Айқас түзулер арасындағы қашықтық. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

1-тапсырма. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Аталған айқас түзулердің арасындағы қашықтығын табыңыздар

№1. ВВ1 және СС1

№2. СС1 және АD

№3. ВВ1 және СD

№4. ВВ1 және DD1

№5. АС және ВB1

№6. АA1 және BD1

№7. ВA1 және СС1

№8. ВВ1 және АD1

9. A1В және С1D

Дескриптор:

- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс табады;

- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді;

- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты есептеп табады.

2-тапсырма. Алдыңғы тапсырмаға сүйене отырып келесі тұжырымдарды аяқтаңдар:

– Егер айқас түзулер параллель жазықтықтарда жатса, онда олардың арасындағы қашықтық ...

– Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа параллель болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ...

– Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ...

– Егер жазықтығына екі түзудің проекциялары түсірілген болса, онда ...

3-тапсырма. Әр әдіске мысал келтіріңдер (Ескерту: сызбада көрсетілген мысалды қолданбаңыздар)

4-тапсырма. Келесі тапсырмаларда қай әдісті қолданған тиімді:

№1. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АС және ВD1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер.

№2. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АB1 және ВС1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер.

№3. РАВС дұрыс үшбұрышты пирамида берілген. АВ мен РС түзулерінің арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіз.

Дескриптор:

- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс анықтайды;

- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу