Дұрыс көпбұрыш. Геометрия, 9 сынып, қосымша материал.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулық:
Дұрыс көпбұрыштар.
Оқу мақсаттары:
9.1.2.2 дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу;
Сабақ мақсаты: Бұл сабақ дұрыс көпбұрышты анықтап, дұрыс көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын анықтауға бағытталған. Сабақта практикалық жұмыс жүргізу арқылы оқушылар зерттеушілік қабілетін дамытады;
Сабақ түрі: зерттеу сабағы.
Негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) Берілген нүктелерді тізбектеп кесінділермен қосқанда пайда болатын фигура сынық деп аталады.
2)Нүктелер сынық төбелері, ал кесінділер буындары деп аталады.
3)Егер сынықтың буындары қиылыспаса жай сынық, ал қиылыысса күрделі сынық деп аталады.
4) Басы ұшымен беттесетін сынық тұйық сынық деп аталады.
5) Тұйық жай сынық сызық көпбұрыш деп аталады.
6)Жазық көпбұрыш дегеніміз не?
7) Сынықтың төбелері көпбұрыштың төбелері деп аталады,ал сынықтың буындары көпбұрыштың қабырғалары деп аталады.
8) Көпбұрыштың көршілес емес екі төбесін қосатын кеінді көпбұрыштың диагоналы деп аталады.
9) Егер көпбұрыш оның қабырғаларын қамтитын әрбір түзуге қатысты бір жарты жазықтықта жатса,онда мұндай көпбұрыш дөңес көпбұрыш деп аталады.
10) Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.
11) Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 ° ∙ (n -2)-ге тең болады.
12) Дөңес n бұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы 360 ° -қа тең болады.
Сабақ жүрісі:
Сабақ басында оқушылар фигураларды таңдайды, мұғалім топтық жұмыс жасау үшін тең қабырғалы үшбұрыш, квадрат, дұрыс алты бұрыш фигуралары арқылы сыныпты 3 топқа бөледі. Проблемалық сұрақ қою арқылы сабақ тақырыбы анықталып, сабақ мақсаты және жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланып белгіленеді және оқушыларға сабақ кезеңдері таныстырылады.
Теориялық мағлұмат алу үшін оқушылар оқулықтан тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар соңында жаһандық азаматтыққа баулу үшін оқушыларға тақырыпқа сәйкес презентация көрсетіліп, мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Оқушылар білімін өзектілендіру үшін «True-False» (Истина - Ложь) ойынын ауызша ойны жүргізіледі. Ойын соңында оқушыларға мұғалім кері байланыс береді.
Оқушылар алдағы жаңа теореманы дәлелдеуді жеңілдету үшін топтық жұмыс орындайды, яғни бұл тапсырма теореманың дәлелдеуінің бір бөлігі болып табылады. Таратылған үлестірмелер бойынша есептер шығарылып, топта талданады. Әр топ өз қорытындыларын басқа топтарға таныстырады. Басқа топтар алдын ала бірлесе дайындалған критерий бойынша өзгелердің таныстырылымын бағалайды.
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін зерттеу жұмысы жүргізіледі. Әр топқа көпбұрыштар таратылып, транспортир көмегімен өлшеп, ішкі бұрыштарының қосындысын таблицаға толтырады. Оқушылар зерттеу жұмысын талдай отырып, дөңес көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасайды: Теорема. Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180° ∙ (n -2)-ге тең болады. Оқушылар алдыңғы топтық жұмыстың нәтижесін пайдаланып теореманы өте оңай дәлелдей алады. Теореманы сынып деңгейіне қарай 1,2 немесе 3 тәсілмен дәлелдеуге болады. Ал сынып деңгейі жоғары болса, арифметикалық прогрессияны қолданып дәлелдеуге болады.
Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі, бағаланады.
Тақырыпты бекіту мақсатында ауызша есеп: «Үй шатырының бұрышын тап.» шығарылады. Оқушылар бұл тапсырманы орындау үшін мына сұрақтарға жауап беруі керек:
- Бесбұрыштың табанындағы бұрыштар неше градус болады? (90°)
- Бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша болады? (540°)
- Ізделінді бқрышнеше градус болады? (120°)
Сабақ соңында оқушылар жұптық жұмыс орындайды. Сынып жұптарға бөлінеді: қарапайым деңгейдің оқушысы орта деңгеймен, ал орта деңгейдің оқушысы жоғары деңгейлің оқушысымен жұптасады. Жұп оқушылары 3 деңгейлік тапсырмалардың біреуін таңдап бірлесіп шығара алады, қалған екі тапсырманы жеке дәптерлерінде орындап, мұғалім берген бағалау дескрипторы арқылы бір-бірін бағалайды.
Қарапайым деңгей. | Орта деңгей. | Жоғары деңгей. |
Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз, егер: а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса; ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса; Жауабы: а) 9; ә) 10 | ABCDЕ- дұрыс бесбұрыш, ал ∆ABF – теңқабырғалы үшбұрыш. AFЕ бұрышы неге тең? Жауабы: 33° | ABCDЕ... дұрыс көпбұры -шында BDЕ бұрышы 120°-қа тең. Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтаңыз. Жауабы: 9 |
Дескриптор: 1)Дөңес n бұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысының формуласын біледі; 2)Дөңес n бұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысын әр төбесіндегі ішкі (сыртқы) бұрышы мен қабырға саны n-ге көбейтіндісін теңестіреді; 3)Қабырғалар санын табады. | Дескриптор: 1)Теңқабырғалы үшбұрыш- тың бұрыштарының қасие -тін біледі; 2)Дұрыс бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді; 3) Дұрыс бесбұрыштың бір төбесіндегі бұрышты есептейді; 4)Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштарының қасиетін пайдаланып белгісіз бұрышты есептейді. | Дескриптор: 1)Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын жазады; 2) Дұрыс көпбұрыштың бір төбесіндегі бұрышты өрнектейді; 3)Сыбайлас бұрыштар қасиетін қолданады; 4) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын пайдаланады; 5)Теңдеу құру арқылы белгісіз бұрышты табады. |
Оқушылар есептердің шешуін және жауаптарын талдайды, қателерін жөндейді, есептердің бақа шығару жолдары болса, бөліседі, сұрақтар қояды. Мұғалім бақылайды, комментарий жасайды, керек кезінде есептердің шешуі мен жауаптарын дұрыс жолға бағыттап, оқушыларға кері байланыс береді.
Үйге тапсырма:
№1. Самат ішкі бұрыштарының қосындысы 1620° болатын дұрыс көпбұрыш салуға болады деді. Дұрыс па? Неліктен?
№2. Дұрыс 18-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын және төбесіндегі бұрышын есепте.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру