Дұрыс көпбұрыш. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: Дұрыс көпбұрыштар

Мектеп:

Күні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Дұрыс көпбұрыш.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.2 дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

 Сабақ мақсаттары

1)дұрыс көпбұрышты анықтау;

2) дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын анықтау;

3) дұрыс көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын анықтау;

 Жетістік критерийлер

Білу және түсіну

-дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі;

- дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын біледі

- дұрыс көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын біледі

 

Білімін қолдану

дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын есептерге қолдана алады

дұрыс көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын есептерге қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер ­

  • дұрыс көпбұрыш
  • дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
  • дұрыс көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы

 Құндылықтарды дарыту

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Алгебра, Жол жүру ережелері, Қолөнер. Архитектура

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Көпбұрыш анықтамасын, теңқабырғалы үшбұрыш пен шаршы қасиеттерін білу; көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын білу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру.

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың үй жұмысын, сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу(көпбұрыштар бойынша)

Проблемалық сұрақ: Қолдарыңыздағы немесе мына фигураларды бір сөзбен қалай атауға болады ?

Жаңа сабақ тақырыбы айтылады

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

10 минут

І. Теориялық бөлім. Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап береді

1) Сынық деген не?

2)Сынық төбелері, буындары деген не?

3)Жай сынық, күрделі сынық деген не?

4) Тұйық сынық деген не?

5) Көпбұрыш дегеніміз не?

6)Жазық көпбұрыш дегеніміз не?

7)Көпбұрыш төбелері, қабырғалары деген не?

8)Көпбұрыш диагоналі деген не?

9)Дөңес көпбұрыш деген не?

10) Көпбұрыштардың адам өміріндегі орны? (Жаhандық азаматтық)

Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?Осы елдер туралы не білесіңдер? Саяхаттап барып көрдіңдер ме? Ол елдерде достарың бар ма?

Мына ұлттық киім қай елдікі? Орнаменттерінде қандай көпбұрыштар бар? Осы ел туралы не айта аласың?

11) Көпбұрыштардың тағы қандай түрлері бар?

5-7 слайдтар

Презентация

8-14 слайдтар

5 минут

3 минут

2 минут

3 минут

2 минут

Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылау.

«True-False» ойыны: Мыналар дұрыс көпбұрыштар!

Дұрыс үшбұрыштың және дұрыс төртбұрыштың басқаша аталуын және қасиеттерін еске түсіруді сұрау.

дұрыс көпбұрыш болып табылмайды

ІІ. Топтық жұмыс

І топқа

Суреттегі дөңес n бұрышта неше үшбұрыш бар?

Шешуі: Дөңес n бұрыштың қабырғалар саны n болғандықтан, үшбұрыш саны да n болады.

Дескриптор: 1) Дөңес n-бұрыштың қабырғалар санын анықтайды; 2) үшбұрыш санын анықтайды.

ІІ топқа

297-есеп. 5,6,8 n-бұрышты көпбұрыштың әрбір төбесінен неше диагональ жүргізуге болады? Неше үшбұрыш бар?

Шешуі:

5-бұрыштың әрбір төбесінен 2 диагональ жүреді.

6-бұрыштың әр төбесінен 3 диагональ жүреді.

8-бұрыштың әр төбесінен 5 диагональ жүреді.

Сонда, n бұрыштың әр төбесінен n-3 диагональ жүреді.

Дөңес n бұрышта (n-3) диагональ (n-2) үшбұрышқа бөледі.

Дескриптор: 1) Дөңес n-бұрыштың әр төбесінен жүргізілген диагональдар санын анықтайды; 2) үшбұрыш санын анықтайды

ІІІтопқа 298-есеп.

Дөңес n-бұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы неге тең?

Шешуі:

Барлық сыртқы бұрыштардың төбелерін бір нүктеге келтіріп, параллель көшірсек,мына сурет шығады. Олардың қосындысы 360° болады. Олай болса, дөңес n бұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы 360 ° болады.

Дескриптор: 1) Дөңес n-бұрыштың барлық сыртқы бұрыштардың төбелерін бір нүктеге келтіріп, параллель көшіреді; 2) Дөңес n-бұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын анықтайды.

Әр топ өз қорытындыларын басқа топтарға таныстырады. Басқа топтар алдын ала бірлесе дайындалған критерий бойынша өзгелердің таныстырылымын бағалайды.

Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

ІІІ. Зерттеу жұмысы.

Әр топқа көпбұрыштар таратылып, транспортир көмегімен өлшеп, ішкі бұрыштарының қосындысын таблицаға толтыру.

Теоремаға шығу

Оқушылар зерттеу жұмысын талдай отырып, дөңес көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасайды

Қабырғалар

саны

Бұрыштарының қосындысы

Көбейткішке жіктеу

Байланыстыру

3

4

5

6

...

n

180°

360°

540°

720°

180°*1

180°*2

180°*3

180°*4

180°*(3-2)

180°*(4-2)

180°*(5-2)

180°*(6-2)

...

180*( n -2)

Сөйтіп біз жаңа теоремаға келдік.

Теорема. Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 °(n -2)-ге тең болады.

Теореманы дәлелдеу. Топтық жұмыс. Оқушылар «Атом- молекула» ойыны арқылы қайтадан 3 топқа бөлінеді. Оқушылар алдыңғы шығарған топтық жұмыс нәтижесін пайдаланып, теореманы дәлелдейді.

Ітоп: ІІ топ:

ІІІ топ:

Қорғау. Әр топ өз дәлелдеуін тақтада қорғайды.

Дәлелдеулер:

  • Үшбұрыштар саны n -2, ал үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°. Олай болса, дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысы осы үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысына тең болады: 180°(n-2)
  • Үшбұрыштар саны n, үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180°.Сонда барлық үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысы 180°*n болады.Енді осыдан центрлік бұрыштарды алып тастасақ, ол 360°, дөңес n-бұрыштарының қосындысы шығады: 180°n-360° 180°(n-2).
  • Анықтама бойынша ішкі және сыртқы бұрыштар – сыбайлас бұрыштардың шамасы 180°. Олардың саны n. Барлығының қосындысы 180°*n. Осыдан сыртқы бұрыштардың қосындысын шегерсек, дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысы шығады: 180°*n-360°=180°(n-2).

Қосымша дәлелдеу.

  • Мұғалім сыныпты жетелеу арқылы арифметикалық прогрессияны пайдаланып дәлелдейді.

Көпбұрыштың бұрыштарының қосындысын тізбектеп жазайық:

180°,360°,540°,720°,...

3 4 5 6 n

а1 а2 а3 а4 аn-2

а1=180°, d=360°-180°= 180° - арифметикалық прогрессия.

аn-2 = а1+ d(n-2-1) =180 °+180 °( n-3) =180 °( n-2)

Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі, бағаланады.

VІ. Есеп шығару.

Ауызша есептеу. Үй шатырының бұрышын тап.

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/tortburyshtar/lesson/synyq-syzyq-kopburysh-zhane-onyng-turleri

16-18 слайдтар

19 слайд

10 минут

Жұптық жұмыc. (Деңгейлік тапсырмалар)

Сынып жұптарға бөлінеді: қарапайым деңгейдің оқушысы орта деңгеймен, ал орта деңгейдің оқушысы жоғары деңгейлің оқушысымен жұптасады. Жұп оқушылары 3 деңгейлік тапсырмалардың біреуін таңдап бірлесіп шығара алады, қалған екі тапсырманы жеке дәптерлерінде орындап, мұғалім берген бағалау дескрипторы арқылы бір-бірін бағалайды.

Қарапайым деңгей.

Орта деңгей.

Жоғары деңгей.

Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз, егер:

а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса;

ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса;

Жауабы: а) 9; ә) 10

ABCDЕ- дұрыс бесбұрыш, ал ∆ABF – теңқабырғалы үшбұрыш. AFЕ бұрышы неге тең?

Жауабы: 33°

ABCDЕ... дұрыс көпбұры -шында BDЕ бұрышы 120°-қа тең. Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтаңыз.

Жауабы: 9

Дескриптор:

1)Дөңес n бұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысының формуласын біледі;

2)Дөңес n бұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысын әр төбесіндегі ішкі (сыртқы) бұрышы мен қабырға саны n-ге көбейтіндісін теңестіреді;

3)Қабырғалар санын табады.

Дескриптор:

1)Теңқабырғалы үшбұрыш- тың бұрыштарының қасие -тін біледі;

2)Дұрыс бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді;

3) Дұрыс бесбұрыштың бір төбесіндегі бұрышты есептейді;

4)Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштарының қасиетін пайдаланып белгісіз бұрышты есептейді.

Дескриптор:

1)Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын жазады;

2) Дұрыс көпбұрыштың бір төбесіндегі бұрышты өрнектейді;

3)Сыбайлас бұрыштар қасиетін қолданады;

4) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын пайдаланады;

5)Теңдеу құру арқылы белгісіз бұрышты табады.

Оқушылар есептердің шешуін және жауаптарын талдайды, қателерін жөндейді, есептердің бақа шығару жолдары болса, бөліседі, сұрақтар қояды. Мұғалім бақылайды, комментарий жасайды, керек кезінде есептердің шешуі мен жауаптарын дұрыс жолға бағыттап, оқушыларға кері байланыс береді.

22 слайд

Сабақтың соңы

2 - мин

Қорытындылау, оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар рефлексиясы үшін сұрақтар:

  • нені білдім,
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болды

немен әлі жұмыс жасау қажет

Үйге тапсырма:

№1.Самат ішкі бұрыштарының қосындысы 1620° болатын дұрыс көпбұрыш салуға болады деді. Дұрыс па? Неліктен?

№2. Дұрыс 18-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын және төбесіндегі бұрышын есепте.

23 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады

топтық

жеке

Жеке (топтық) жұмыс кезеңдерінде және үй тапсырмасында қолданылады

Бірін-бірі бағалау.

Мұғалімнің жалпылама бағалауы

Физкультминуткалар немесе көз жаттығуы.

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ өту барысында ұнамаған немесе келешекте нені ескеруім керек мәселелер:

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу