Перпендикуляр жaзықтықтaрдың белгісі мен қaсиеттері. Геометрия, 10 сынып, презентация, 1 сабақ.
Тест
1.Екі жазықтық қиылысса неше бұрыш пайда болады?
А) шексіз көп В)4 C) 8 D) 1
2. Түзу жазықтықты 900-пен қиып өтсе ол:
А)параллель В)көлбеу C)перпендикуляр D)барлығы да дұрыс
3. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың орналасуы:
А) параллель немесе қиылысады
В) тек параллель C) қиылысады D) айқасады
4. Кеңістікте екі жазықтықтық қалай орналасады?
А)параллель В)перпендикуляр C)параллель немесе қиылысады
D) барлығы да дұрыс емес
5. Кубтың бір жағына перпендикуляр неше қыры бар?
А) 1 В) 2 C) 3 D) 4
Сабақ тақырыбы:
Перпендикуляр жазықтықтардың белгісі мен қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
10.3.4 перпендикуляр жазықтықтардың белгісі мен қасиеттерін
біледі және есеп шығаруда қолданады
Бағалау критерийлері
кеңістіктегі екі жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен
қасиеттерін біледі;
кеңістіктегі екі жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен
қасиеттерін қолданады
Өзара перпендикуляр жазықтықтықтарға бөлменің қабырғасы мен еденінің жазықтықтықтары , бөлменің қабырғасы мен төбесінің жазықтықтықтары мысал болады
Перпендикуляр жазықтықтарға өмірден мысалдар келтіру.
Жұптық жұмыс:
Сәйкесінше сызбалар сызып, символдарды пайдаланып салдардың математикалық жызылымын орындау.
Салдар:
Егер қандай да бір жазықтық берілген екі жазықтық қиылысатын
түзуіне перпендикуляр болса, онда ол осы екі жазықтықтың
әрқайсысына да перпендикуляр болады.
2.Сызықтық бұрыштың жазықтығы сәйкес екі жақты бұрыштың
элементтеріне қырына, жағына перпендикуляр болады.
Жұптық жұмыс: Салдар:
Егер қандай да бір жазықтық берілген екі жазықтық қиылысатын түзуіне перпендикуляр болса, онда ол
осы екі жазықтықтың әрқайсысына да перпендикуляр болады.
2.Сызықтық бұрыштың жазықтығы сәйкес екі жақты бұрыштың элементтеріне қырына, жағына
перпендикуляр болады.
Топ 1
Теорема. Егер түзу өзара перпендикуляр болатын жазықтықтардың
біреуіне тиісті және жазықтықтардың қиылысу түзуіне
перпендикуляр болса, онда осы түзу екінші басқа жазықтыққа
перпендикуляр болады
Топ 2
Теорема. Берілген жазықтыққа перпендикуляр түзу арқылы екінші
бір жазықтық жүргізілген. Осы жазықтықтардың перепндикуляр
болатынын дәлелдеңдер.
Теореманы дәлелдеуі бойынша топтардың бағалану
дискрипторы:
Сәйкесінше сызбалар сызылған.
Символдарды пайдаланып математикалық жызылымы дұрыс орындалған.
Перпендикуляр жазықтықтардың белгісін және одан шығатын салдарларды біледі.
Теорема дұрыс дәлелденеді.
Түсінікті және академиялық тілді қолданып түсіндіреді.
А деңгей тапсырмасы
Арақашықтығы 4 м-ге тең екі вертикаль тұрған бағаналар ұштары
көлденең ағашпен қосылған. Бір бағананың биіктігі - 5 м,
екіншісінікі - 8 м. Көлденең ағаштың ұзындығын табыңыз
В деңгей тапсырмасы
ABC теңқабырғалы үшбұрышы мен BCDE квадратының
жазықтықтары өзара перпендикуляр.
Егер AB=4 болса, A нүктесінен DE қабырғасына дейінгі
қашықтықты табыңыз.
С деңгей тапсырмасы
Берілген α жазықтығында жатпайтын D нүктесінен сәйкес 18 см
және 10 см-ге тең DA және DB екі көлбеу жүргізілген. Олардың
жазықтыққа түсірілген проекция ұзындықтарының қосындысы 16
см-ге тең. Әрбір көлбеудің проекциясын табыңыз.
1. Бағалау. Жеке жұмыс бағалау критерийлері негізінде мұғалім тарапынан бағаланады.
2. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
3. Үйге тапсырма: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/stereometriya/ kengistiktegi-perpendikulyarlyq/lesson/eki-zhazyqtyqtyng-perpendikulyarlyq-belgisi сайтынан орындалмаған тапсырмаларды орындап келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру