Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№7 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше).

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

- өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

- әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

 Бағалау критерийлері

- бұйымды сәндеу кезінде әртүрлі ұлттық ою-өрнектер мен мотивтерді шығармашылықпен қолданады;

- өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныс айтады;

- әртүрлі құралдар мен материалдарды қолдану кезінде жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес арнайы терминологияны қолдана алады.

Оқушылар алған мәліметті талдап, қажетті қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- ұлттық киім, пішім, этностиль;

- біріктіру және шет тігістері;

- түрлі халықтың ұлттық костюмінің ерекшеліктері туралы пәндік терминологияны қолдана отырып …

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Сәндік-қолданбалы өнерде суреттеу құралдарына … жатады.

Қазақ ұлттық костюмі түрлерінің өзгелерден айырмашылығы …

Оның ерекшелігін … анықтауға болады.

Құндылықтарды дарыту

  • Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Жаhандану азаматтығы: өзге елдің мәдениетін сыйлау;
  • Материалға ұқыпты қарау;
  • Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
  • Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;
  • Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
  • Топта адал еңбекке тәрбиелеу..

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан тарихы

Бастапқы білім

Бұл екінші тоқсанның жетінші сабағы, оқушылардың әртүрлі құралдар, материалдар және тігін жабдықтарымен тәжірибелік жұмыс істеу дағдысы бар, жобалық бұйым жасауды бітіруге жақын, сәндеу және әрлеу кезеңі қалды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 мин.

1 мин.

1 мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Кім жылдамойыны (1-қосымша)

Оқушылар алдыңғы сабақтағы топ құрамымен жұмыс жасайды. Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеуге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін мүмкіндігінше көбірек жазуы қажет, мысалы, сәндеу материалдары, жасау техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба, бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болып саналады. Бұл ойынның парақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастыруға болады, қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алады.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады, сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады.

Бор, сынып тақтасы.

Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар.

Қазақтың ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің әртүрлі сәндеп бейнеленген фотосуреттері.

Сабақтың ортасы

5 мин.

1-2 мин.

5 мин.

20 мин.

2-3 мин.

  • Бірлескен әңгіме

Оқушылар сұрақтарды топта талқылауы қажет:

  • Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?
  • Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?
  • Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?
  • Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.

Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.

  • Мұғалімнің түсіндіруі

Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.

- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд).

Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:

  • Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.
  • Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.
  • Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.

  • Топтық талқылау. ҚБ арналған тапсырма.

  • Топта өз шығармашылық жұмыстарыңды қарастырыңдар.
  • Альбом немесе жеке А4 форматты парақтың жоғарғы жағына өз жұмысыңды өңдеу және сәндеуге арналған шығармашылық идеяларыңды жазыңдар, топта талқылаңдар.
  • Ең жақсы идеяны таңдаңдар.
  • Өз таңдауыңды дәлелдей отырып, жобалық бұйымды сәндеуге арналған материалдар мен техникалардың әртүрлі нұсқаларын ұсыныңдар.
  • Өз идеяларыңды өзге топқа көрсетіңдер.
  • Тәжірибелік жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Топтар барлық сабақ бойындағыдай құрамда жұмыс жасайды.

1 . кезең.

Бұйымды сәндеуге арналған эскиз жасау.

2. кезең.

Бұйым жасауға қажетті материалдар, құралдар, жасау техникасын таңдау.

3. кезең.

Қолмен және машинамен әртүрлі әрлеу тігістерін жүргізе отырып, бұйымды өңдеу және сәндеу жұмыстарын орындау.

  • Жұмыс сапасын бағалау
  • Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімнің жетілдірілетін жері.

Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)

Бағалау критерийлері

1 ден 5 –ке дейінгі балл

Бұйым әдемі жасалған, барлық элементтері ұқыпты

көрінеді

Бұйымды сәндеуге қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен

мотивтері қолданылған

Жұмыс безендірілген, көрмеге дайын

Өз бұйымын жүзеге асыру үшін креативті идея

қолданылған

Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы сақталған

Барлығы:

Сыныптастарының түсіндірмесі

(жетілдіру бойынша ұсыныс)

Бұйымды сәндеудің әртүрлі нұсқалары, фотосуреттер.

Бисер, жіптер – люрекс, кестелеуге арналған жіптер, ине, қайшы және т.б.

Бағалау парақтары

Сабақтың соңы

1 мин.

Оқушылар өтілген сабақты бет мимикасы арқылы бағалайды: неғұрлым көбірек күлімсіреу, қызықты болғаны.

Саралаукөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауда оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарды таңдауда оқушыларға жеке қолдау көрсету

Сұрақ қою тәсілі. Өзара бағалау

Физминутка және іс-әрекеттің белсенді түрі қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз..

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу