Айқас түзулер арасындағы қашықтық. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бекітемін: ________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2A Геометриялық фигуралар | Сабақ № | Мектеп: | |||||
Сынып: | 10 | ||||||
Күні: | |||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Айқас түзулер арасындағы қашықтық | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.4 нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық пен айқас түзулер арасындағы қашықтықты таба біледі | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар екі айқас түзу арасындағы қашықтықты анықтап үйренеді | ||||||
Жетістік критерийлері | Айқас түзулердің ара қашықтығын анықтау әдісін біледі; Айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді; Айқас түзулердің ара қашықтығын анықтайды. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - айқас түзулер арасындағы ара қашықтықты табу алгоритмін түсінеді және түсіндіреді; - пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: -айқас түзулер, перпендикуляр, проекция, параллель жазықтықтар, перпендикуляр жазықтық; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Айқас түзулердің арақашықтығы ол біреуінің кез-келген нүктесінен...; - олардың проекцияларының арақашықтығын айтамыз; -берілген түзулерді қамтитын ..; -екіншісі арқылы өтетін жазықтыққа дейінгі арақашықтық ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрмет пен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру. | ||||||
Бастапқы білім | Планиметриядағы нүктелер мен түзулер геометриясы, кеңістікте түзулердің, жазықтықтардың орналасуы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақ барысы | Ескерту | |||||
Сабақтың басы 3 минут | Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру және өткен материалды еске түсіру үшін сұрақ қоюды ұйымдастыру: 1. Кеңістікте түзулер қалай орналасады? 2. Параллель, перпендикуляр түзулер дегеніміз не? 3. Айқас түзулер дегеніміз не? 4. Мысал келтіріңдер. 5. Түзулердің арасындағы қашықтық деп нені айтады? 6. Айқас түзулердің арасындағы кашықтық деп қай ара қашықтықты көрсетер едіңдер? ( Ой қозғау. Мұғалім оқушыларға калам немесе т.б. арқылы айқас түзулердің орналасуының бірнеше нұсқасын ұсынады. Оқушылар ұсынылған модель бойынша ара қашықтықты көрсетеді) Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру және оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін құру. Оқушыларды топқа бөлу. | ||||||
Сабақтың ортасы 32-минут | Оқушыларға топта қарастыруға келесі тапсырманы ұсыну. Жұмыс соңында әр топ бір тапсырманың жауаптарын оқитынын, ал қалған топтар жауаптарды өз жауаптарымен салыстыра отырып тексеретінін ескертіп айту. Мұғалім топтардың жұмысын бақылайды, қажет жағдайда кері байланыс береді. 1. АВСDA1B1C1D1 кубынның қырлары 1-ге тең. Аталған айқас түзулердің арасындағы қашықтығын табыңдар: №1. ВВ1 және СС1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №2. СС1 және АD түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №3. ВВ1 және СD түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №4. ВВ1 және DD1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №5. АС және ВB1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №6. АA1 және BD1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №7. ВA1 және СС1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №8. ВВ1 және АD1 түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз. №9. A1В және С1D түзулері арасындағы қашықтықты табыңыз Жауаптары: №1. 1 №2. 1 №3. 1 №4. №5. №6. №7. 1 №8. 1 №9. 1 2. Алдыңғы тапсырмаға сүйене отырып келесі тұжырымдарды аяқтаңдар: – Егер айқас түзулер параллель жазықтықтарда жатса, онда олардың арасындағы қашықтық ... – Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа параллель болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ... – Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ... – Егер жазықтығына екі түзудің проекциялары түсірілген болса, онда ... 3. Әр әдіске мысал келтіріңдер (Ескерту: сызбада көрсетілген мысалды қолданбаңыздар) 4. Келесі тапсырмаларда қай әдісті қолданған тиімді: №1. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АС және ВD1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер. №2. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АB1 және ВС1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер. №3. РАВС дұрыс үшбұрышты пирамида берілген. АВ мен РС түзулерінің арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіз. Дескриптор: - айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдістерін біледі; - айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс таңдайды; - айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді; Жұмыс соңында топтардың жауаптары талқыланады. Әр топ бір тапсырманың жауабын оқиды. Қалған топтар кері байланыс береді. Қиындық туындаған жағдайда есеп тақтада талқыланады. Жұмыс соңында топтар өз-өздерін бағалайды. Ол үшін әр топ өздеріне ұсынылған үлестірме парағында әр есептің толық, жартылай немесе дұрыс шығарылмағандығын әр тапсырманың тұсындағы дөңгелекті бояу арқылы белгілеп отырады. Оқушылардың келесіде қате жасаудың алдын алу үшін
деген сияқты сұрақтар қоюға болады. Соңғы тапсырманың жауабы слайд арқылы көрсетіледі. | Презентация Қолданылған әдебиеттер: 1.Балаян, Задачи на чертежах, 10-11 кл, Интернет-ресурстар: 1. https://nsportal.ru/shkola/geometriya/library/2012/04/03/rasstoyanie-mezhdu-pryamymi | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау мақсатымен мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып тақырыпқа сай презентация көрсетеді. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу алгоритмін құрады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үйге тапсырма: Қосымша 2 | ||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу арқылы тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Тапсырмалар оңайдан қиынға принципімен әзірленген. | Өзін-өзі бағалау Бірін-бірі бағалау Мұғалімнің кері байланысы | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау | |||||
Қосымша 1
1-тапсырма. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Аталған айқас түзулердің арасындағы қашықтығын табыңыздар
№1. ВВ1 және СС1
№2. СС1 және АD
№3. ВВ1 және СD
№4. ВВ1 және DD1
№5. АС және ВB1
№6. АA1 және BD1
№7. ВA1 және СС1
№8. ВВ1 және АD1
№9. A1В және С1D
2-тапсырма. Алдыңғы тапсырмаға сүйене отырып келесі тұжырымдарды аяқтаңдар:
– Егер айқас түзулер параллель жазықтықтарда жатса, онда олардың арасындағы қашықтық ...
– Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа параллель болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ...
– Егер а түзуі берілген жазықтықта жатса, ал b түзуі осы жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екеуінің арасындағы қашықтық ...
– Егер жазықтығына екі түзудің проекциялары түсірілген болса, онда ...
3-тапсырма. Әр әдіске мысал келтіріңдер (Ескерту: сызбада көрсетілген мысалды қолданбаңыздар)
4-тапсырма. Келесі тапсырмаларда қай әдісті қолданған тиімді:
№1. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АС және ВD1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер.
№2. АВСDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген. Сызбада АB1 және ВС1 арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіздер.
№3. РАВС дұрыс үшбұрышты пирамида берілген. АВ мен РС түзулерінің арасындағы қашықтықты сызып көрсетіңіз.
Дескриптор:
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс анықтайды;
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді;
Қосымша 2
Үй тапсырмасы
№1. АВСA1B1C1 дұрыс үшбұрышты призманың барлық қырлары 1-ге тең. Аталған айқас түзулердің арасындағы қашықтығын табыңдар:
1) АВ және B1C1 | 2) АС және ВB1 | 3) АВ1 және ВС | 4) АВ және СC1 |
Дескриптор:
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс табады;
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді;
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты есептеп табады
№2. Дұрыс алтыбұрышты АВС…E1F1 призмасы берілген. Көрсетілген айқас түзулердің арасындағы қашықтықты көрсетіңіз:
1) | 2) | 3) |
Дескриптор:
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты табу әдісін дұрыс табады;
- айқас түзулердің арасындағы қашықтықты сызбада көрсетеді;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру