Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше).

Оқу мақсаттары:

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады. Өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды, әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

  • Ұйымдастыру кезеңі

Бұл екінші тоқсанның жетінші сабағы. Мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне бейімдеуі және оқу үдерісіне ынталандыру үшін жағдай жасайды. Бұл үшін «Кім жылдам?» ойынын қолдануға болады. Ойын кезінде қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалатын музыкалық сүйемелдеу қосуға болады. Бұл барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі.

«Кім жылдамойыны (1-қосымша)

Мұғалім оқушыларға қажетті жазба жазу үшін (1-қосымша) қағаз парақтарын дайындайды. Оқушылар алдыңғы сабақтағы топ құрамымен жұмыс жасайды. Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеу бойынша ойланып, қажетті сөздер мен сөз тіркестері тізімін жасайды. Мысалы, сәндеу материалдары, техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба, бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болады. Бұл ойынның парақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастыруға болады. Қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алуына болады.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау кезінде оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады. Сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады. Қажеттілігіне қарай мұғалім оқушыларға сөйлемді құрастыруға көмек жасауына болады.

  • Бірлескен әңгіме

Бұл тапсырма берілген сұрақтарды топпен бірге қарастыруға бағытталған:

  • Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?
  • Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?
  • Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?
  • Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.

Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады. Мұғалім қажетті ақпараттарды альбом немесе жұмыс дәптеріне жазуды тапсырады.

  • Мұғалімнің түсіндіруі

Мұғалім оқушыларға өз жобалық бұйымдарын сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтері шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажеттігі туралы ақпаратпен таныстырады. Оқушылар бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлерімен танысады:

  • Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.
  • Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.
  • Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады. Оқушылардың бұл ақпараттарды білуі өте маңызды, бірақ олардың өз бұйымын сәндеу үшін бұйымды өңдеу және сәндеудің тек ұсынылған нұсқаларын ғана таңдауы міндетті емес.
  • Топтық талқылау. ҚБ арналған тапсырма

Бұл тапсырма оқушыларға өз топтарында шығармашылық жұмыстарын қарастыруды ұсынады. Альбом немесе жеке А4 форматты парақтың жоғарғы жағына топта талқылай отырып, өз жұмысын өңдеу және сәндеу үшін туындаған шығармашылық идеяларын жазады. Оқушылар ең жақсы идеяны таңдайды және өз таңдауын дәлелдей отырып, жобалық бұйымды сәндеуге арналған материалдар мен техникалардың әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Оқушылар өз идеяларын өзге топқа көрсетеді. Белсенділіктің бұл түрі оқушыларға бір-бірімен өз ойларын бөлісе отырып, шығармашылық идеяны жүзеге асырудың ең жақсы нұсқаларын қарастыруға көмектеседі.

  • Тәжірибелік жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Оқушылар барлық сабақ барысындағыдай, топта сол құраммен жұмыс жасайды. Бірінші бөлімде оқушылар жобалық бұйымды сәндеуге арналған эскиз жасайды. Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша мектеп архивіндегі өзге оқушылардың жұмысын көрсетуіне болады. Екінші бөлім жобалық бұйым жасауға қажетті материалдар, құралдар, жасау техникасын таңдауға арналған. Үшінші бөлімде оқушылар әртүрлі қолмен және машинамен әрлеу тігістерін жүргізе отырып, бұйымды өңдеу мен сәндеу жұмыстарын орындайды. Тәжірибелік жұмыстың алдында оқушылар әртүрлі құрал-жабдықтармен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

  • Жұмыс сапасын бағалау
  • Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімді жақсарту орны.

Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)

Бағалау критерийлері

1 ден 5 –ке дейінгі балл

Бұйым әдемі жасалған, барлық элементтері ұқыпты көрінеді

Бұйымды сәндеуге қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен мотивтері қолданылған

Жұмыс безендірілген, көрмеге дайын

Өз бұйымын жүзеге асыру үшін креативті идея қолданылған

Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы сақталған

Барлығы:

Сыныптастарының түсіндірмесі

(жетілдіру бойынша ұсыныс)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу