Сфера және шар. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Оқушыларды топқа біріктіреміз. Әрбір топқа сфераның моделін (доп немесе тенниске арналған доп) және жазықтықтар (картон парағы) үлгісін таратамыз. Әр топқа сфераның және жазықтықтың өзара орналасуын модельдеу және олардың орналасуын сферасының радиусы R мен оның центрінен d жазықтығына дейінгі қашықтықтың арасындағы арақатынасына байланысты зерттеуді ұсынамыз.

Содан кейін әрбір топ өз нәтижелерін көрсетеді.

Оқушылармен бірге алынған қорытындыларды жалпылап және кесте түрінде рәсімдейміз:

Егер сфераның центрінен жазықтыққа дейінгі қашықтық сфераның радиусынан кіші болса, онда жазықтық пен сфера қиылысады. (Қимасы шеңбер.)

Егер сфераның центрінен жазықтыққа дейінгі қашықтық сфераның радиусына тең болса, онда жазықтықтың және сфераның бір ортақ нүктесі болады. (Жазықтық сфераға жанама.)

Егер сфераның центрінен жазықтыққа дейінгі қашықтық сфераның радиусынан артық болса, онда жазықтықтың және сфераның ортақ нүктесі жоқ.

Қосымша 2

Алынған білімдерін бекіту үшін оқушыларға жеке тапсырма ұсынылады. Тест немесе ауызша сұрау арқылы қамтылған материалды меңгеру деңгейін алдын-ала анықтап, тапсырмалары бар карточкалары таратылады.

A деңгейі.

Радиусы 41 дм шар центрінен 9 дм қашықтықта жазықтықпен қиылысқан. Қиманың радиусын табыңдар.

Жауабы: 1600 дм2.

В деңгейі.

А және В нүктелері центрі О н.ктесі болатын сферада жатыр. Егер АВ = см, бұрыш АОВ = 120° болса, сфераның радиусын табыңыз.

Жауабы: 8 см.

С деңгейі.

Сфера диаметрінің ұштары екі параллель жазықтықта жатыр. Бұл диаметрі бар түзу сызық әрбір жазықтықпен 600 бұрышын құрайды. Егер сфераның шеңбердің бірмен қиылысу радиусы 3-ке тең болса, шеңбер радиусы мен жазықтықтар арасындағы қашықтықты табыңыз.

Жауабы: АО = 6 см, АС =.

С деңгейі.

Сфера екі жақты бұрыштың жақтарын жанайды.Егер сфераның радиусы 8 см, ал жанасу нүктелерінің ара қашықтығы см болса, бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.

Жауабы: 90°.

Қосымша 3

Қосымша 4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу