Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар 3 бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||
Күні: 6 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Жеке бөліктерін өңдеу | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.3.1 Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу. 6.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану. 6.2.6.2 Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру. | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Жапсырмалы қалта – накладные карманы – patch pockets ЫЖӨ – ВТО - wet-heat treatment Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен жапсырмалы қалтаны ... пішінін қолдану арқылы орындадым. Жапсырмалы қалтаны өңдеу ұгін ең алдымен, ... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық жалпыадамзаттық құндылықтарын бұйымды өңдеу барысында сіңіру арқылы жүзеге асады | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия – түзу және қисық сызық бойымен тігіс жүргізу | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар бейнероликтер көреді, талқылайды. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алжапқыштың бөліктерін пішіп, жапсырмалы қалтаны қол тігісімен өңдеп шықты. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 мин | Сабақ басында сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарын талқылау. | ||||||||
Сабақтың ортасы 75 мин
| Алдымен оқушылармен бірге жұмыстың бірнеше кезеңін белгілеп алу:
(М) Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта құрастырып көрсету. (Ө) Тапсырма: алжапқыштың жапсырмалы қалтасын, бүйір қиығын, белдік пен аспабауын өңдеу. Дескрипторлар:
Оқушылар нұсқау карта бойынша бүйір қиықтарын, жапсырма қалтаны өз бетімен өңдейді. Оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізу. Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару керек. Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру. Техника қауіпсіздігі ережесі: 1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек. 2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек. 3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар. 4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет. 5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек. 6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды. 7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек. 8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан. 9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек. 10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау. | Презентация Тігін машинасы, электрлі үтік, марля, ине, жіп, қайшы, арнайы киім /фартук, орамал/, матадан пішілген бөлшектер | |||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ауызша | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеледі – машина тігістері, жапсырма қалта пішіні, өңдеу әдістері | Оқушының жапсырма қалтаны өңдеу ұқыптылығы мен өз ойын жеткізе алуы арқылы бағалау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру