Презентациядағы дыбыс. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.3В Бөлім – Презентация

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатысушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Презентациядағы дыбыс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру

4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану

Сабақ мақсаты

Оқушыларда мәтіндік құжатқа суреттер, сәндік мәтін кірістіру (WordArt) және презентациядағы объектілерге жандандыру баптау білімін қалыптастыру

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • Слайдқа нысандарды енгізе алады (дыбыс, сәндік мәтін)
  • Дыбыс және бейне жандандыруын келтіре алады

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

  • мультимедиа
  • мультимедиа клиптері

Академиялық тілді дамыту үшін қолданылатын сөз тіркестері:

  • Қандай көздерден/қандай құрылғылардың презентацияға арнап дыбыс ала аламыз?
  • Слайд арасында жылжу кезеңіңде дыбыс қажет пе?
  • Дыбыс баптауын жалғастыру үшін ...

Құндылықтар

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыс

Бұл бөлім 4 сынаптағы «Қоршаған ортамен танысу» тақырыбына ортақ болып табылады

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар мәтін, презетация, бейне өңдейтін қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасай алады; өз жұмыстарын ашып, өңдеп және сақтай алады; іздеу жүйесімен және браузер жұмысымен таныс.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

0-2 мин

Психологиялық ахуалды орнату.

3-8 мин

9-14 мин

15 - 18 мин

19-29 мин

30-38 мин

Тақырыпқа шығу.

(С, К) Оқушыларға қолданыстағы экологиялық проблеманы көрсететін бірнеше сурет көрсетіңіз (әлемде, Қазақстанда, сіздін тұрған жерінізде), содан сон осы суреттерден коллаж, бейнеқатар, дыбыстармен бейнеқатар көрсетіңіз.

Талқылау.

(С) Оқушылардан ақпаратты қандай түрде көрсеткен әсерлі және көрнекті болып табылатыны туралы ой-пікірін сұраңыз.

Топтық жұмыс.

(С, Т) Оқушыларды топқа бөліңіз. Зерттеу жұмысын іске асыру үшін әр топқа экологиялық проблеманы ашатын тақырып таңдап алуын ұсыныңыз. Тандап алынған проблеманы зерттеу үшін Ғаламтор желісінің ресурстарын қолдануын сұраңыз.

(С) Жоба мен презентациясын бағалайтын өлшемдерді талқылаңыз.

Бағалау критерийлері (мысалы)

  • Слайдқа нысандарды енгізе алады (дыбыс, сәндік мәтін)
  • Дыбыс жандандыруын келтіре алады
  • Презентация 5 слайдтан тұрады

Өзіндік жұмыс.

Оқушыларға презентациясына арнап дизайн тандап алуын ұсыныңыз, содаң сон негізгі слайдты құрастырулары қажет. Оқушылардан негізгі беттің атауына сәндік мәтін WordArt қолдануын сұраңыз.

Талқылау:

  • Слайд арасында жылжу үшін дыбыс қажет пе?
  • Презентацияны дыбыспен рәсімдеу қажет пе?
  • Дыбыстарды қандай тәсілдермен орнатуға болады?

(С) Топтардын жұмысын талқылаңыз.

(С, К) Оқушыларға дыбыстарды орнату тәсілдерін, дыбыстардың параметрін баптауын көрсетіңіз.

(Ж) Оқушыларға презентация слайд арасында жылжу үшін дыбысты қосуын сұраңыз.

learningapps.org –та қосымша тапсырманы орындау

 http://lightsup.ru/zhizn/kladbishhe-korablej-aralskogo-morya.html – Арал туралы сурет https://www.youtube.com/watch?v=wNCobLyRM9U – Арал туралы бейне

 

 

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11913

бейне «Табиғатты сақтаныз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://learningapps.org/2716637 - Табиғатқа қалай көмектесе аламыз. Әнгіме

39-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға стикер таратады. 2 жұлдыз, бір тілек бойынша оқушылар сабақ бойынша сұрақтарын, тілектерін жазуды ұсынады. Сабақты қорытындылайды.

стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жұптық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу