Фильмді сипаттау№1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім:

Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Фильмді сипаттау№1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөз көлемі және сөздік қордың сан алуандылығы

1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау

1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұраққа жауап береді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Көбі: Таныс сөздерді қолдану арқылы шаблонға қарап сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Кейбірі: Таныс сөздерді қолдану арқылы өздері сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Жетістік критерийлері

Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ұсқынсыз, әдемі, мейірімді, ашулы, бақытты, бақытсыз.

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелеріне көмек көрсете білу, қамқоршы болуға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

http://www.youtube.com/watch?v=k3t5BmU3uYQ

Ұсқынсыз үйрек

https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg

Бармақтар отбасы | Казахская семья пальчиков | Finger Family in Kazakh

Бастапқы білім

Отбасы бәйтерегі№2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Қуыр- қуыр қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш,

Бас бармақ – әке

Балаң үйрек - шеше

Ортан терек – аға

Шылдыр шүмек – мен

Кішкене бөбек - іні

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қоя аламын және сұраққа жауап беремін»

Сабақтың ортасы

Шардың суретіне жазылған сөздерді оқиды.

Шарға жазылған сөздерді байланыстырып сөйлеу.

Үйрек, әдемі, балапан сары, аққу мейірімді, әке ашулы, балапан бақытсыз, балапан бақытты

(Ұ) Фильмді көру барысында тоқтатып сұрақтар қою.

Мынау не?

Үйрек әке.

Мынау не?

Мынау - ұя.

Ұяда не жатыр?

Ұяда жұмыртқа жатыр.

Әңгіме не туралы?

Сен бұны бұрын көрдің бе?

Басты кейіпкер кім?

Ол саған ұнай ма?

(Ұ) Фильмнің қалған бөлігін көрсетуді жалғастырыңыз.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бармақтар отбасы

(Ө) Оқушылар мұғалім көрсеткен суреттерге қарап (алты сурет) сөйлемдер құрайды.

МЫСАЛЫ:

Ана үйрек ерекше жұмыртқа табады.

Ұсқынсыз балапан шығады.

Үйрек балапаны бақытсыз.

Құстар оны қаламайды.

Ол қазір бақытты.

Ол өз жанұясында.

(Ж) Жұппен жұмыс жасау барысында оқушы өз сөйлемдерін қасындағы досына айтып береді.

Жетістік критерийі:

  • Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.
  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

фильм туралы пікірлерін айтады. Мысалы:

Маған фильм ұнады, себебі….

Маған фильм ұнамады, себебі… Қабылдауы деңгейі орташа оқушылар:

Сызба бойынша сөйлемдер құрайды.

http://www.youtube.com/watch?v=k3t5BmU3uYQ

Ұсқынсыз үйрек

https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg

Бармақтар отбасы | Казахская семья пальчиков | Finger Family in Kazakh

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» кері байланысы

Жасыл- жақсы түсіндім.

Сары - жартылай түсіндім

Қызыл – түсінген жоқпын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар фильм туралы пікірлерін айтады. Мысалы:

Маған фильм ұнады, себебі….

Маған фильм ұнамады, себебі…

Жұппен жұмыс жасау барысында оқушы өз сөйлемдерін қасындағы досына айтып береді.

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

Отбасы мүшелеріне көмек көрсете білу, қамқоршы болуға үйрету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу