Симметрия. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Аудан. Шамалар

№56 сабақ. Тақырыбы:

Симметрия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Оқушылардың көбі:

  • симметриялы жазық фигураларды сызу және жасау

Оқушылардың кейбірі:

  • симметриялы жазық фигураларды өз бетімен жасау

 Бағалау критерийлері

-симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды ажырата алады;

-симметриялы жазық фигураларды сызып және жасай алады;

- симметриялы жазық фигураларды өз бетімен жасай алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

симметрия, симметрия осі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Қандай фигуралар симметриялы?

Симметриялы өрнекті қалай жасайды?

 Құндылықтар

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Симметриялық өрнек туралы тұрмыстық түсінік

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Сабақтың ортасы

Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!

Ой ширату

«Алфавит» ойыны

Ойын шарты бойынша әріптердің алфавиттегі реті бойынша жасырынған сөзді табу

24

12

17

17

8

25

23

12

42

  • Қандай сөз шықты?
  • Симметрия сөзі сендерге таныс па?

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Жарайсың», «Керемет» т.с.с

Пзыл құрастыру

Оқушылар пазлдарды құрастыру арқылы 4 топқа бірігеді.

1-топ Жапырақты құрастырады.

2-топ Шелекті құрастырады.

3-топ Қалпақты құрастырады.

4-топ Үйді құрастырады.

Мағынаны тану

*Дөңгелекті дәл ортасынан бүктеп көрсетемін.

- Заттардың екі бөлігі бүктегенде беттесетін болса, оларды симметриялы деп атайды. Бүктеу сызығы симметрия осі деп аталады.

- Олай болса, өздерің құрастырған заттардың симметрия осі бар ма? Бүктеп көрсетейік...

- Симметрия не үшін керек?

- Симметрия болмаса, не болар еді?

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Жарайсың», «Керемет» т.с.с

(Ұ.Ж) Заттар

Оқушылар суретте берілген заттардың симметрия осін табады.

- Айналамыздағы барлық заттар симметриялы деуге бола ма? Неліктен?

- Бұлт неге симметриялы емес?

Оқушы пікірін тындау.

«Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау

Слайд №3,4

Топқа бірігуге арналған суреттер

слайд№5

Слайд №6,7

Топтық жұмыс

Оқушыларға топтық жұмысқа арналған қима қағаз таратып беру. Геометриялыұ фигуралардың симметрия осін табады.Бұл тапсырма арқылы оқушылар симметриялы жазық фигураларды сызып және жасай алады.

Топтар сағат тілі бойынша бір-бірімен жұмыстарын алмасады. Тақтадағы дұрыс жауапқа қарап, бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма:

Жазық фигуралардың симметрия осін табу, сызып көрсету.

Жауабы:

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

«Қызыл» - білемін

«Жасыл»- әлі де білгім келеді

«Сары» - түсінбедім

Есіңе сақта

Кейбір жазық фигуралардың бірнеше симметрия осі болады.

Ұжымдық жұмыс

Оқушыларға суреттен ,сандар және әріптерден симметриялы бола алатындарын тапқызу.

  • Берілген суреттер симметриялы ма?
  • Кілем симметриялы, себебі, оны бүктегенде екі жағы беттеседі.
  • Тағы қандай симметриялы заттарды білеміз?
  • Сандардан, әріптерден іздеп көрейік...

Оқушы пікірін тындау.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», т.с.с

Жұптық жұмыс

Оқушыларға әріптер жазылған қима қағаз таратып беру.

Оқушылар алдымен жеке орындайды. Жұптар дәптерлерін ауыстырып, салыстыра отырып тексереді. Қиналған оқушыларға көмек көрсету.

-Ц әрпі неге симметриялы емес?

-Тағы қандай әріптер симметриялы?

Тапсырма:

Симметрия осі бар әріптерді қоршап сыз

«Бас бармақ» арқылы бағалау

«Айнадағы цифрлар» ойыны

Оқушылармен ойын ойнау. Цифрларды жеке-жеке демон-страциялау.

- Қай цифрлар теріс көрініп тұр?

- 8, 0 цифрлары неге өзгермеген?

*Өйткені, олардың симметрия осі бар деген қорытынды жасалады.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Тамаша», «Керемет» т.с.с

Жеке жұмыс

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма беру.Оқушылар жеке орындайды.Бұл тапсырма арқылы оқушылар симметриялы жазық фигураларды өз бетімен жасауды үйренеді.

Тапсырма:

А деңгей

Төркөздегі берілген нүктелер бойынша фигураларды толықтырып салу, симметрия осьтерін сызып көрсету;

В деңгей

Үлгі бойынша берілген суреттердің айнадағы бейнесін қайталап салу.

С деңгей

Торкөзге берілген өлшемдер бойынша шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер сызу, Симметрия осьтерін сызып көрсету. Барлық мүмкін нұсқаларды қарастыру.

Тапсырма:

Шаршы s = 16 cм² а =? см

Тіктөртбұрыш P = 20 см, в = 4 см, a =? см

Шеңбер d = 4 cм, r =? Cм

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Слайд №8,9

Слайд№9

Слайд №10

Слайд №11,12

Слайд № 13

Слайд №14

Слайд№15

Слайд №16

Слайд№17,18

Сабақ

тың соңы

Рефлексия

- Симметрия дегеніміз не?

- Адам симметриялы ма?

- Симметрия осі деген не?

- Симметрияны көбінесе қай мамандық иелері қолданады деп ойлайсыңдар?

- Симметрия болмаса, не болар еді?

Үйге тапсырма

Симметриялы 3 заттың суретін салу, симметрия осін сызып келу.

Бағалау

«Баспалдақ» әдісі бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

Слайд№19



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу