Жұмысты қорғау. Көрме . Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Жұмысты қорғау. Көрме

Оқу мақсаты: 6.3.1.1

Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме т.б.).

Сабақ барысы:

Бұл сабақ сәндік – қолданбалы өнер тарауының қорытындылайтын сабағы. Оқушылардың бірнеше сабақ бойы жасаған шығармашылық жұмыстарын бағалап, жұмыс барысына нүкте қоятын кез.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырылымға дайындап, көрме ұйымдастырады.

Шығармашылық жұмыстың таныстырылым бөлігіне үлкен көңіл бөлу қажет.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын кез келген үлгіде таныстыра алады.

Олар: ауызша, бейнематериал/фотосуреттер, АҚТ дағдыларын қолданып, презенация жасау және т.б.

Ең бастысы оқушы жұмыс барысына назар аударып, шығармашылық жұмысты орындау барысында қандай қиындықтарға тап болғандығы, оны қалай шешкендігі жөнінде баяндау қажет.

Оқушылар таныстырылым барысында ойларын ашатындай сұрақтар қойыңыз.

Олар:

  • Жұмыс барысында не қиын болды?
  • Кездескен мәселені шешу үшін қандай тәсілдерді қолдандың?
  • Табиғи материалдармен жұмыс барысында не қиын болды? Не сәтті шықты?
  • Табиғи материалдардан тағы не жасар едің?
  • Шығармашылық жұмысыңның атауын неге осылай атадың?

Көрме ұйымдастыр.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастыру қажет. Көрме ұйымдастыру үшін оқушылар мектеп аудиториясы ішінен көрме ұйымдастыруға оңтайлы болатын орын табу қажет.

Орын тапқаннан кейін көрмені ұйымдастыруға қажетті жабдықтарды анықтап, афиша, шақыру билеттерін жасау қажет. Көрменің атауын қойып, өтетін орны мен уақытын белгілеу қажет.

Рефлексия

Кері байланыс тарау бойынша жасалады.

  • Мен білдім....
  • Мен үйрендім...
  • Мен .... тәсілмен жасадым
  • Мен алғаш рет жасап көрдім...
  • Маған әрі қарай...дағды көмектеседі.
  • Мені өте қызықтырды...
  • Мен бірінші рет назар аудардым...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу