Қолөнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып,дидактикалық материал.


11-сабақ «Қолөнер»

Жаңа сөздермен жұмыс

Тапсырма: Кестеде берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

1.

Қолөнер

А.

Сойылған мал не аңның етінен сылынып алынған шикізат..

2.

Тері

Ә.

Қолынан іс келетін өнерпаз адам, ісмер, ұста.

3.

Шебер

Б.

Қандай да бір бұйым, зат жасап шығаруға баулитын кәсіп.

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастыр.

Оқылым тапсырмасы: Мәтінді мұқият оқы.

Қазақ халқы өнерге бай. Соның бірі – қолөнер. Қолөнердің түрлері өте көп. Қолөнермен айналысатын адам шебер болады. Шебер адам кез келген заттан түрлі заттар жасайды. Мысалы теріден киім тіге алады. Теріден киім тігу тек шебер адамның қолынан келеді. Қоғамда қолынан іс келетін өнерпаз адамдар өте көп.

  • Сұрақтарға жауап бер.

1) Қазақ халқы неге бай?

2) Өнермен қандай адам айналысады?

3) Теріден қандай заттар жасалады?

  • Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Кестедегі сөйлемдерді оқы. Қажетті жалғауды қойып жаз.

-лар, -лер,-дар,-дер, -тар, -тер

Адам..... қолөнермен айналысады.

Қолөнер орталығына жас..... келді.

Теріден киім... тігеді.

Тігумен,тоқумен қыз бала..... айналысады.

Қоғамда өнерлі жігіт... көп. Қолөнер туындыларымен көше.... безендірілді.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздерді теріп жазады;
  • сөйлемді жалғаулармен толықтырады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

1-тапсырма: Мәтіннен төмендегі сөздердің баламасын тап.

1.Ел ................ 4.Ісмер ...............

2. Тұлға ............... 5. Шаруа ................

3. Мол ............... 6.Істейді ................

2-тапсырма: Берілген сөздерден 3-4 сөйлем құрастыр.

Дескриптор:

  • тақырып бойынша сөздердің баламасын анықтайды;
  • сөйлем құрастырады. (жай немесе құрмалас)

Айтылым

Тапсырма: Суреттерге сүйене отырып, жұптасып диалогқа түс.

Тірек сөздер: қызықты, қолөнер, айналысамын, армандаймын, шебер болғым келеді,бос уақытта.

Сұрақтар:

Суреттен нені байқадың?

Қай өнер түрімен айналысасың?

Қолөнермен айналысу қаншалықты қызықты?

Дескриптор:

-тақырып бойынша берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу