Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары, 10 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4

Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

 Сабақ мақсаттары

  • Шығармашылық жұмыс барысында техникалар, көркемдік материалдарды қолдану, практикалық тапсырманы аяқтау.

 Бағалау критерийлері

  • Табиғи материал туралы білім мен түсінігін көрсетеді;
  • Табиғи материалдардан жасалатын шығармашылық жұмысын аяқтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

  • Табиғи материалдар, талдың қабығы,бұтақ, тал түбірі, құм ,жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

  • ............. бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
  • Мен бұл.........таңдау себебім, ...
  • Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.
  • Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.
  • Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.
  • Бұйым мынадай ............. тұрады

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Дүниетану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушыларды таныстыру.

РР 1-3

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

(С) Сұрақтарға жауап бер:

  • Практикалық тапсырманың алдында жұмыс орнын қалай ұйымдастыру қажет?
  • Құрал-саймандар және материалдар жұмыс үстелінде қалай орналасады?
  • Жұмыс істеу барысында қандай қауіпсіздік техникасын сақтау қажет?

(С) Сұрақтарға жауап бер:

  • Жұмысты аяқтау үшін не істеу қалды?
  • Жұмысыңды көрмеге қалай дайындар едің?

Практикалық тапсырма

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жасауға кіріседі.

Шығармашылық жұмысты орындамас бұрын қауіпсіздік техникасы туралы тағы еске салыңыз.

Жұмыс орнын ұйымдастыру, ыстық клеймен жұмыс істеу, қайшы, канцеляр пышағымен жұмыс істеу бойынша қауіпсіздік техникасы туралы ережелерді бір қайталап айтып шығыңыз.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар:

Презентацияда.

Үлестірмелі материалдарда тастан бұйым жасаудың үлгісі көрсетілген.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырмасын тапсырманы орындауға арналған бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу ұсынылады. Бұл бағалау бірін-бірі немесе өзін-өзі бағалау ретінде де өтуі мүмкін.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Келесі сабаққа қандай құрал-жабдықтар мен материалдар алып келу қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ барысында оқушылардың үйренгенін бағалау үшін сұрақтарды пайдалануға болады. Мысалы,

  • сабақтың бағалау критерийлері қандай?

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу