Шығармашылық жұмысты орындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, презентация.


1- бөлім. Сәндік қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы:

Шығармашылық жұмысты орындау

Қазақ халқының және басқа елдердің суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылық таныту

Дайындалған нобай мен технологиялық құжатына сәйкес тәжірбиелік жұмысты орындау

Жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу

Сабақ мақсаттары:

Дескрипторлар

жұмыс орнын дайындайды

жүнді нобайға сәйкес таңдайды

тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді қолданады

тәжірибелік жұмысты орындау барысында кезенкезенмен тәжірибелік бөлімнен өту.

Айя Бапани

Айя Бапани есімін естігенде, сіз бірден ұлттық бағыт пен жүннен жасалған жұмыстарды елестетеміз. Бұл екі бастама дизайнердің визит карточкасы болды және ол өзінін қолтаңбасын өзгертпей келеді. Ою-өрнекпен өте әсем көмкерілген қатаң стильдегі көйлектер, пальто-сюртук, комбинезондар т.б.

Жануарлар түрінде жүннен жасалған шарфтар

Апалы-сінілі Селина мен Майя Дедовский. өзінің жеке сәндік Celapuu белгісімен белгілі. Штаб-пәтері Польшада, Краков қаласында орналасқан.

Олардың шарфтары түрлі жануарларға ұқсайды: түлкілер, аққулар, иттер мен мысықтар. Олардың барлығы жергілікті өндіріс материалдарын қолдана отырып жасалған.

Құрғақ жүн илеу

Құрғақ илеуге арналған материалдар

Илеуге арналған арнайы инеұсақ кесінділері бар L әрпіне ұқсайтын ине. Оның көмегімен жүн талшықтарын оңай біріктіріледі, құрғақ илеу тәсілі арқылы көлемді мүсінді жасауға болады яғни пластилиннін орнына жұмсақ жүннен жасалған бұйым

Құрғақ жүн илеу тәсіліжүнді ине арқылы илеу

Жүнді негізгіден бөліп алып, оны алақанға салып илеңіз. Содан кейін қатты цилиндрге айналдырыңыз.

Жүнді илелеу процесіне көшеміз. Инені терең қадап, ең алдымен оның ішіндегі дайындаманы тығыздаңыз. Біртіндеп оны біркелкі айналдырыңыз. Ол доп тәріздес шоғырланып, беті тегістелетін болады.

Дымқыл илеу тәсілі

қажетті материалдар:

түтілмеген жүн,

көпіршікті жабын,

бамбук майлығы,

сабын,

жылы су.

1 кезең

Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.

2 кезең

Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады.

3 кезең

Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын ерітіндісін қолданамыз. Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз.

Қолдың нәзік дөңгелекті қимылымен біз жүнді барлық бағыттар бойынша жайамыз. Біртіндеп қолдың қысымын күшейтеміз, бұл жүннің тұтас бірігуіне әкеледі.

4 кезең

Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз.

5 кезең

Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз.

Ши техникасында жұмыс істеу кезеңдері

Нобай бойынша жұмыс істеу үшін сізге, ши таяқшалары, түрлі түсті жүн қажет болады.

- нобайды таңдап, әрбір щиге инемен басып шығару арқылы үлгінің элементтерін белгілеңіз,

- түтілмеген боялған жүнді немесе жүннен жасалған жіптерді таяқшаларға ұқыпты ораңыз.

Жіп пен жүнді шиге мұқият жабыстыру үшін, алдымен оларды желіммен немесе тұрмыстық сабынмен майлаңыз.

Содан кейін әр таяқша түрлі түсті жүнмен оралып, бір-бірімен жанасады және екіншісіне біріктіріледі. Ши босап және шатысып кетпеу үшін, шиді (таяқшаларды) салмақ түсіретін затқа бекітіп, станок жақтауына ілінеді. Жіптердің ұзындығы ши ұзындығынан 4 есе артық болуы керек. Жіптер жақтауға бір-бірінен 20-25 см қашықтықта орналасуы қажет. Кейін жүнмен оралған ши (таяқшалар) жақтауға жіптермен ілінеді, жүптің ұштары қарсы жағына айналдырылады. Осындай әдіс арқылы ою-өрнекті тұтас сурет шыққанға дейін жалғасады

Дымқыл илеу тәсіліне арналған веб-сайттар

https://www.youtube.com/watch?v=2tNhAhdp7Zo

https://modnoerukodelie.ru/school/articles/valaynie/31815/

https://4tololo.ru/content/13268

http://sovets.net/4191-poshagovoe-valyanie-iz-shersti-dlya-nachinayushchikh.html

Ши тоқу тәсіліне арнаалған веб-сайттар

http://www.madeleine.de/sale/

/kaztube.kz/video/153659

https://opify.net/en_US/video/020/ahPT7cStYOY/%25D0%2596%25D3%2599%25D0%25B4%25D1%2596%25D0%25B3%25D0%25B5%25D1%2580_-_%25D0%25A8%25D0%25B8_%25D1%2582%25D0%25BE%25D2%259B%25D1%2583



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу