Жұмыстардың көрмесі. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


 Көркем еңбек пәнінің қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1

Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.).

Сабақ мақсаттары

  • Өз шығармашылық жұмыстарының таныстырылымын ұйымдастыру.

Жетістік критерийлері

  • Шығармашылық жұмыстарды рәсімдей алады;
  • Өз жұмыстарына аннотация жаза алады;
  • Көрме ұйымдастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Панно (фр. panneauлат. рannus – мата кесіндісі). Панно

  • 1) мүсіндік бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі;
  • 2) қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішкі төбесін әсемдеу мақсатымен салынған кескіндемелік туынды.

Ол пайдаланған материалына (ағаш, металл, қыш, тас, әйнек, мата, т.б.) қарай әшекейленеді. 

Көрме - Выставка - The exhibition

Аннотация – annotation

Жұмыстарды рәсімдеу - оформление работ - design work

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Біздің көрменің атауы ...
  • Біз көрмені ... материалдарымен безендірдік.
  • Мына жұмыстар ... техникаларында орындалған.
  • Көрме ұйымдастыру барысында ... қиыншылықтар туындады. Алайда, біз олардың .... шешімін таба білдік.

Құндылықтарды дарыту

  • Еңбек және шығармашылық, құрметтеу
  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Математика /жұмыстарды рәсімдеу үшін/,
  • орыс тілі, қазақ тілі /өз ойларын жеткізу, тілдік дағдыларын дамыту үшін/

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Оқушылар СҚӨ бұйымдары туралы білімдері бар. Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-75 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

  (Ұ) Мұғалім оқушыларға шығармашылық көрменің ұйымдастыру кезеңдері мен мақсатын таныстырады. Сонымен қатар, көрме оқушылардың өз шығармашылығында идеяларының берілу жолдарын көрсетеді.

Оқушыларға «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» 2А –бөлімінде орындалған жұмыстарымен өз бетінше көрме ұйымдастыруды ұсыну. Көрме мақсаты:

- Сәндік-қолданбалы шығармашылық бөлімін қарастыру бойынша алған білімдері мен шығармашылық жұмыстарының нәтижелерімен сынып, мектеп аудиториясымен бөлісу;

- өзінің және өзге оқушылардың жұмыс жасау тәсілдері мен әдістерін саралау, талдау, пікір алмасу.

(Қ, Ө,Ұ) Практикалық тапсырма.

  • Өз шығармашылық жұмыстарын көрмеге арнайы дайындау.
  • Өз жұмыстарына аннотация жазу және көрменің атауын қарастырып, маңдайша жазуын безендіру.
  • Жұмыстарының орналасу орындарын қарастыру барысында бір-бірінің жұмыстарын жауып қалмауын ескеру.
  • Барлық жұмыстардың атауы болуы тиіс (атауы, жұмыс авторы, жасы, сыныбы). Жұмыс атаулары бірдей шрифтпен, бір түсті және форматы болуы керек.

 Көрмені ұйымдастыру бойынша нұсқаулық

  •  Балалар көрмені ұйымдастыру алдында, көрменің атауын қарастыру. Атау көрменің мазмұнына сай және маңдайша жазуы сәнді безендірілуі керек, сонымен қатар, мағдайша жазуы көрменің назарын өзіне аудармауы тиіс.
  •  Жұмыстарының орналасу орындарын қарастыру барысында бір-бірінің жұмыстарын жауып қалмауын ескереді. Көрменің ашылу мерзімін жариялау қажет.
  •  Барлық жұмыстардың атауы болуы тиіс (атауы, жұмыс авторы, жасы, сыныбы). Жұмыс атаулары бірдей шрифтпен, түспен және форматта болуы керек.
  •  Ұжымдық көрмені ұйымдастыру барысында безендіру бір стильде болуы тиіс.
  •  Көрермендер көрмемен жақсы танысуы үшін, туындыларды, әсіресе қолөнер туындыларын пішініне, көлеміне байланысты орналастыру қажет.
  •  Сатылы түрде орналастырылған бір экспонаттан екіншіге бірқалыпты көрсетілім береді.

Оқушылармен көрме ұйымдастырудың осы тұстарын талқылау.

Сыныпта/метепте/ көрме ұйымдастыру.

http://ped-kopilka.ru/blogs/tamara-mihailovna-kirichenko/-osene-asorti-vystavka-dekorativno-prikladnogo-i-izobrazitelnogo-tvorchestva.html

Оформление "Осеннее ассорти" атты сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу шығармашылығының көрмесі

http://www.kakprosto.ru/kak-49296-kak-oformit-detskuyu-vystavku

http://www.kakprosto.ru/kak-49296-kak-oformit-detskuyu-vystavku#ixzz44GFsqH00

http://www.kakprosto.ru/kak-49296-kak-oformit-detskuyu-vystavku#ixzz44GFZf9er - Балалар көрмесін қалай ұйымдастырады?

Презентация «Көрме»

Сабақтың соңы

76-80 мин

- көрме шолу;

- орындалған жұмыстарды бағалау;

- оқушылардың жұмыстарына талдау жасау.

Жұмыс орнын тазалау.

Таныстырылым, көрме.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Сұрақ-жауап алу, көрме ұйымдастыру нәтижесі арқылы.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.

Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу