Тырналар жылы жаққа ұшады №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Тырналар жылы жаққа ұшады №9

Сабақтың мақсаты:

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), кеспе қағаздар, аудиомәтін,ақ парақтар, фломастер

Сабақты жоспарлау

Сабақты жоспарлау кезінде міндетті түрде лексикалық минимумды сақтай отырып, сыныптың әлеуетін, аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді түрлендіру (жетілдіру, қысқарту, түзету) керек.

Әр оқушының қай деңгейде тұрғанын, алдыңғы сабақтарда нені үйренгендіктерін, қандай кедергілер болғандығын ескеріңіз. Соған сәйкес тапсырмалар дайындауды ұмытпаңыз..

Жаңа сөздерді меңгерту.

Бұл сабақта жаңа сөздерді суретті сөздік және қимыл арқылы меңгертесіз. Суретті сөздікті тақтаға немесе қабырғаға іліп қойыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың лексикалық минимум сөздерді қолдануларын бақылап отырыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Тыңдалым. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытады. Тыңдалым мәтінін аудиотаспаға жазуыңызға немесе өзіңіз оқып беруіңізге болады. Мәтінді екі рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз жауаптарын тексереді, өзін-өзі бағалайды.Бұдан кейін оқулықта берілген екі суреттің қайсысына қатысты ақпарат бар екенін түсіндіреді. «Фотосуреттер» әдісін қолданыңыз. Оқушыларды ыңғайлы тәсілмен топқа бөліңіз. Топтар суреттердің ішінен бір суретті таңдайды.

  • суретті таңдау себебін түсіндіреді;
  • суретке ат қояды;
  • суретке қатысты туындаған идеяларды жазады немесе сұрақтар қояды. Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды.

Оқылым. Бұл тапсырма оқушылардың сұрақ қою дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырманы жұпта орындайды. Алдымен дескриптормен таныстырыңыз. Мәтін мазмұнымен танысқаннан кейін мазмұны бойынша жұпта отырған оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Кемінде 3 сұрақ құрастыру тапсырылады. Дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.

Жазылым. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал етеді. Сөздерді дұрыс байланыстыруға, мәтін ішіндегі сөйлемдердің байланысын сақтап жазуға дағдыланады. Бұл тапсырмада саралау жүргізіңіз. Оқушылардың өздеріне таңдатыңыз, яғни шектеу қоймаңыз.

Саралау тапсырмасы:

  • Қабылдау деңгейлері орташа оқушылар оқулықта берілген суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
  • Қабылдау деңгейлері жоғары көп нүктенің орнына керекті дыбыстарды қойып оқиды. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрап жазады. (дәптерлерін тексеріп, кері байланыс беру)

Айтылым. Оқулықта берілген «Ашық хат» ойынын ойнатыңыз. Ойын шарты бойынша оқушыларды екі топқа бөліңіз. Үстел үстіндегі өтілген тақырыптар бойынша суреттер бейнеленген ашықхаттарды таңдап алады. Ондағы суреттерді естеріне сақтап алуға тырысады. Мұғалім ашықхаттарды жинап алған соң, суреттер бойынша мәтін құрайды. Қай топтың мәтіні қызық әрі дұрыс болса, сол топ «жеңімпаз» болады.

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу