Пиктограмма, бағанды диаграммаларды құрастыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В бөлім: Жиындар. Логика элеметтері Күні:12.04.17 Сынып: 1А | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Пиктограмма, бағанды диаграммаларды құрастыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды қолда бар материалдардың көмегімен жүйелеу, толық құру/құрастыру |
Сабақ мақсаттары | Пиктограммамен танысамыз. Пиктограмманы қайда қолданылатынын білеміз |
Бағалау критерийлері | Берілген, жинақталған деректерден пиктограмма, диаграмма құрастыру |
Тілдік мақсаттар | Пиктограмма – затты белгілеу үшін қолданылатын сурет немесе таңба. |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану |
Бастапқы білім | Саудаға қатысты есептерді шығара алады және кері есептер құрастырады |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2-4 мин | (Ұ) Таңғы шеңбер Ортаға шығамыз Шеңберді құрамыз Үшбұрыш боламыз Төртбұрыш құрамыз Фигуралар көрсетіп Өзіміз тұрамыз.
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айту. Пиктограммамен танысамыз. Пиктограмманы қайда қолданылатынын білеміз | Интерактивті тақтада сызып көрсету | ||
Сабақ ортасы 8-10 мин
10-12 5-6 мин 5 - 6мин | (Ұ) Ойын «сұақ-жауып» - Саған қандай жеміс ұнайды? -Келісіп алайық, алманы, алмұртты, бананды, апельсиннді қандай суретпен белгілейміз. Деректерді сызбаға жапсыру
Оқушыларға пиктограмма мен диаграмманың арасындағы айырмашылықты түсіндіру. (Т) «Біз зерттеуші» (көлденеңінен топқа бөліну) Мақсаты: пиктограмма құру және диаграммаға айналдыруды үйрену. Нұсқаулық:
1. Мектептегі үйірмелерге қатысу 2. Мектептен тыс үйірмелерге қатысу 3. Өлең айтатын және би билейтін балалар 4. Домбыра, гитара, пианина, баян бар отбасылар (Ж) Жұмыс дәптерімен жұмыс. 89-бет | Суреттерді тақтадан таңдап қою стикерлер | ||
Сабақтың соңы 5 мин | Бекіту сұрақтары: Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? «Өз жетістігін бағалау» парағы Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады. | Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын. | Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын. | Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?