«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: өз бетінше таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіне алады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жанында, артында, астында, алдында, үстінде

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, біздің ойымызша

Құндылықтарды дарыту

Өз мектебіне сүйіспеншілік, құрмет көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Берілген сөздермен дәптерге сөйлем құрастыру.

Жанында, артында, астында, алдында, үстінде

Дескриптор:

  • 5 сөйлем құрастырады.
  • Сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінуді үйренеміз.

Сабақтың ортасы

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Менің мектептегі сүйікті орным – ойын алаңы. Бұл жерде балалар көп болады.Ойын алаңында демаламыз, спортпен айналысамыз. Ойын алаңына қоңырауды немесе сабақтан соң келеміз. Бұл жерде әрқашан шулы және көңілді.

(Ө) Құрастырған сұрақтарын оқиды, қалған оқушылар жауап береді.

Дескрипторлар:

  • Сөздердің орфоэпиялық нормаларын дұрыс сақтап оқиды.
  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Бірін-бірі бағалайды.

Мектептегі сүйікті орны туралы айтады.

(МК,Ұ) Мұғалім «Мектеп» тақырыбына сөздік карточкалық ойын жүргізеді. Оқушылар шеңбер құрып отырады, ал ортада «мектеп» карточкалары жатады. Олар кезекпен карточканы алып, ондағы сөзді дауыстап оқиды. Мысалы, «терезе» дегенде, олар осы сөзбен байланысты сөйлем құрай алу керек. Кімде кім оқылған сөзге сөйлем құрай алса, карточкаларын сақтап қала алады. Карточканы көп жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

би залы, мұғалімдер бөлмесі, қойма, асхана, спорт залы, кітапхана, қазақ тілі, ән-күй сабағы, оқулық, дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш, бояу, ермексаз, желім, тақта, күнделік, мұғалім, оқушы.

Жетондар арқылы бағалау

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

«стоп-кадрды» басқаларға түсіндіреді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектеп пәнін атай алады.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Мен бүгін нені үйрендім?
  • Маған не қиын болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

«стоп-кадрды» басқаларға түсіндіреді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектеп пәнін атай алады.

Бірін-бірі бағалайды.

Жетондар арқылы бағалау

Ұжымдық, өздік жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу