sin∝, cos∝, tg∝ және ctg∝ мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 4 сабақ.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табу».

Оқу мақсаттары:

8.1.3.24

мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табады;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

  • тригонометриялық функциялардың кез келгенін берілген бұрыш арқылы анықтауды;
  • тригономтериялық функциялардың анықтамаларын;

қолдана алады:

  • мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табуды есеп шығаруда.

Теориялық материал:

Теориялық материал:

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Сабақты № 1-4 слайдтағы қайталау тапсырмасымен бастаймыз. Өткенді бекітіп алып барып, жаңа сабаққа көшу.

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс. (№ 5-8 слайд)

Оқушылар слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тақырыптық есептер (№ 9, 10 слайд) барлық сынып оқушыларымен техникалық дағдыларын қалыптастыруға есептер шығару.

Топтық жұмыс. (№ 11 слайд)

Сынып оқушыларын отырған қатары бойынша топтарға бөліп, оларға слайдтағы тапсырманың сәйкес бағамын орындауды талап ету.

Жекелеме жұмыс. Есептер шығару

Оқушылар жеке дара жұмыс жасайды. Жеткілікті уақыттан соң, мұғалім орындарынан тұрғызып сұрайды. Осы жерде мұғалім мейлінше баяулап отырған оқушыға назар аударғаны абзал. Мүмкін болса ондай оқушының жанына барып, қиындық тудырған сұрақтарына жауап беру керек. (Қосымша 1. № 12, 13 слайд)

Сабақтың аяғы

Әңгімелесу. Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. Слайд № 15

Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Экранды ұзақ уақыт қаратпау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.

Ақпарат көздері:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу