Жұмыстардың көрмесі. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (ұлдар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Күні:

Сынып: 5

Сабақ: 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұмыстардың көрмесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1

Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру.

Сабақ мақсаттары

  • оқушылар таныстыру жұмысын біледі;
  • сыныпта жоғары деңгейдегі көрме ұйымдастыруды меңгереді;
  • бұйым жасауда өз алғашқы білімдерін қолданады;
  • әділ бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

  • бұйымның эстетикалық көрінісі, көрмеге қоюға лайықтылығы;
  • көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыру, халық назарын аударта білу;
  • өз бұйымдарына сатылым бағасын белгілей алу.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың халқтарының тұрмыстық ғұрып-салтын, дәстүрін, тарихын айта алады.

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Торсық, ожау, алаша, кілем, көрпе, мүлік, ат әбзелдері. Мен ...таңдау себебі, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

 

Көрме кезінде оқушылардың сыйластық, ұйымдастыра алушылық қабілеттері дамиды. Өзара бағалау кезінде құрмет, сыйластық, ашықтық және академиялық шындық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыс болмайды.

АКТ қолдану дағдылары

Көрме ұйымдастырылғандықтан бұл сабақта АКТ қолданылмайды.

Бастапқы білім

Тоқыма түрлерін, өру жолдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Еске түсіру

5 минут

Көрме

бағалау критерийі

10 минут

Өзара бағалау

«Аукцион» әдісі

10 минут

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

5 минут

Сабақты қорыту

2 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады.

Оқушылардан бөлім бойынша қандай тақырыптар өтіп, қандай сәндік бұйымдарын жасағандары ауызша сұралады.

Еске түсіру және бөлімді қорыту аяқталған соң оқушыларға көрме ұйымдастыру тапсырылады.

Көрмеге қойылатын бағалау критерийі:

  • Бұйымдарды дұрыс орналастыру;
  • Әр бұйымда бирканың болуы;
  • Халықтың назарын аударта алуы.

Оқушылар осы бағалау критерийіне сәйкес жұмыстарды дайындайды және көрмені ұйымдастырады.

Оқушылар бір-бірлерінің шығармашылық жұмыстарын бағалау үшін аукцион ұйымдастырылады.

Бір оқушы аукцион жүргізуші болып белгіленеді. Қалған оқушыларға жарамсыз, жалған ақша таратылады. Аукцион жүргізуші оқушы бұйымға талдау жасай отырып бастапқы бағаны айтады, содан соң алатын адам болса одан әрі тағы да бағаны көтереді. Солай соңғы адамға жұмыс сатылады.

Мұнда оқушылардың бойында академиялық шындық құндылықтары арта түседі.

Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынады. Ол үшін оқушыларға «Аяқталмаған сөйлем» атты кері байланыс парағы беріледі. Оқушылар парақшадағы сөйлемдерді аяқтап толықтырады.

Сабақты қорыта келе бүгінгі көрменің қандай деңгейде ұйымдастырылып, өткізгендігі және бұйымдардың барлығы сатылғандығы немесе сатылмай қалғандығы айтылады.

Оқушыларға келесі бөлімде өтетін тақырыпты ескертіп, қажетті материалдарды жинақтау тапсырылады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыдан күтілетін нәтиже – тапсырманы уақытылы орындау, бағалау критерийіне сәйкес болу, шығармашылық жұмысты сауатты орындау.

Бұл сабақта оқушылар көрме ұйымдастырылғандықтан дифференциациялық тапсырмалар берілмеді.

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

Өзара бағалау түрі

«Аукцион» әдісі

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- кескіш, қию заттарын ұқыпты пайдалану т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу