12-сабақ. Бұл кісі – суретші. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

12-сабақ. Бұл кісі – суретші

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.

3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.

2. Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.

3. Сөйлеу және жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін дұрыс қолдану.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды.

Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды.

Жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу, білім алу, іздену маңыздылығын түсіндіру; балалардың сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

«Сурет салу» пәні

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Қазақтың қаһарман ұлы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады. Бауыржан Момышұлы туралы фотоколлажын қорғайды.

Ой қозғау. Интербелсенді тақтағы суреттер арқылы оқушыларға тараудың тақырыбын болжату. Сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», деп сұрайды.

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Сабақтың тақырыбы: «Бұл кісі – суретші»

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ –

ҚАЗАҚТЫҢ

АТАҚТЫ СУРЕТШІСІ

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну.

2. Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.

3. Сөйлеу және жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін дұрыс қолдану.

(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді екі рет мұқият тыңдайды.

  •  Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдап, «дұрыс» немесе «бұрыс» картасын көрсетеді.

  • «Дұрыс/бұрыс» ойыны ойналады. Мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдерің жұбыңа жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Дескриптор:

- мәтіннің мазмұнына сәйкес дұрыс сөйлемдерді анықтайды;

- мәтіннің мазмұнына сәйкес емес бұрыс сөйлемдерді анықтайды;

- мәтін бойынша дұрыс/бұрыс сөйлемдер құрап айтады.

 Оқушылар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

(Ж) Оқылым. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқиды. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығулары қажет.

Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойылады.

1. Сұрақтарға жауап береді:

Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?

Анасы Әлиге не айтты?

Әли анасына не айтты?

Әлиге суретшінің қай туындысы ерекше ұнады?

2. Мәтін ішінен жіктеу есімдігінің септеулі түрін табады. «Мен» есімдігін басқа септіктер бойынша ауызша түрлендіріп шығады.

(Ұ) Айтылым. Оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Әбілхан Қастеев

Мақта жинау, 1935 ж.

Түрксіб, 1969 ж.

Амангелді сарбаздары, 1970 ж.

Шоқан Уәлиханов, 1951 ж.

Жас Абай, 1945 ж.

Әбілхан Қастеев деген кім?

Ол кісі туралы не білесің?

Ә.Қастеевтің қандай туындылары бар?

Суретші кімдерді бейнелеген?

Дескриптор:

  • - сұрақтарға жауап береді;

- сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.

Сергіту сәті «Көңілді күн».

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

) Жазылым. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жазады.

Дескриптор:

- көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазады;

- әріптердің мөлшерін сақтап жазады;

- әріптердің байланысын сақтап жазады;

- мәтінді қатесіз көшіріп жазады.

(Ө) Айтылым. Оқушылар «Суретші болу үшін ... » сызбасын толықтырады.

Бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 4-тапсырма.

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу