Қима мен тіліктің түрлері. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.


Атырау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев

зияткерлік мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:2 Қималар мен тіліктер

Сабақ тақырыбы: Қима мен тіліктің түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.4.1 Сызбаларда қима мен тіліктерді қолданудың маңыздылығын білу және түсіну

10.2.4.2 Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану

Тілдік мақсаттар:

Сызба-чертеж-Drawing

қима-раздел-section

тілік-разрез-incision

Құндылықтарды дарыту:

Пән бойынша мағлұмат ала отырып, топтаса, жұптаса жұмыс жасап айналадағылармен бөлісе отырып, білім алады;

Пәнаралық байланыстар:

Сызу, геометрия, физика

АКТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта; ноутбук

Бастапқы білім:

Өткен бөлімде ақпараттарды визуалдау арқылы білу, түсіну және сызу дағдыларын орындауға негізделген.

Оқушылар:

Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау тәжірбиелерін үйренеді;

Геометриялық салулар дағдыларын игереді;

Сызбаларды рәсімдеуді және орындау ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың басы 5 минут:

Сабақ басында:

Оқушылармен танысу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ оқу мақсаттарына көз жүгірту.

Керекті материалдар тізімімен таныстыру, тарату.

Сабақтың ортасы 30 минут:

Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек дегенбіз. Бір көрініс жеткіліксіз болса, нәрсенің екінші көрінісін салады. Бұл да жеткіліксіз болса, нәрсенің үшінші көрінісін салуға болады. Алайда іс жүзінде пішіні сызбадағы көоіністер көмегімен ғана анықталмайтын тетікбөлшектерді кездестіруге болады. Қима – сызбаны оқуды жеңілдету үшін пайдаланылатын шартты кескін. Қима деп нәрсні жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері қимада сызылмайды.

Сызбада қима фигурасын сызықтап көрсетеді. Сызықтау тұтас жіңішке сызықпен орындалады. Оның жуандығы шамамен s/3-ке тең. Сызықтау 45º-қа тең бұрышпен көлбейтін және арақашықтықтары 2 – 2,5 мм болатын сызықтармен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың сызбадағы орны үзік сызықпен көрсетіледі. Бұл жуан сызық қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық қима сызығы деп аталады. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі.

Интернет-дереккөзі:

Бейненің- көрінісі, қимасы, тілігі.

http://graph.power.nstu.ru/wolchin/umm/eskd/eskd/GOST/2_305.htm

 

http://cadinstructor.org/eg/lectures/2-vidy-razrezy-sechenia/

 

Бейнені орындау барысында қолданатын шартты белгілер мен жеңілдетулер.

http://edu.tltsu.ru/er/book_view.php?book_id=1c02&page_id=17948

 

http://seniga.ru/index.php/uchmat/55-kompas/183-5.html

 

Сабақтың соңы 5 минут:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Нені білдім, нені үйрендім;

Нені толық түсінбедім;

Жұмысты немен жалғастыру қажет;

Дейін-зерттеді

кейін-орындады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу