Сәндік гүлдер дақылдары. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал, 13 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Үй мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Сәндік гүлдер дақылдары.

Сабақ мақсаты:

6.2.5.1

Сәндік гүлдер түрлерін өсіру технологиясын зерттеу және сипаттау.

Сабақ барысы

Сабақты ұйымдастыру кезеңі.

  • мұғалім оқушыларды сабақты оқуға ынталандырады.
  • оқу үрдісінде ынталандыру үшін жағдайлар жасайды.

Өткен материалды қайталау.

Оқушылар топта берілген сұрақтарға жауап береді.

* Гүл өсірушілік дегеніміз не?

* Гүл өсімдіктерін қандай түрлерген бөлуге болады?

*Гүл өсімдіктерінің әрбір тобының ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.

Жаңа ақпарат

1 кезең

"Барлығын орнын орнына қой" әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыптарын оқиды.

Оқушыларға ақпараттық мәтін беріледі. Мәтін барлығына бірдей. Оқушылар топтық жұмысты істеу барысында өздерінің альбомдарында реттілік бойынша ақпаратты орналастырады.

"Сәндік гүлдердің вегетативті көбеюі - материалдарды дайындау тәсілдері және жағдайдың ерекшелігі мен тамырының жайылуына қарай әрқилы.

1. Бұтақтарының бөлінуі.

2. Сұлатпа шыбықтан көбейту

3. Түбін ажыратып көбейту 

4. Тамыр атпаларынан көбейту

5. Мұртшалары арқылы.

6. Балапан тұқымдарымен.

Тұқым арқылы көбею өсімдіктердің жаңа құнды сорттарын алуға мүмкіндік береді.

2 кезең

Топтар сыныптастарының жұмыстарымен танысады.

Теориялық материал

Өсімдіктердің ұрпақтар арқылы өзін-өзі қайталап, түрдің сақталып, өкілдерінің таралуын қамтамасыз ету қабілетін көбею деп атайды.

Қолдан вегетативтік көбейту. Қолдан вегетативтік көбейту ерте заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі — телу әдісі.

Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өз тамырыңда өсіп тұрған өсімдікті телітуші (подвой) деп, ал оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды.

Телу үшін өсімдіктер таңдап алынады да бірнеше мынадай талаптар орыңдалуы қажет: телінушінің өткен жылдары жаппай гүлдеп, мол жеміс берген, ауруға шалдықпаған сау бұтақтары алынады, телітушінің тамыр жүйесі жақсы жетілуі, телінушіден шыққан өркендерді қоректі затпен қамтамасыз ете алатындай қуатты болуы керек; ауруға шыдамды, ортаның қолайсыз әсеріне төтеп берерліктей болуы қажет.

Осындай шарттар орындалғаңда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады, Мысалы, жеміс-жидекті өсімдіктерден жүзімді алайық. Оның аса қауіпті ауруы — филлоксера. Жүзімнің өнімін төмендетіп жіберетін осы дерт. Ғалымдар мәдени жүзімнің сорттарын жабайы жүзімге телу арқылы бұл аурудан құтқарды. Өйткені жабайы жүзім тамыры филлоксера ауруына төтеп бере алады. Сол сияқты раушан гүлін итмұрынға теліп телітушінің хош иісті, әсем гүлдерін алуға болады. Осы қасиеттеріне бола негізінде ғалымдар лимон, мандарин, алхоры, алманың мәдени сорттарын өзді-өзінің жабайы түріне теліп олардың жаңа сорттарын алды.

Компоненттер бір-біріне тез ұласуы үшін телінуші мен телітушінің түзуші ұлпасы — камбий, тағы басқа аттас ұлпалары бір-бірімен сәйкес келуі қажет. Компоненттердің арасындағы енген жасушалардан пайда болған қабат біртіндеп айналасындағы тірі жасушаларға сіңіп кетуі, телінетін екі өсімдік жүйелілік тегі жағынан бір-біріне жақын болуы керек. Алшақ болса, оңайлықпен теліне қоймайды және күткен нәтижені бермейді. Мысалы, екі тұқымдасқа жататын өсімдіктерге қарағанда бір туыстың екі түрі өзара тез ұласады.

Телу тәсілдері. Қазіргі кездегі телудің жүзден астам тәсілі белгілі. Олардың көп қолданылып жүргендері — жанастыра телу, кесінділеп (қалемшелері арқылы) телу және көзшелеп телу.

Жанастыра телу үшін қатар өсіп тұрған екі өсімдіктің бірін телітуші, екіншісін телінуші етіп алады. Екеуінің де жанасар жақтағы беттерінің қабығын шамалы сылып тастап, екеуін өзара жанастырады да сыртынан жұмсақ жіппен орап байлайды. Сүректі өсімдіктерді теліген кезде байлауға жөке ағашының суға салып жұмсарылған тін талшығы пайдаланады. Осы қалыпта қалдырылған компоненттер шөптесін өсімдікте 10 күнде, сүректі өсімдік те бір-екі вегетациялық кезеңде ұласады. Телінушінің ұласқандығы бүршіктердің өркендей бастауынан байқалады.

Жанастыра телу кезінде есте болатын жағдайлар: біріншіден, компоненттердің сылынған жерінің көлемі бірдей болуы; екіншіден, телінуші ретінде алынған өсімдік өркенінің кесетін жерден жоғарғы бөліміңде бүршіктерінің болуы. Телінгеннен бір немесе екі вегетациялық кезең өткен соң компоненттер ұласады, осы кезде телітушіні жоғарғы жағынан, телінушіні төменгі жағынан кеседі.

Кесінділеп телу тәсілдері қолданылады (109-сурет, 2, 3). Кесінділеп телудің: жарықшақтап телу, беттестіре телу және т.б. түрлері бар.

Копулировкада — телушіге алынған қалемшенің 2-3 бүршігі болуы кажет, телінушінің қалемшесі мен телітушінің сабағынан қиғаш кесінді жасалады және де компоненттердің камбий қабаттары сәйкес келетіндей диаметрлері бірдей болады. Копулировка жасалған жерге балшық немесе ағаш көмірінің, ұнтағын сеуіп қояды. Бұл телінген жерге ауру тудыратын микроорганизмдердің ұяламауы үшін қажет. Ал ағаштар мен бұталарды теліген кезде компоненттердің диаметрі сәйкес келе бермейді. Мұндай жағдайда кесінділеп телудің басқа тәсілдері қолданылады.

Көзшелеп телу — мұнда телінушіге көзше, яғни бүршік, телітушіге өсіп тұрған өсімдік алынады (1-сурет, 4). Бүршікті алу үшін өркеннің бүршік тұрған жерінің жоғарғы және төменгі жағынан көлденең кесінді жүргіземіз де, жоғарыдан төмен қарай аздап қабығын ілестіре көзшені сылып аламыз. Телітушіден Т әрпіне ұқсас бір-біріне перпендикуляр кесінді жасаймыз. Кесілген жердегі қабықты пышақтың ұшымен көтеріңкіреп, бүршікті ендіреміз. Бүршіктің қалқаншасын бастыра байлап қоямыз. Телінген жерге қайың көмірінің ұнтағын себеміз. Бұл жарақаттанған жерді микроорганизмдердің зиянды әсерінен сақтайды. Көзшелеп телудің басқа тәсілдерден   тиімділігі компоненттер мықты болып тез ұласады, телуге материал аз кетеді, арзанға түседі.

Практикалық тапсырма

Оқушыларға топтарда постер дайындау қажет. Гүлдердің екі түрлі көбею тәсілдерін коллаж, аппликация, графика, кескіндеме және т.б. техникаларда орындап түсіндірулері қажет.

Бағалау

Оқушылар бір - біріне жасаған жұмыстарын таныстырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу