75:15 түріндегі бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

91 сабақ. Тақырыбы: 75:15 түріндегі бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

75:15 түріндегі есептеуді орындау.

Оқушылардың көпшілігі:

75:15 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындайтынын түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі:

Есептеулер жүргізгенде көбейтудің терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлудің

ауызша есептеу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Амалдардың қасиеті, есептеу тәсілдері, жіктеу әдісі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Есептеуді қалай орындау керек?

Қандай тәсілдер қолданылады?

Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандық?

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Логика

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

17∙5; 96:6; 84:4 түріндегі көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!

Топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу.

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар»

3-топ «Ойшылдар»

4-топ «Жүйріктер»

Кіріспе тапсырма

(Ұ.Ж) «Тұрағы қай жер?» ойыны арқылы көбейту кестесін қайталау. Оқушылар көбейту және бөлуге берілген мысалдарды ауызша тез, әрі шапшаң орындайды.

-Мәндерін кему ретімен орналастыр.

-Қандай сөз шықты?

-Бекіту.

-Сендер ойын барысында көбейту және бөлу кестесін бекітуге арналған мысалдарды шығардыңдар.

-Келесі тапсырмаға қараймыз. 42:14

- Мәнін бірден таба аласыңдар ма? (Бұл сұраққа барлық бала жауап бере алмауы мүмкін)

-Неге? (екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөле алмаймыз)

-Ендеше, бүгін екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді үйренеміз.

42:14 Бөліндінің мәнін таңдап алу тәсілімен іздеп табу.

-42-ні 14-ке бөлу үшін, 14-ке көбейткенде 42-кі шығатын санды табу.

Тексеруді 2 саныннан бастау.

2 санын аламын 14-ке 2-ні көбейтсек 28 шығады. Сәйкес келмейді.

3 санын аламын 14-ке 3-ті көбейтсек 42 шығады. Сәйкес келеді. Демек, 42-ні 14-ке бөлсек 3 шығады. Жауабы: 3

Оқушылар екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлгенде жіктеу әдісін қолданған ыңғайлы екенін үйренеді.

Келесі тәсілмен де табуға болады. 72:36

-72 санының бірлігі 2, 36 санының бірлігі 6 демек,6 санының көбейту кестесінен 2-ге аяқталатын сандарды табамыз.Ол қандай сандар? (12,42)

72:36 бұл 2;7 саны 2∙6=12 және 7 ∙6=42

-Сонымен, екі санды тексеріп көреміз.

36∙2=72, сәйкес шықты. Жауабы: 2

.

Слайд№2

Таратпа қағаздар,

Слайд№3,4

Сабақтың ортасы

Бөліндіні тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру. Оқушылар кезекпен жіктеу әдісін қолданып мысалдарды шығарады. Мысалдарды шығарған соң, жұптар дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір- бірінің жұмыстарын салыстыра отырып, тексереді. Қателескен оқушымен жеке жұмыс жүргізу.

Тапсырма:

96 : 16 = 50 : 25 = 45 : 15 = 42 : 14 =

32 : 16 = 60 : 15 = 48 : 16 = 51 : 17 =

38 : 19 = 54 : 18 = 70 : 14 = 90 : 45 =

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Есепті шығар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есепті алдымен жұпта оқып, талқылайды. Сосын топта бірігіп, ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады.

Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

Оймақ қыз бен ханзаданың үйлену тойына 40 көбелек 41 эльф ұшып келді.Барлық қонақтар күнбағыстарға тең бөлініп қонды. Бір күнбағысқа 27 қонақ қонса, неше күнбағыс керек болды?

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Салыстыру

(Ж.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды Шығарып болған соң сағат тілінің бағытымен дәптерді ауыстырып, бір – бірінің қатесін тексереді.

Тапсырма:

77 : 11 * 84 : 42

99 : 33 *24 : 12

52 : 26 * 100 : 25

46 : 23* 90 : 18

«Смайлик» арқылы бағалау

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушылар теңдеуді өзіндік жұмыс ретінде орындайды. Шығарып болған соң, жұптасып бір –бірінің дәптерін тексереді.

Тапсырма:

81:х=27 52 : x =2 48 : x =3

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Сәйкестендір

(Ұ.Ж) Оқушылар тапсырманы тақтаға біртіндеп шығып орындайды. Мәндері сәйкес келетін өрнектерді бағыт сызығы арқылы қосады, өз таңдауын түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы санның квадраты мен кубын есептеуді қайталайды.

Тапсырма:

9² 20

5² - 4² 64

6² + 7² 81

8² 91

4²+2² 9

«Басбармақ» арқылы бағалау

Тізбекті шеш

(Ж.Ж) Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Шығарып болған соң дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма арқылы есептеу дағдысын пысықтайды.

Тапсырма:

800: 10²+9²+6²-5²:10²

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Слайд№5,6

Слайд№7,8

Слайд

№9,10

Слайд№11

Слайд№12

Слайд

№13,14

Сабақтың соңы

Рефлексия

-Есептеуді қалай орындау керек?

-Қандай тәсілдер қолданылды?

«Бір сөзбен» әдісі

- Оқушылар берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

Слайд№15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу