Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

ТРАПЕЦИЯ, оның қасиеттері мен түрлері

Оқу мақсаттары:

8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу

Анықтама:

Екі қабырғасы ғана параллель болатын төртбұрыш трапеция деп аталады

ABCD – трапеция

BC, AD –трапеция табандары, ВС ║ АD

AB,CD – бүйір қабырғалары

Трапецияның биіктігі деп табандарының ортақ перпендикулярын айтады, яғни бір табанының нүктесінен екінші табаны жататын түзуге жүргізілген перпендикуляр.

Трапецияның қасиеттері:

1-қасиет.

Трапеция дөңес төртбұрыш болады.

2-қасиет.

Трапецияның бүйір қабырғасына іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең.

Теңбүйірлі трапеция

Анықтама:

Бүйір қабырғалары тең трапеция теңбүйірлі деп аталады

AB=CD

ABCD - теңбүйірлі трапеция

Тікбұрышты трапеция

Анықтама:

Бір бұрышы тік болатын трапеция тікбұрышты трапеция деп аталады

ABCD тікбұрышты трапеция

Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері

Теңбүйірлі трапецияның әр табанындағы бұрыштары тең.

Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең.

Теңбүйірлі трапецияның белгілері

Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда ол теңбүйірлі болады.

Егер трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол теңбүйірлі болады

Теңбүйірлі немесе тікбұрышты трапецияларды сәулет ғимараттарында қолдану - ғимараттарға беріктік, ал олардың сыртқы түріне - өзгешелік береді. Суретте б.э.дейінгі 12-14 ғасырлардағы ацтектардың пирамидалары (Тенаюка, Мексика) және қазіргі ғимараттар (Индианаполис, США) бейнеленген.

Есеп 1

Бер: ABCD трапеция,

АВ = СD = ВС.

Табу керек: трапецияның бұрыштарын.

Есеп 2

Бер: ABCD трапеция,

АD = 7, ВС = 5, АВ = CD.

Табу керек: СD.

Рефлексия

- Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма?

- Қандай қиындықтар туындады?

- Қай мәселені шешу үшін көмек керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу