Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ) | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Ж2 Қарапайым түсінікті тілмен жазады. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады. Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады. | ||||||||||||||||||
Сөздік қор | Көзбен көреді, қолмен ұстайды, аяқпен жүреді, мұрынмен иіс сезеді, құлақпен естиді, ауызбен тамақ ішеді. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, құрмет | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дене мүшелерінің атауларын біледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | (МК) «Көңілді шеңбер». Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды. Аяқпенен топ – топ – топ, Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп. Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға, бір солға Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда. Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда. | ||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 5 мин 5 мин 10 мин 15 мин | (Ұ) «Мен білемін». Бір оқушы дене мүшелерін дұрыс айтады, басқа оқушылар тыңдай отырып, көрсетеді. (Ұ) «Әріптеп айт!» «Сымсыз телефон» ойыны арқылы дене мүшелерді шеңберде бірбірін мұқият тыңдай отырып, әріптеп айтып шығады. (мұрын, құлақ, мойын, көз, кірпік, иық, тізе, арқа, қас) (Ж) «Жауабын тап». Оқушылар жұптарда ламинат қағаздарына дене мүшелерін сипаттау сөздер арқылы бір-біріне жасырады. Бірінші үлгісін мұғалім көрсетеді. Үлгі: Адамда ол екеу. Оның түсі қоңыр, қара, көк, жасыл болады. Адам онымен көреді. (Ө,Қ) Шығармашылық жұмыс. Дене мүшелері туралы постер жасау. Постерге дене мүшелерінің атауларын және қызметін жазады. Берілген критерийлер арқылы бір-бірін бағалайды. Постер жасау критерийлері:
| ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | (МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. 1 5 10 |
| |||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?