Шебер бала №10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шебер бала №10 | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру. 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тақырып бойынша сұхбатқа қатысады, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады. Оқушылардың көпшілігі: Тақырып бойынша еркін сұхбаттасады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: Сұхбатқа түсу барысында басқа оқушылардың ойын толықтырады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсініп, өз пікірін білдіреді. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды. - оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді. - сұхбатқа түседі. - жалғауларды дұрыс жалғайды | |||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Қауіпті, қате, ренжі, рас | |||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғауы Мен шебер + мің Мен ренжи + мін | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мейірімді болуға баулу, шебер адамдардың қолымен жасалған бұйымдарды бағалауды түсінеді. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, технология | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ІІ бөлім. Мейірімді Нұрай № 9 | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Қызығушылықты ояту. Тіл дамыту. (МК) «Айырмашылығы неде?» ойыны Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтайды. Жауаптарын дəлелдейді. Сабақтың мақсатымен таныстыру. - тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраймын; - оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін; - сұхбатқа түсемін; - жалғауларды дұрыс жалғаймын. | Таныстырылым № 1
Таныстырылым № 2-3 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (30 минут) | Жаңа сөзді меңгерту: қауіпті, қате, ренжі, рас 1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдер, антонимдері арқылы, суреттер арқылы түсіндіру. Мысалы:
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; - оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; - дұрыс айтуға дағдыланады: қауіпті – қәуүптү, қате – қәте 3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады: Шырпыдан жасалған үй, шебер бала, шырпы қораптары қауіпті 4. Сөйлемдер құрастыру. Шырпымен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті. Мұғалім қатені түзетті. Марат рас айтады. 5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады. (Ө, МК) Тыңдалым. Сұхбатты 2 рет тыңдайды, жаңа сөздерді табады, сол сөздермен сөйлемдер құрайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: Мәтінмен жұмыс. Оқылым алды тапсырмасы: (Т) «Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойынша ассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады. (Ұ ) Оқылым кезіндегі тапсырма Мәтінді 3 оқушыдан рөлге бөліп оқиды (Автор, Мырзабек, Иманбек), тірек сөздерді табады. Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол шырпы қораптарынан әдемі үй жасайды. Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» деп ойлады. Ол Мырзабекке: - Мен саған добымды берейін. Сен маған ойыншық үйіңді берші, - деді. Мырзабек допты алмады. Ол Иманбекке ойыншық үйді берді. - Мен өзіме тағы жасап аламын, - деді Мырзабек. Иманбек: - Рақмет! – деп, қуанды. М.Төрежанов (Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма: 1-топ. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, басқа топтарға қояды: 1. Әңгімедегі негізгі кейіпкерлер кімдер? 2. Мырзабек не жасады? 3. Оның ойыншығына кім қызықты? 4. Мырзабек пен Иманбек ойыншықтарын айырбастады ма? Неліктен? 2-топ. Мырзабекке сипаттама жасайды, дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 3-топ. Әңгіме желісі бойынша сахналайды. Оқушылардың жұмыстары тыңдалады, мұғалім кері байланыс береді. (Ұ) Грамматикалық қоржын сергіту сәті ретінде өткізіледі. Оқушылар бір-біріне доп лақтырады да «Мен шебер...» деп жалғаусыз айтады, допты ұстап алған оқушы сол сөзді дұрыс жалғауымен айту керек. Тиісті жалғаулар тақтада беріледі. Тиісті жалғаулар: -мын, -мін, -сің, -сіз, -сыз. Мен шебер... Сен ұқыпты... Сіз ренжи... т.б. солай сөздер жалғаса береді. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді. (Ж) «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі бойынша оқушыларға сөйлемдер беріліп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтайды. Сөйлемдер: Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол ойыншықты шырпының қорабынан жасайды. Ол шырпының қораптарынан әдемі үй жасайды. Ол ойыншығын Иманбекке берді. Жұптар бір-бірін комментарий айту арқылы бағалайды. Комментарий үлгісі: сұрақтарды дұрыс құрайды. Мұғалім 2-3 оқушыны тыңдап, кері байланыс береді. (Ж) Оқушылар берілген суреттердің орнына сөздерді қойып айтады. Мырзабек Нұрасыл шырпылардан жасады Ертөре Әлібек Жұп болып отырған оқушылар бір-бірін тексереді. | Таныстырылым № 4-5 Қауіпті Қате Ренжу Таныстырылым № 6 Таныстырылым № 7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9 Оқулық | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындайды. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. Үй жұмысы: 1. Жақшаның ішіндегі тиісті сөздерді қойып жаз. Шырпының қорабын (оттың, терезенің партаның) жанына қойма. Мырзабек – (жалқау, шебер, еріншек) бала. Ол шырпының қораптарынан (доп, үй, кітап) жасады. Иманбек бұл (дәптерге, ойыншыққа, қаламға) қатты қызықты. 2. «Есте сақта!» айдарын оқу 3. Өз досының суреттерін алып келу. | Таныстырылым № 10 Таныстырылым № 11 | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру