алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№49 сабақ

Тақырыбы: Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, қайшы, белгі қағаздары, геометриялық фигуралар макеті.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта оқушыларды бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстыру керектігімен таныстырамыз. Қай бөлшектің алымы үлкен болса, сол бөлшек – артық.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Сынып ұжымымен «Есіңе сақта» ойынын ойнаудан бастаңыз. Оқушылардың есте сақтау мен байқампаздық қабілеттерін сынау мақсатында жүргізіледі. Бір минут уақытқа тапсырманы көрсетіп, сонан соң төмендегідей сұрақтарға жауап алыңыз. Соңында смайлик арқылы бағалаңыз.

  • Қандай геометриялық фигураларды есте сақтап қалдыңдар?
  • Дөңгелектің ішінде жазылған бөлшек санды атаңдар.
  • Дөңгелектің түсі қандай?
  • Бөлшек сандардың ішінде 1 саны кездесетін бөлшек бар ма?
  • Ол бөлшек қай фигураның ішінд жазылған?
  • Осы бөлшекті ата.
  • Шаршының түсі қандай?
  • Үшбұрыштың түсі қандай?
  • Үшбұрышта жазылған бөлшек санды ата.

(Ж.Ж) Фигураны боя. Оқушыларға жұптық жұмысты жалғастыруды ұсыныңыз. Әр жұпқа түрлі үлестерге бөлінген дөңгелектің моделін таратып шығыңыз . Жұптар бірлесе отырып көрсетілген бөлшек санына сәйкес дөңгелектің тиісті үлесін бояйды. Орындап болған соң оқушылар өзара бір-бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырманы сұрақ-жауап түрінде қорытыңыз.

1) Бөлшек деген не?

2)Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?

3)Бөлшектің алымы нені білдіреді?

Басбармақ арқылы бағалау

Жауабы:

.

(Т.Ж) Салыстыр. Оқушыларға топтық жұмысты жалғастыруды ұсыныңыз. Бұл тапсырма бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруға бағытталған. Топтарға 11 бөлікке бөлінген таспа таратып беріңіз. Оқушылар тапсырмада көрсетілген бөлшектерді кесіп алуы қажет. Бірінші жағдайда үлесті қиып алады. Сонан соң ретімен келесі үлестерді қиып алуын ұсыныңыз және өз ойларын түсіндіруін сұраңыз. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып көмектесіңіз. Пайда болған бөлшектерді атау.Оларды салыстыру.Қай бөлшектің артық екенін табу. Бөлшектерді өсу ретімен жазу. Неге артық, неге кем? Сұрақтарына толық жауап алу.

- Таспа неше бөлікке бөлінген?

- Ең үлкен таспа қай бөлшекке тиесілі?

- Ал ең кіші таспа ше?

Тапсырманы орындаған соң оқушыларға бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру бойынша қорытынды жасатыңыз.

Ережені қорытып шығару:

Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол артық болады.

Мысалдар келтіру.

Смайлик арқылы бағалау.

Жауабы:

(Т.Ж) Салыстыр.

Бұл тапсырма әрі қарай бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруға арналған.Топтық жұмысты жалғастырыңыз. Топтарға суретті тапсырма таратылып беріңіз. Оқушылар топтаса отырып, тортты әсемдеген балауыз бен гүлді санап, салыстыруды ұсыныңыз. Алдымен сынып ұжымымен талдап алыңыз, сонан соң орындауға кірісуді тапсырыңыз. Торттың неше бөлікке бөлінгенін сұраңыз. Сонан соң балауыз бен гүлдің санын, сондай-ақ балауыз торттың қандай бөлігін, ал гүл қандай бөлігін алып тұрғанын сұраңыз.

Отшашу арқылы бағалау.

Жауабы:

Сергіту сәті. "Үлестер" ойыны. Оқушыларды топтағы санына сәйкес сонша тең бөлікке бөліңіз. Сол бөліктің үлесін атағанда оқушылар орнынан тұрады. Мысалы: 4/6 үлесі дегенде топтағы алты оқушының 4-еуі тұруы қажет.

(Ж.Ж) «Кім жылдам?» ойыны. Бұл тапсырма бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру дағдысын бекітуге бағытталған. Оны жұптар арасында жарыс түрінде жүргізіңіз. Тапсырма орындап болған соң, оқушылар өзара тексеру жүргізеді.

Смайлик арқылы бағалау.

Жауабы: 1-жұп

2-жұп

(Ж.Ж) «Қай сан жоқ?» ойыны. Бұл тапсырма шамалар туралы білімдерін қайта жаңғыртуға бағытталған. Тапсырманы орындамас бұрын шамалар ара қатынасын еске түсіріп алаңыз.

  • 1 километрде неше метр бар?
  • 1 тоннада қанша килограмм бар? 1 центнерде ше?
  • 1 сағатта қанша минут бар?

Жұптық жұмысты жалғастыра отырып, оқушыларға тапсырма жазылған парақтар тарылып беріңіз. Тура теңдік шығатындай жоқ санды жазуы керек. Бөлшекпен берілген шамалардың үлесін табуы керек. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарына тексеру жүргізеді.

Басбармақ арқылы бағалау.

Жауабы:

(Ө.Ж) Семантикалық карта. Тапсырма алдыңғы алынған білімді белсендіруге арналған.

Оқушылар семантикалық картада тапсырда жазылған үлесті тауып, оны тиісті ұяшықта белгілейді. Тапсырманы өз беттерімен орындап, өзін-өзі тексереді.

 

Шеңберді бес бірдей бөлікке бөлді. Шеңбердің үш бөлігін қалай белгілейміз?

+

 Алманың тең жартысын қалай белгілейміз?

+

Тәтті нанды бірдей 8 бөлікке бөлді.Тәтті нанның екі бөлігін қалай белгілейміз?

+

Жолақшаны бірдей 4 бөлікке бөлді. Жолақшаның 3 бөлігін қалай белгілейміз?

+

Кері байланыс. "Өрмекші торы" ойыны

Әр оқушы сөйлемнің қалаған бөлігін алып, оны аяқтайды.

-Сен үшін сабақта не жаңалық болды?

-Бұрынғы білетін қандай білімің тапсырманы орындауға қажет болды?

-Саған сабақта тапсырманы орындауға кім және қалай көмектесті?

-Сабақтағы алған қай білімің саған болашақта қажет болады?

-Сен алған білімді қайда қолдана аласың?

-Сабақтың қай кезеңінде сен өзіңді табысты сезіндің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы