Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы, Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты оқу және бекіту | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің және перпендикулярлығының қасиеттері мен белгілерін білу; - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің және перпендикулярлығының қасиеттерін есеп шығаруда қолдану; | |||||||||||
Бағалау критерийлері | - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгілерін біледі; - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгілерін қолданады; - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеттерін біледі; - түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеттерін қолданады; - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының белгілерін біледі; - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының белгілерін қолданады; - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеттерін біледі; - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеттерін қолданады; | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар: дұрыс математикалық терминдерді қолданады және кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың параллельдігінің және перпендикулярлығының қасиеттері мен белгілерін сипаттайды. Пәндік лексика мен терминология: нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер, қиылысатын түзулер, айқас түзулер, параллельдік, перпендикулярлық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулық, құрмет, сыйластық | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ (презентация РРТ) | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс | |||||||||||
Бастапқы білім | Стереометрия аксиомалары, кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру. Бастапқы білімді еске түсіру. Оқушылармен екі түзудің палеллельдігін талдау. Осы тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Егер жазықтық екінші жазықтыққа параллель түзу арқылы өтетін болса, онда жазықтықтардың қиылысу түзуі бастапқы түзуге параллель болады. Дәлелдеу. α жазықтығы β жазықтығына параллель а түзуі арқылы өтетін болсын және b түзуі жазықтықтардың қиылысу түзуі болсын. a және b түзулерінің параллельдігін дәлелдейік. Дәлелдеуді талдағаннан кейін оқушыларға келесі сұрақ қойыңыз: «Қалай ойлайсыздар, түзу жазықтыққа қатысты қалай орналасуы мүмкін?» Оқушыларды сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. | Слайд 1 Слайд 2-4 | ||||||||||
3 мин 10 мин 5 мин 5 мин 2 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру Оқушылармен түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын талқылау. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуының әрбір жағдайына анықтама беру және олардың қасиеттерін қарастыру. Түзу жазықтықты қиып өтеді Анықтама. Егер түзу мен жазықтықтың жалғыз ортақ нүктесі болса, онда олар қиылысады. Түзу мен жазықтықтың параллельдігі Анықтама. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктелері болмаса, онда олар параллель деп аталады. Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы Анықтама. Түзу мен жазықтық перпендикуляр деп аталады, егер түзу жазықтықта жататын кез-келген түзуге перпендикуляр болса. Келесі тұжырымдарды талдау үшін оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. І. Төмендегі тұжырымдардың ішінен дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз: 1. Жазықтықтан тыс жатқан түзу жазықтықта жататын қандай да бір түзуге параллель болса, онда түзу жазықтыққа параллель болады.(дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісі) 2. Егер жазықтық екінші жазықтыққа параллель а түзуі арқылы өтсе онда жазықтықтардың қиылысу түзуі болатын b түзуі а түзуіне параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті) 3. Бір жазықтыққа параллель болатын екі түзу өзара параллель болады. (қате) 4. Жазықтыққа параллель болатын түзу жазықтықта жататын кез-келген түзуге параллель болады. (қате) 5. Егер түзу жазықтықта жататын және қиылысатын екі түзуге де перпендикуляр болса, онда түзу жазықтыққа перпендикуляр болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының белгісі) 6. Егер жазықтық екінші жазықтыққа параллель түзу арқылы өтетін болса, онда жазықтықтардың қиылысу түзуі бастапқы түзуге параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті) 7. Егер түзу жазықтықта жатқан қандай да екі түзуге перпендикуляр болса, онда түзу мен жазықтық перпендикуляр болады. (қате) 8. Түзу жазықтыққа параллель. Түзу жазықтықта жататын қандай да бір түзуге перпендикуляр болуы мүмкін бе? (қате) 9. Егер түзу қиылысатын екі жазықтықтың әрбіреуіне параллель болса, онда түзу жазықтықтардың қиылысу түзуіне параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті) 10. Өзара параллель екі түзудің біреуі жазықтыққа пепендикуляр болса, онда екінші түзу де жазықтыққа перпендикуляр болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеті) 11. Егер екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр болса, онда түзулер параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеті) ІІ. Жоғарыдағы тұжырымдардың қайсысы түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын(параллельдігін) анықтауға болатын белгі бола алады? Тұжырымдарды талқылап, сыныпта талдағаннан кейін, презентацияда түзу мен жазықтықтың параллельдігінің(перпендикулярлығының) белгілерін презентацияда көрсетіңіз. Түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісі Жазықтықтан тыс жатқан түзу жазықтықта жататын қандай да бір түзуге параллель болса, онда түзу жазықтыққа параллель болады. Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының белгісі Егер түзу жазықтықта жатқан, қиылысатын екі түзудің әрбіреуіне перпендикуляр болса, онда түзу мен жазықтық перпендикуляр болады. Жеке жұмыс Оқушыларға түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын анықтауға есептер ұсыныңыз. Есептердің шығару нәтижесін мұғаліммен талдау. | Слайд 5 Слайд 6-8
Дидактикалық материал Слайд 9-10 Дидактикалық материал | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Өзін-өзі бағалау бойынша қорытындылау. Әрбір оқушы өзінің сабақтағы іс-әрекеттеріне және тақырыпты түсіну және меңгеру бойынша рефлексия жасай отырып, өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырғаннан кейін, кейбір оқушылардың жауаптарын тыңдауға болады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап бере отырып, карточкаларды толтырады.
Үй жұмысы М нүктесі АВС жазықтығынан тыс жатыр. ВС түзуі мен DE түзуінің перпендикулярлығын дәлелдеңіз.. | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары | ||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру