Ертегілер оқу -2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, дидактикалық материал.


Мәтінді түсініп оқы және сұрақтарға жауап бер.

Арыстан мен тышқан

(Қазақ халық ертегісі)

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Бейшара тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасаймын», -дейді ол. Арыстан тышқанның, «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып, «Есіңде ме: сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің»,-депті.

-Көрдіңдер ме, балалар, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.

  • Ертегінің қай түріне жатады?
  • Арыстан ұйықтап жатқан кезде не болды?
  • Арыстан тышқанды неге босатып жіберді?
  • Арыстан тышқанның қай сөзіне күлді? Неге?
  • Арыстанға неліктен көмек керек болды?
  • Кейіпкерлердің әрекеттеріне баға бер.
  • «Жақсылық», «қайырымдылық» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?
  • Ертегі ұнады ма? Неліктен?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу