың басында оқушылармен қосындыны санға бөлуді қайталау үшін «Әуе шарын қондыра-йық» ойынын ұйымдастыру. Оқушылар кезектесіп өрнектерді ауызша шығарады. Егер жауабы дұрыс болса, онда әуе шарлары дұрыс жауапқа келіп қонады. Берген жауаптын дұрыстығына көз жеткізу үшін, бір өрнекті жауабын бірнеше оқушыдан сұрауға болады. Берген жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу үшін әуе шарын қондырып, тексеру. Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Тамаша», «Керемет» т.с.с | Слайд №2 Топқа бірігуге арналған тартпа қағаз Слайд №3,4 | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Таға (Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру.Оқушылар тапсырманы алдымен өзі орындайды, сосын топтасып ортақ шешімге келеді. Есепті екі тәсілмен шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен парақтарын ауыстырып, дайын жауап арқылы салыстыра отырып тексереді. Бұл тапсырма арқылы қосындыны санға көбейту және бөлу туралы алған білімдерін толықтыра түседі. Тапсырма: Ұста бірінші күні 36 таға, ал екінші күні 32 таға соқты. Егер әрбір атқа 4 тағадан соқса, қанша атты тағалады? «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Омарта (Т.Ж) Топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есепті талдайды, шығарады. Саралау үшін жекелеген оқушыларға есепті өз бетінше шығарып көруді тапсыру. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, есептің шешуін тақтада көрсетеді. Тапсырма: Бір омартадан 35 кг бал, ал екінші омартадан 28 кг бал жинады. Барлық балды 7 кг бидондарға құйды. Қанша бидон керек болды? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Есепті шығар (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар бірінші тапсырманы оқып, талдау жасайды. Жұптасып есепті шығарады.Бірнеше жұп өз жауаптарын тақтада таныстырады. Есептің шешуін оқушы-лармен біріге отырып талдау. Оқушылар есеп шығару арқылы қосындыны санға бөлуді тиянақтайды. Тапсырма: Оқушыларға 14 сары шар және 12 қызыл шар алып келді. Оқушылардың әрқайсысына 2 шардан берді. Қанша оқушы шар алды? «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу Ойыншық (Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған қима қағаз таратып беру. Есепті оқушы өз бетінше шығарады.Алдымен есепті оқып, талдайды. Есепті тиімді тәсілмен шығарады. Есепті шығарған соң, оқушылар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы өзара тексеру. Тапсырма: 3 «а» сыныптың оқушылары 24 ойыншық, ал 3 «Б» сыны-бының оқушылары 48 ойыншық жасады. Барлық ойын-шықты балабақшадағы балаларға таратып берді. Әрбір топ 8 ойыншықтан алды.Балабақшада қанша топ болды? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Сурет бойынша есеп құрастыр (Т.Ж) Әрбір топқа сурет бойынша есеп құрастыруға тапсырма беру. Оқушылар есепті құрастырады және шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығады. Есепті түсіндіру. Қате кенткен есепті талқылап, қатемен жұмыс жасайды. Тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу | Ламинатталған парақ Слайд №5,6 Слайд№7,8 Слайд №9,10 Слайд №11,12 Слайд №13,14 | ||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін қалай табуға болады? Сабақтың рефлексиясы. «Тазалық» -бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), -бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). - бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықты-руым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар). | Слайд №15 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?