Матамен жұмыс жасауға арналған кезең! Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 Бөлім:Уақыт

Мектеп:

Күні:

Мұғалім АЖТ:.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Матамен жұмыс жасауға арналған кезең!

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме))

3.1.4.1 жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс барысын жоспарлау

3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

 Сабақ мақсаты

  • Адамға мата не үшін керектігін түсіну:
  • Батик жасау түрлерін қарастыру:
  • Батик технологиясын сараптау, материалдармен эксперимент жасау.

Бағалау критерийі

  • Батикпен жұмыс жасау барысын сараптайды, жұмыс барысы мен қажетті материалдарды анықтайды:
  • Резервтік сияны бояу ретінде пайдаланып тәжірибе жасау.

 Тілдік мақсаты

Лексика және терминология,пән үшін спецификалы: өнімдерді, суық және ыстық батик, эксперимент, резерв, резервке шыны түтікті, акрил түстерді, палитрасын, жібек мата, мақта мата, щетка қабылдау баламалы әдісі.

Диалог пен хаттар үшін пайдалы тркестер:

мата адамға қажет…,

ыстық батиктің, салқын батиктен айырмашылығы…,

резервпен мұқият жұмыс жасау қажет, әсіресе…,

 

 Құңдылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Құрмет көрсету, қарымқатынас жасау.

 АКТ дағдыларын пайдалану

Визуалды дағдылар : көзөлшеу,түстердің үйлесімін көру, формалардың үйлесімді кескіні

 Бастапқы білім

Бастауыш мектептегі матамен жұмыстарды еске түсіреміз: киізбен матаға басып шығаруда, қарапайым тігін әдістер мен жұмыс дағдылары.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ барысы

Жоспарланған сабақтағы іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Бір бірімен амандасу

Мата түрлерін талдау

Оқушыларға мата түрлерін көрсету (текстурасы әртүрлі мата қималары), мата қималарын оқушылар қарастырып, матаның адам өмірінде қажет екендігін түсіну.

Сұрақ:

- Балалар алдарыңызда не көріп тұрсыздар?

-Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?

-Адам түрлі маталарды не үшін қолданады?

-Балалар бір- біріне қараңыздар, сіздердің үстеріңізде матадан жасалған киім бар ма?

-Адам күнделікті өмірінде матасыз өмір сүре алады ма? Неліктен?

-Бастауыш сыныпта мата көмегімен не жасадыңыздар,еске түсірейік?

Нәтижесінде оқушылар матасыз бүгінгі күні қиын, әрі киім, үлгі, төсек, перделер, жиһаз, ойыншықтар жасай алмайтындығын түсінеді.

3.Сабақ мақсатын айту:

  • Адамға мата не үшін керектігін түсіну:
  • Батик жасау түрлерін қарастыру:
  • Батик технологиясын сараптау, материалдармен эксперимент жасау.

әртүрлі текстуралы мата қимасы

Сабақ ортасы

32 минут

Балалар біз бүгін матада сурет салу техникасын үйренеміз. Бұл әдіс батик деп аталады, оны үйде де жасауға болады, ол матаға сурет салу әдісі болып табылады. Қазір біз сіздермен ыстық және суық батик әдісін қолдануды қарастырамыз.

Суық батик техникасымен танысу

Басты бейнедегі сәттерді қарастыру- суық батик жасау (бейнероликтің көп уақыт алатындығына байланысты, тек қана басты сәттерді, суық батик жасау әдістерін көрсетеміз). Жұмыс барысы:

-матаны жұмысқа дайындау;

-суық батикте резервті пайдалану;

-бояуды матаға түсіру.

Ыстық батик техникасымен танысу

Бейнероликтің негізгі сәттерін қарау- ыстық батик жасау. Жұмыс барысы:

- матаны, басқа материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау;

- резервтің орнына балқытылған балауыз пайдалану;

- бояуды матаға жағу.

Бейнені көріп болғасын, оқушылар салқын және ыстық батик қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығы мен ұқсастықтары жайлы айтады.

Тапсырма 1

Оқыту әдісі- көрнекілік, жұмыс формасы - жұптық , қабылдау–жаңа берілген ақпаратты түсіну.

Алдарыңызда кесте, және әр парақта ыстық және суық батик жасаудың ұқсастығы мен айырмашылығы жазылған. Кестені парақтарды салу арқылы толтыру қажет. Тапсырманы екі- екіден орындаймыз. Суық батик жасау ерекшелігі. Олардың бір бірімен ұқсастығы. Ыстық батик жасау ерекшелігі.

Суық батик жасау ерекшелігі

Олардың бір бірімен ұқсастығы.

Ыстық батик жасау ерекшелігі.

Ыстық, суық батик жасау ерекшеліктері, ұқсастығы:

- ыстық батикте суда банка арқылы балқытылған балқыма қолданылады;

- суық батикте суреттің контурын резервпен өткізеді;

- резерв –түссіз қоспа, парафин мен бензиннен жасалынады, әдетте түтікте немесе құтыға салынады.

- суық және ыстық батик - бұл матада сурет салу;

- балауызды су моншасында ерітеді;

- бояуды қылқаламмен салады;

- суретті салу үшін мақта немесе жібек матаны қолданады;

- ыстық батикте балқыманы алу үшін ескі газет пен үтік қолданылады;

- резервті матаға абайлап салу қажет, суреттің барлық контурынан өтуі қажет, қалып қойған жер болса, бояу ағып кетіп, сурет бүлініп қалуы мүмкін;

- балқыма жағылған жерге бояу жағылмайды.

Дескрипторлар:

- суық батикті дұрыс жасау ерекшелігін толтырады;

- ыстық батикті дұрыс жасау ерекшелігі толтырады;

- олардың арасындағы байланысын, кезектесін толтырады.

Тапсырманы тексеру үшін, АКТ тақтада дұрыс жауаптар тұрады.

Бірін- бірі бағалау. Бір жұп екінші жұпты бағалайды.

Кері байланыс. Бағдаршам. Әр оқушыда бағдаршам түсіне тең үш түсті карточка бар.Мұғалім оқушылардың сабақты түсінуін карточкалар арқылы көрсететінін ұсынады : Жасыл карточка көтергендер (толық түсіндік): –Не түсіндіңіздер?

Сары не қызыл карточка көтерген оқушыларға: –Не түсінбедіңіздер?

Алынған жауаптарға байланысты, мұғалім, бүгінгі сабақты тағы да саралауды қарастырады.

Тапсырма №2

Тәжірибелік жұмыс.

Мүғалім, бұрын жасалып қойылған резервті, суреттерді көрсетеді.. (Алдын ала екі мата зембіл дайындап қойыңыз.Бір зембілде резерв бар сурет, біреуінде резерв жоқ).

Оқушылар кезекпен резерв, бояумен жұмыс жасайды.

Бұл жұмыс оқушылардың матаға сурет салу әдісін жақсы меңгеру үшін жасалынады. Келесі сабақтарда, олар өздігінен салқын батик әдісі арқылы жұмыс жасайды.

Дифференциация. Кейбір оқушыларға көмек ретінде, аз мөлшердегі батик әдісімен жұмыс жасатқызу.

Дескрипторлар:

-матаға резерв салу;

-матаға бояу салу.

Кері байланыс:

-Не үшін резерв қолданасыздар?

-Резервті қолдануда қиындық болды ма?

-Бояуды қалай қолданасыздар?

-Бояуды қолданбай тұрып, не істеулеріңіз қажет?

Мұғалім техника қауіпсіздігі жайлы айтады.

Мұғалім өзі бағалайды.

www.youtube.com/watch?v=ZKA6peT4LwQ

суық батик жасау үлгісі

www.youtube.com/watch?v=K9xKPBA3lFs

ыстық батик жасау үлгісі

Таратылатын материал.

Таратылатын материал.

АҚТ тақтай

2 подрамника с натянутой тканью, резерв, акрил бояулар, палитра, салфеткалар, қылқалам, сауыт, фартук и нарукавники для учащихся.

Сабақ соңы

3 минут

Сабақ соңында мұғалім оқушылармен рефлексия жасайды: «Екі жұлдыз, бір тілек».

Оқушылар жұмыс орнын жинайды.

Саралау – оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сараптау тапсырмалардың іріктелуінде көрсетіледі

  • Әр тапсырма бойынша дескрипторлардың бағалауы
  • Белсенділердің топтағы өзіндік бағалауы;
  • Бірін бірі парақ арқылы бағалау;
  • Ұстаздар қарауы.

Акрил бояуымен резервпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Сабақтағы қауіпсіздік техникасы

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу