Компьютер қалай жұмыс істейді? Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2 бөлім: Робототехника. Лабиринттер және кегль-ринг | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Компьютер қалай жұмыс істейді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме) | 4.5.1.1 түстер датчигін пайдалану 4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін пайдалану | ||
Сабақтың мақсаттары | Кегль-ринг бойынша жарыстар үшін роботты құрастыруда түс немесе ультрадыбыс датчиктерін қолдану | ||
Бағалау критерийлері | 1. Моторларды, түс және ультрадыбыс датчиктерін роботтың базалық конструкциясына қосады. 2. Бір кегльді анықтаудың ауызша алгоритмін құрайды 3. Тапсырманы толық шешу үшін бағдарлама жасауды аяқтайды 4. Робот конструкциясына қажетті өзгерістер енгізеді 5.Бағдарламаны жүктейді және тестілейді. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Кегль-ринг бойынша жарыстар өткізу ережелері негізінде бір кегльді анықтау алгоритмін түсіндіреді; - Кегль-ринг бойынша жарыстар үшін роботты бағдарламалау кезінде түс және ультрадыбыс датчиктерін қолдануды түсіндіреді.Пәндік лексика және терминология: Түс датчиктері, бағдарламаланатын модуль, ультрадыбыстық датчик, қозғалтқыштар, қашықтық, күту, салыстыру, алға, артқа, бұрылу, жылдамдық, алгоритм, сынақ, енгізу порттары, шығару порттары Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер: Кегль-ринг бойынша жарыстар үшін роботты бағдарламалау кезінде ..........қолданылады Кегль-ринг бойынша жарыс ережелері ... Датчиктердің орналасуы ... әсер етеді | ||
Құндылықтарға баулу | Сабақ барысында ынтымақтастық арқылы өзара сыйластық, жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы сыни ойлауды дамыту үшін жағдай жасалады. Алған білімдері мен дағдылары қолданбалы сипатқа ие, оқушылар оларды информатикада және басқа пән салаларында қолдана алады. | ||
Пәнаралық байланыс | Математика. | ||
Алдыңғы білім | Оқушылар бағдарламаны іске қоса алады, оқу роботының негізгі моделін құра алады, роботтың қозғалысын басқарады, енгізу жіне шығару құрылғыларын, жанасу датчигі және олардың мақсатын біледі, файлдарды ашу, өңдеуді, сақтауды біледі. Робот үшін қосымшаның интерфейсімен және қосымшаның негізгі мүмкіндіктерімен таныс. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 мин 4 мин | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру. Топтарға біру. «Адам бойындағы қасиеттер» бойынша бірігу стратегиясы.
Мұғалім оқушылардың бойында кездесетін бірнеше қасиеттерді атайды, өздерінің бойында осындай қасиеттері бар 3 (бұл топтардың санына сәйкес келуі керек)немесе одан да көп оқушы тақтаға шығады. Мысалы, оқушыларды 3 топқа біріктіру керек. Алдымен мұғалім 3 ең батыл оқушыларды шақырады. Алдағы уақытта олар капитандар болады. Олар сыныпқа арқасымен бұрылып тұрады. Капитандардың артында "ең мұқият" деген оқушылар тұрады. "Ең ақылды"," ең жылдам"," ең креативті "және т. б. оқушылар тізіліп тұра қояды. Оқушылардың соңғы үштігі - "ең сақ". Оларға өз бетінше жұмыс істегісі келетін топты таңдай алады. Осылайша, оқушылардың әр түрлі қасиеттері бар топтар құрылады. Бұған мұғалім ерекше назар аударады. Бұл сабақта жұмыстың басым түрі топтық жұмыс болады. Және топтағы оқушылардың әр түрлі қасиеті ең жақсы нәтижеге жеткізуге ықпал етеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Мұғалім өткен сабақта не оқығанын және осы сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болатынын еске түсіруді сұрайды. Оқушылар пікірлерін айтады, мұғалім қажет болған жағдайда құптайды және түзетеді. | 1-слайд 2-слайд. | |
Сабақтың ортасы 32 мин 5 мин 3 мин 15 мин 5 мин | Практикалық жұмыс. Алдыңғы сабақта іріктелген бөлшектерден мұғалім әрбір топ үшін робот-арбаның базалық құрылымын ұсынады. Мұғалім Робот-арбаның құрылымын көрсетеді: 1.Роботқа бұрылуды үйрету үшін екі үлкен мотор; 2.моторлардың күш-жігері берілетін екі жетекші доңғалақтар; 3.Бір еркін айналмалы дөңгелегі немесе жұмыс тұрақтылығын беретін шар тірегі; 4.Бір EV3 басты блогы, ол біздің бағдарламаны сақтайды және орындайды. 5.Роботтың аяқталған түрін беруге арналған бөлшектер. Тапсырма 1. Роботты құрастыру. Топтық жұмыс. Кегль-ринг үшін роботты құрастыруды аяқтау. Ол үшін EV3 модуліне моторлар мен датчиктерді қосу: * сол жақ мотор - "B" портына * оң жақ мотор- " C" портына * ультрадыбыстық датчик - " 2" портқа * түс датчигі - "3" портына. ҚБ. Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің 1-критерийді бағалау парағында бағалау. Жаңа материалды зерттеу. Роботты құрастырғаннан кейін бір кегльді табу үшін алгоритм әзірлейміз. Тапсырма 2. Алгоритмді құру. Жеке жұмыс Өткен сабақта кегль-ринг бойынша жарыстар үшін роботтың барлық іс-әрекетін еске түсіріңіз. Командаларды дұрыс реттілікпен қойып, бір кегльді табу алгоритмін қалпына келтіріңіз. Мұғалім алдын ала браузерде Learningapps мультимедиялық ортадағы дереккөзге сілтеме ашып қояды. Тапсырманың баламалы нұсқасы-Интернет желісі болмаған жағдайда, дереккөз ретінде алгоритм командалары бар карточканы пайдалануғак болады. Алгоритмнің дұрыс нұсқасы: 1.датчик өз осінің айналасында сағат тілімен кегльді тапқанға дейін айналу; 2.кегльге қарама-қарсы тоқтау; 3.түс датчигі өрістің қара шекарасын тапқанға дейін алға жылжу; 4.тоқтау; 5.өріс ортасына артқа жылжу. Саралау. Алгоритмді қалпына келтіру бойынша тапсырманы орындау кезінде команда капитандарына кегль-ринг бойынша жарыстардың ережелерін нақты еске түсіру үшін бейнелерді көрсетуге болады. Мұғалім бұл бейнені қандай мақсатта ұсынатынын алдын ала айтпайды. Шын мәнінде, бейнені көру оларға өз топтарында дене жаттығуын тиімді өткізуге көмектеседі. ҚБ. Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің 2-критерийді бағалау парағында бағалау. Физминутка. Мұғалім кегль-ринг бойынша жарысты модельдеуді ұсынады,онда топ оқушылары робот пен кегль рөлін орындайды, капитандар роботтарды басқарады, командаларды береді. Практикалық жұмыс Тапсырма 3. Роботты бағдарламалау. Роботты бағдарламалау жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз. Бағдарламалаудың негізгі қадамдарын атаңыз. 1. Роботты кегльді тауып, қарама-қарсы тоқтауға үйретеміз. 2.Ультрадыбыс датчигін пайдалана отырып, роботтың кегльді табуын бағдарламалаймыз. 3.Алға қарай жүру қозғалысы мен қара сызықтың қиылысында тоқтауды бағдарламалаймыз. 4.Робот құрылымын пысықтау-жалғағыш бекіту 5.Роботты шеңбер ортасына қайтаруын бағдарламалаймыз. 6.Барлық кегльдерді итеруге арналған циклді бағдарламалаймыз. 1-3 қадамдарын орындаңыз. Олар кегльді анықтауға және оны ринг шегінен шығаруға мүмкіндік береді. Саралау. 1-3 қадамдарды басқалардан бұрын орындаған оқушылар 4-6 қадамдарды орындай алады. Кегль-ринг бойынша топтардың жарысуы. Топтағы оқушылар роботтардың жұмысын көрсетеді. Қалған оқушылар бақылап, кері байланыс береді. ҚБ. Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің 3,4,5 критерийлерін бағалау парағында бағалау. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау: * Датчиктердің орналасуы есепті шешуге әсер ете ме және қалай? • Қандай конструкция ең сәтті болды және неге? * Робот үшін осындай тапсырманы қандай өмірлік жағдайда қолдануға болады? | 3-слайд Дереккөз №1. https://robot-help.ru/lessons/lesson-1.html 4-слайд Дереккөз №6 https://learningapps.org/display?v=p142om0pa19 5-слайд Дереккөз №3. https://www.youtube.com/watch?v=-eFKn_YHh7Q https://www.youtube.com/watch?v=hnpxFeApOYU 6-слайд Дереккөз №6 7-слайд Дереккөз №4 Дереккөз №5. Роботты бағдарламалау 9-слайд Дереккөз №6 10-слайд | |
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақты қорытындылау. Рефлексиялық «Нысана» әдісі Жеке жүргізіледі. Тақтада нысана салынады. Әрбір секторда рефлексия әрекетінің сұрақтары жазылады: сабақтың мақсатына жету деңгейі, тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық деңгейі, мұғалім жұмыс әрекетінің деңгейі, топтық жұмыстың жайлылық деңгейі. Әрбір оқушы нәтижені бағалауға сәйкес әрбір секторда бір белгіден қоюы тиіс: нысананың ортасына неғұрлым жақынырақ, ондыққа қарай, нысананың шеті нөлге жақын. Сабақ соңында мұғалім сабақты қорытындылап, нысана белгілерінің орналасуын талдайды. | 11-слайд | |
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау | |
Оқушылар түрлі қасиеттері бойынша 3 топқа бірігеді. Топтағы өзара әрекеттесу рөлдерді бөлу арқылы сараланады. Оқушылардың ЖАДА-ны ескере отырып, мұғалім топтық жұмыс кезінде капитан, спикер, таймкипер, идея генераторы рөлін дербес тағайындай алады. Үш тапсырманың әрқайсысында көптеген оқушылар үшін тапсырмалар нұсқалары және қосымша дереккөздер, неғұрлым қабілетті оқушылар үшін тапсырмалар қарастырылған. | Бағалау парағын қолдана отырып, өзін-өзі бағалау, әрбір тапсырманы мұғалім дескриптор бойынша бағалайды. Мұғалім барлық тапсырмаларды орындау барысында бақылауды жүзеге асырады, бағыттаушы сұрақтар мен тікелей ұсыныстар арқылы қолдауды жүзеге асырады. | Физминутка өткізу. Сабақтың басында қауіпсіздік техникасы туралы еске салу, сондай-ақ роботты құрастыру және оны бағдарламалау барысында тікелей қауіпсіздік мәселесін атап өту қажет. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру