Шеруге шығамыз №4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеруге шығамыз №4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту

3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.

Оқушылардың көпшілігі:

тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.

Оқушылардың кейбірі:

тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады және жазады,

жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады және жазады;
  • жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Лексикалық минимум

Бірлік, шеру, алаң

Грамматикалық минимум

Жіктеу есімдіктері

Мен мерекелей + мін,

сен мерекелей + сің ...

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Мереке құтты болсын! №3

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Оқушылар бір-бірімен амандасады. Амандасу сөздерін еске түсіреді:

Армысың!

Сәлем!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіз бе!

Амнсызсыз ба!

Қайырлы күн!

Қайырлы кеш! т.б.

Ой шақыру

) Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.

- Суретте не бейнеленген?

- Бұл мейрам қалай аталады?

- Бірлік күні қашан тойланады?

Сабақтың тақырыбын болжату

(Шеруге шығамыз)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтамын және жазамын;
  • жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтаймын.

 Слайд

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

(ЖЖ) Сөздерді суретпен салыстыру арқылы меңгерту.

Бірлік

Шеру

Алаң

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Жіктік жалғауды қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Мен мерекелеймін

Сен мерекелейсің

Сіз мерекелейсіз

Ол мерекелейді

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Мәтінді екі рет тыңдайды. Бірінші тыңдағанда тірек сөздерді жазып алады. Екінші рет тыңдаған соң тірек сөздерге сүйеніп мазмұнын айтады.

2-тапсырма:

) Мәтінді түсініп оқы.

Мәтінді мұқият тізбектеп дауыстап оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді.

1 мамыр Бірлік пен достық күні. Бұл күнді барлық адамдар мерекелейді. Бірлік болса, адамдар жақсы өмір сүреді.

Меркеде алаңда өткізеді. Адамдар ән салады, би билейді. Адамдар бір–біріне: «1 мамыр құтты болсын!», «бірлік күні құтты болсын!» – дейді.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

3-тапсырма:

(Ж) Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, жаз.

Тапсырманы дауыстап оқып, талқылайды. Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады. Жұптар жұмыстарымен алмасып өзара бағалайды.

1. 1 мамыр – ... пен достық күні.

2. Біз Бірлік күнін ... .

3. Мен ... барамын.

4. Шеру алаңда ... .

5. ... орталықта.

Қажет сөздер: шеруге, мерекелейміз, Бірлік, алаң, өтеді.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

4-тапсырма:

(ЖЖ) Бір-біріңді бірлік мерекесімен құттықтаңдар. Төрт сөйлемнен тұратын тілек айтыңдар.

Тапсырманы жұптар өзара талқылайды. Бірлесіп шығармашылық жұымысын орындайды. Мұғалім жұмыстарын бағалайды.

1. ________________________________

2. ________________________________

3. ________________________________

4. _________________________________

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданады;
  • төрт сөйлемнен тұратын тілек құрастырады.

Бағалау:

Оқушылар бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

 Слайд

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы, 105-бет

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

106-бет,

5-тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Паровоз»

1. Мен бүгін білдім ....

2. Мен бүгін түсіндім ....

3. Маған сабақта ұнады ....

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

106-бет, 4-тапсырма.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу