Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.
№1
Дұрыс n-бұрыштардың периметрлерінің қатынасы a:b қатынасындай.
Олардың аудандарының қатынасын табыңдар.
№2
Егер тік төртбұрыш қабырғаларының қатынасы 4:9 қатынасындай болса, ал оның ауданы 144 м2 болса, оның қабырғалары неге тең болады?
№3
Ұқсас үшбұрыштардың аудандары 75м2 және 300м2. Екінші үшбұрыштың бір қабырғасы 9м. Бірінші үшбұрыштың осы қабырғаға ұқсас қабырғасының ұзындығын табыңыз.
№4
АВС және А1В1С1 үшбұрыштары ұқсас және қабырғаларының ұқсастық коэффициенті 6:5-ке тең. Берілген үшбұрыштардың аудандарын табыңыз, егер АВС үшбұрышының ауданы А1В1С1 үшбұрышының ауданынан 77см2-қа артық болса.
№5
Жер телімінің ауданы үшбұрыш тәріздес. Планға бейнеленген үшбұрыштың ауданы 87,5 см2. Егер масштаб 1:100000 болса, онда жер телімінің ауданын табыңыз.
№6
АВС тең бүйірлі үшбұрышының АВ бүйір қабырғасының ұзындығы 7-ге тең, АС табанының ұзындығы 4-ке тең. АСD үшбұрышы АВС үшбұрышына ұқсас және D нүктесі А және В-ға сәйкес келмейтіндей, АВ қабырғасынан алынған. АВС үшбұрышының ауданының ACD үшбұрышының ауданына қатынасын табыңыз.
Жауабы: 49/16
Үй тапсырмасы:
Екі ұқсас үшбұрыштардың қабырғаларының қатынасы 3:4 қатынасындай, ал олардың аудандарының айырмасы 70-ке тең. Осы үшбұрыштардың аудандарын анықтаңыз.
Жауабы: 90;160
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру