Коллинеар және компланар векторлар. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар (15 сағ) | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Коллинеар және компланар векторлар. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын білу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда коллинеар, компланар және компланар емес векторларды ажырату дағдысын қалыптастыру. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат: оқушылар: вектор, бағыт, бағыттас, қарама-қарсы бағытталған ,координата сөз тіркестерін қолданады; Пәнге қатысты лексика мен терминология: баистік жіктелуі; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: коллинеар, компланар векторларды ажыратуды жүзеге асырады және оларды геометриялық терминдермен интерпретациялайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс арқылы бірін-бірі түсіну сыйласу, көмегімен және оқушылардың идеяларын бағалау арқылы оны тұлға ретінде қолпаштау көмегімен жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын қолдану. | ||||||
Бастапқы білім | Жазықтықтағы вектор, олардың түрлері, оларға қолданылатын амалдар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау. 3. Үй жұмысын тексеру. | ||||||
Сабақтың ортасы 12 мин 8 мин 7 мин 7 мин | 4. Жаңа тақырыпты беру.
Жазықтықтағы вектор тақырыбымен байланыстырылады.
5. Видео-материалды тамашалау. Алғашқы бекіту.Ұжымдық жұмыс. (Өзін-өзі тексеруге бағытталған.) (1-3 минуттар көсетледі.). Мысал есептердің шарты берілгенде видео уақытша тоқтатылады . Оқушылар орындарында отырып шығарады. Жауабы көрсетіледі. Соңғы төрт минутты сабақтың соңында көсетуге болады. Яғни, келесі тақырыпқа-«векторларды жіктеу» -шығу мақсатында. 6. Жұппен жұмыс.Бірін-бірі бағалауға бағытталған. 4 жұппен ақылдаса отырып шығарады. Уақыт аяқталғаннан кейін дәптерлерін көрші жұппен алмастырады. Басқа түсті қаламмен тақтадағы жауаптар бойынша жолдастарын бағалайды. Дескрипторды толтырады. Дауыстап қойған бағасын айтады. (Дулат пен Әсемде 3 дұрыс жауап.т.с.с.) 7. Білім мен біліктілікті жетілдіру. Активити «Таңда да таста» Әр оқушы коллинеар, компланар векторлардың анықтамаларын жазады. Жауаптарын умаждап бір-біріне «қар» жасап, музыка аяқталғанша 1 мин. атысады. Алдына түскен қаршаны алып, топқа бірігеді. Қағазда жазылған анықтамаларын дұрыс-қатесін талдайды. 8.Сабақты қорыту. Дескриптормен жұмыс. Қорытынды бағалау. | https://www.youtube.com/watch?v=7w1yNdSBmHA | |||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасын беру. Рефлексия. Сабақтан алған әсірі бойынша нысананы белгілейді. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады. Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. | Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы. | Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру