Армандарым көп менің. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
  • Болашаққа саяхат
  • Күні:
  • Сынып: 4
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Армандарым көп менің

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды.

Көптеген оқушылар: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды.

Кейбір оқушылар: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (3-4 сөйлем) еркін баяндайды.

Бағалау критерийлері

Сұхбаттасуда шағын мәліметті баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Арман, озық

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тақырыпқа қатысты сөйлемдер құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Шаттық шеңбері» Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

7 мин

(МК) «Суреттер сөйлейді». Оқушылар берілген суреттер арқылы тақырыпты болжайды. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.

(Т) «Мен білемін!» Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы үш топқа бөлініп, әр топ өз суреті бойынша шағын мәтін құрастырып айтады. Мәтін құрастыру үшін оқушыларға тірек сөздер ұсынылады. Топтар бір-бірін бағалап отырады.

Тірек сөздер: арманы, болғысы келеді, қол жеткізу үшін, бала кезден, қазірден бастап, озық ойлы, ұнатады, үлгі алады, болашақта.

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;
  • кемінде 5-6 сөйлем айтады;
  • тірек сөздерді қолданады.

(Ж) «Кел, сөйлесейік!» Оқушылар «Менің арманым» тақырыбында диалогке түседі.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сұрақтарға жүгіне алады.

  • Сенің арманың не?
  • Арманыңа қол жеткізу үшін не істеу керек?
  • Неліктен сен ол мамандықты таңдадың? Мамандық иесі не істейді?

Дескриптор:

  • диалогке түседі;
  • тілдік нормаларды сақтайды.

(Ө) «5 минуттық жазу». Оқушылар «Менің арманым» тақырыбында шағын мәтін жазады (5-6 сөйлем).

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;
  • сөйлем құрылысын сақтайды;
  • тиісті тыныс белгісін қолданады;
  • қатесіз жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

  • Мен бүгін .................. білдім.
  • Маған бүгін .................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу