Су-тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Сұйықтық-сұйық зат

Жұту-ішу, сіңіру

Құбыр-су өткізуші құрал

Сүзгі-арнайы тазалайтын құрал

Лас-кір, таза емес

Тыңдалым мәтіні (0.51-ден бастап)

Су- тіршілік көзі. Тіпті су ішпеген бір күнімізді елестетудің өзі өте қиын. Біз күн сайын мөлдір сұйықтықты рахаттана ішеміз. Ең қызығы, біз суды ішіп қана қоймаймыз. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің үштен екі пайызын су құрайды екен. Мысалы, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрса, балықтардың 75 пайызы, ал қияр мен қарбыздың 95 пайыздан астамы судан тұрады екен.

Су өте пайдалы бола тұра, оны ішудің де өз ережесі бар екен. Негізі дәрігерлер суық судың бүйрекке күш түсіретіні туралы айтады. Суды бірден жылдамдата жұтқаннан гөрі, ауызда ұстап, біртіндеп жұтқан пайдалы.

Қалай ойлайсың, үйдегі құбырмен келіп тұрған суды ішуге бола ма? Оның құрамында хлор бар. Хлордың ағзаға зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан үйіңізге су тазалайтын арнайы сүзгі орнатсаңыз, ағзаңыз таза, денаулығыңыз мықты болады. Ал өзен суын неге ішуге болмайды дейміз? Өйткені оның тазалығына ешқандай кепіл жоқ. Лас суды ішіп, ауырып қалуымыз әбден мүмкін. (140 сөз) (https://www.youtube.com/watch?v=3_ZQDr_tugg)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу