Туған күн №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

1-сабақ «Туған күн»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ортаға «Шаттық шеңберіне» шақырыңыз;
  • Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтып, сәттілік тілейді;
  • «Жылы тілектер қашан айтылады?» сұрағы арқылы ой шақырып, жаңа бөлімге, сабақ тақырыбына көшіңіз.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Оқылым алды тапсырмасы:

  • Сабақ барысында жаңа сөздерді «Шторм»/«Дауыл» әдісі арқылы мереке тақырыбына қатысты лексикамен таныстырыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Бірінші сөзді синоним не балама сөздер арқылы жетілдіріңіз;
  • Екінші сөзді (сын есімді)
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Оқылым тапсырмасы:

  • Алдымен оқушыларды екі немесе үш топқа бөліңіз. Топқа «Мозайка» әдісі бір суретті бірнеше бөліктерге бөліп жинастырыңыз;
  • Жалпы оқылым тапсырмасы екі бөлімді қамтиды. Біріншісі, мәтінді жеке оқып, мазмұнын топта талқылайды. Екіншісі, топ өзара бөлісіп мәтінді үшке (басы, ортасы, соңы) бөліп, тақырып қояды.

Бағалау:

Топтар бір-бірінің орындауын бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

  • Бұл тапсырманы жұпппентық немесе жекеше орындатуға болады;
  • Мәтіндегі әр бөлімге сұрақ құрастыртыңыз;
  • Қолдау ретінде қолданатын сұрақтарды беріңіз;

Мысалы:

Басы:

Сен үшін ертеңгі күн қандай күн?

Ертең не болады?

Ертең кімнің туған күні болады?

Бағалау:

Жауаптарын тексеру;

Белсенді оқушыларды мадақтау.

Сергіту сәті:

  • https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ «Еркемай» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 3 мин.;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады;
  • Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
  • Оқушылар ән арқылы ерке баланың жасаған бұзықттықтары қандай қиындық туғызатындығын және оның қандай күйге алып келетіні жайлы білетін болады.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төртбұрыш-стикеріне жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу